Материалдарды дайындау және рәсімдеу: Сот-биологиялық сараптамасы тірі табиғаттың кең ауқымды объектілерін зерттейді. Бұл объектілерді сараптамалық зерттеуге дайындау үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Тіршілік ету жағдайындағы және даму кезеңінің немесе қоршаған орта факторларының, температуралық өзгерістердің, инсоляциялардың әсерінен бұзылуы, белгілерінің өзгеруі мүмкін сараптамалық зерттелуге жататын биологиялық объектілер мейлінше қысқа уақытта жеткізілуі тиіс.
Шығу тегі бойынша жануарлардан пайда болған тірі объектілер ауа кіруі қамтамасыз етілген көлемді заттарға кіргізілуі керек. Шығу тегі бойынша жануарлардан пайда болған қатты өлі объектілерін және олардың бөлшектерін сынуға жол бермеу үшін қораптарға салу керек.
Жұмсақ денелі объектілерді қатырушы сұйықтықтарға (формалин, спирт) салу немесе тұзбен сеуіп тастау (терілер, сүйектер, асқазандағы заттар) керек.
Қатты өсімдікті объектілерді (жапырақтарды, сабағын, тамырларын, ағашты, сабанды, құрама жемді) қағаз пакеттерге салады.
Біріңғай мәліметтері бар (мысалға, оқиға орны туралы) ботаникалық объектілердің комплекстерін (биологиялық), бөлудің қажеті жоқ, керісінше сапалық құрамын көрсететін салыстырмалы үлгілерді толық көлемде алу керек.
Суда және ылғалдылығы жоғары жерлерде өмір сүретін өсімдіктер және жануарлар, сараптамаға сол субстратымен – суымен, жерімен, құмымен бірге ұсынылуы тиіс.
өсімдіктермен немесе тасушы-объектілердегі олардың бөлшектерімен салыстыру үшін арналған жердің оқшауланған учаскелерінен алынған өсімдіктерді бүтін күйінде алу және әр түрді бөлек пакетке салу қажет.
Үлкен көлемді биологиялық үлгілерді алу және зерттеуге жолдау кезінде (сабан бумасы, құрама жемнің немесе дәнді дақылдардың қоймаларынан) олар бүкіл массаның құрамын көрсетуі тиіс, яғни үлгілер ауқымды болуы тиіс.
Егер өсімдікті және жануарлар дүниесінің (бір дана жүн, өсімдіктің, балдырлардың, гүл тозаңының дақтары) тасушы-заттарында микро іздердің (микро көлемдердің) бар болуы болжамдалса, оларды іздеу, бекіту және зерттеу жұмыстарын биолог-мамандарына тапсыру қажет. Тасушы-заттардың бетіндегі биологиялық материалдың микрокөлемдері өте нашар ұсталатынына байланысты, микро іздердің болуы қарастырылған жерлерді таза қағазбен немесе пленкамен желімдеп тастау немесе ақ матамен тігіп тастау қажет. Айғақты заттардың бұлайша дайындалуы сарапшының алдына іздің өзі (оның пайда болу механизмі, мерзімі) туралы мәселесі қойылған болса қажет.
Қажет болған жағдайда, сараптамалық зерттеуге келесі заттар жолданылуы тиіс:
оқиға орнынан алынған бақылау үлгілері;
коллекциялық материал (гербарий, ұрықтардың коллекциясы, іскерлік ағаш);
анықтамалық ақпарат көздері – ілеспе ақпараттар, атластар, Мемлекеттік стандарттар, нұсқаулы анықтамалар (рецептурные справочники);
оқиға орнын қарау, айғақты заттарды алу хаттамалары, сараптама пәніне қатысты қылмыстық істің материалдары.
Сараптамаға ұсынылатын материалдардың сипаты істің жағдайына, мән-жайларына және қойылған сұраққа байланысты.