Ситуациялық міндеттер өнімді, жартылай дайындалған өнімді, шикізатты өңдеу, жасау, сақтау технологиясындағы өзгерістерді анықтауға және жазып алуға, зерттеліп жатқан объектілерде нақты қасиеттердің пайда болуына әкеп соққан белгілі факторлардың әсер ету уақытын және механизмін анықтауға, өндіріс технологиясындағы кезеңдердің реттілігін анықтауға бағытталған және т.б.
Диагностикалық және ситуациялық міндеттер, әдеттегідей, КЭМВИ сарапшыларымен, тауартанушылармен, биологтармен бірлесе отырып, инженер-технологты тарту мүмкіндігімен қоса технологтармен орындалатын кешенді сараптама арқылы шешіледі. Бұл міндеттер келесі сұрақтарды тұжырымдау кезінде шешіледі:
осы өнімді жасау технологиясы өндірістің қандай кезеңдерінен тұрады;
технологиялық құжаттарға сәйкестікте өнімнің осы сапасын жасау кезінде өндірістің қанша кезеңдері қарастырылуы тиіс;
өнімнің осы сапасын жасау кезінде қандай технологиялық құрал-жабдықтар қолданылуы тиіс;
осы өнімнің қасиеттерін немесе өнімдегі қоспаларды анықтау үшін қандай өлшеу құралдары қолданылды;
өнімді сақтаудың қандай жағдайлары өнімнің бұзылуына жол бермеуді қамтамасыз ету тиіс;