«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет43/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105
Байланысты:
treatise8925

11 тақырып. Трасологиялық сараптама

Трасологиялық сараптаманың зерттеу объектісі материалдық дүние заттарының сыртқы құрылысы және олардың із қабылдаушы заттардың бетінде бейнеленіп қалуын айтамыз. Трасологиялық сараптаманың объектілері адам, жануар, бұзу құралдары, көлік құралдары, жаппай өндірістің бұйымдары. Аталған объектілердің қасиеттері, жіктелуі туралы сипаттама криминалистикалық техниканың бөлімі болып табылатын – трассологияда беріледі. Трасологиялық сараптама объектілеріне қатысты келесі түрлерге бөлінеді:



  • адамның қолының, аяқ киімінің, тістерінің трассологиялық сараптамасы;

  • құлыптап жабылатын, қорғағыш механизм мен бұзу құралдарының сот сараптамасы;

  • көлік іздерінің сот сараптамасы (аталған сараптама түрінің мүмкіндіктері 13.3 бөлімінде қарастырылады);

  • жануарлар іздерінің сот сараптамасы;

  • жаппай өндіріс бұйымдарының сот сараптамасы;

  • қылмыскердің, жәбірленушінің киімдеріндегі механикалық іздердің сот сараптамасы;

  • бөлшекті бүтін бойынша анықтаудың сот сараптамасы.

Трасологиялық сараптаманың пәні ретінде іздерді (қол, аяқ, аяқ киім, жануардың іздері, бұзу құралдарының, көлік құралдарының іздері т.б.) зерттеу негізінде анықталатын фактілі деректер болып табылады. Трассологиялық сараптама арқылы анықталатын фактілі деректер көптеген қылмыстарды тергеу кезінде қажетті.
Трасологиялық сараптаманың міндеттері екі топқа бөлінеді: идентификациялық және идентификациялық емес (классификациялық, диагностикалық және ситуациялық).
Диагностикалық міндеттер іздерді табу мен бекітуге және із қалдырған объектімен теңдестіру үшін жарамдылығын анықтауға бағытталған.
Классификациялық міндеттер іздерді табу мен зерттеу кезінде іздің топтық және тектік қатыстылығын анықтауға және оны классификациялық жүйенің ғылымына жатқызуға бағытталған.
Ситуациялық міндеттер із қабылдайтын объектінің шарттарын, механизімін, уақытын анықтау үшін қажет. Олар іздің пайда болу механізмін, басқа объектімен өзара қатынасын, іздердің пайда болу кезектілігін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет