«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет74/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105
Ситуациялық міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • көліктің анықталған бұзулылары жол-көлік оқиғасымен себеті ма ?

  • көлік фарасының шамы оқиға болған кезде жану күйінде болды ма?

  • электр лампасы сынған кезде көліктің қай шамының түрі (алысты, жақынды көрсететін) жанып тұрған ?

ЖКО жағдайларына қатысты өзге де сұрақтар қойылуы мүмкін.


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Объект ретінде сараптамаға жіберіледі:

  • көлік құралы, оның бөлініп кеткен детальдары, бөлшектері мен олардың жарқыншақтар т.с.с.;

  • көлік құралының техникалық жағдайын диагностикалау материалдары;

  • көлік құралдарын, ЖКО қараудың хаттамалары;

  • ЖКО кестелері, фотосуреттері, куәлер, жәбірленуші, сезіктілерден жауап алудың хаттамалары;

  • өзге де тергеу сот әрекеттерінің хаттамалары;

  • басқа мамандық бойынша сараптамалардың қорытындылары.

Басқа сараптамалардың қорытындылары тергеу экспериментінің хаттамасы сияқты алғашқы материалдар ретінде қаралады.
Көлік құралы сарапшыға ЖКО кейін өзгермеген күйінде ұсынылуы керек немесе сол жерде сақталуы қажет. Механизімдерді реттеу, оларға қандай да бір өзгерістер жасауға жол берілмейді. Көлік құралынан бөлініп кеткен детальдар, бөлшектер мен олардың жарқыншақтары т.с.с. сараптамаға жіберу кезінде оларды қауіпсіз тасымалдаудың барлық талаптары орындалуы керек.


15.2. Жол-көлік оқиғасы мән-жайларының сараптамасы
Жол-көлік оқиғасының (бұдан әрі – ЖКО) мән-жайларына қатысты зерттелетін объектілер өз құрамына жолды, қиылысты, жазық өзге де жерлерді қарастырады. Аталған объектілер ЖКО, ондағы қатысушылармен (жүргізуші, жүргінші т.с.с.) міндетті түрде себепті байланыста болуы керек.
Жол-көлік оқиғасы мән-жайларының сараптамасы ЖКО механизіміне қатысты келесі түрлерге бөлінеді, олар:

  • көлік құралдарының (бұдан әрі – КҚ) қақтығысу жағдайын зерттеу;

  • жылжымайтын объектіні басуды зерттеу;

  • жүргіншіні, велосипедшіні қағып кетуді зерттеу;

  • КҚ аударылуын зерттеу;

  • жолаушының КҚ-нан ұшып кетуі және өзге де ЖКО.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет