«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет28/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Сараптаманы өткізудің уақыты.
Аталған элементтің маңызы тек сараптма жүргізудің мерзімін анықтау үшін ғана емес, сол сияқты сараптама қылмыстық іс қозғалғанға дейін ба немесе кейін жүргізілді ма деген сұрақтарды шешу үшін де қажет. Бірінші жағдайда сараптаманы қылмыстық іс қозғағанға дейін тағайындаудың негіздерін анықтау және соған сәйкес қатысушылардың құқықтарын сақтау мәселелеріне бағалау.
Сараптаманы жүргізудің орны.
Заң бойынша сот сараптамасы сараптамалық мекемелерде, сол сияқты сараптама органынан тыс жерлерде жүргізіледі. Аталған жағдай сарапшының қорытындысын бағалағанда ескерілуі керек, өйткені заң бойынша, сараптаманы тағайындау туралы қаулыны ұсынған кезде сарапшының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі түсіндіріледі (Сот сараптама органынан тыс жерде жүргізілсе).
Сарапшы туралы мағлұмат – (аты-жөні, білімі, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы).
Көрсетілген элементтермен танысу сарапшының құзыреттілігі туралы деректерді бағалауға мүмкіндік береді, яғни оның арнайы білімінің бар жоғын анықтауға бағытталған. Аталған сұрақтар сараптаманы тағайындау кезінен басталады, бірақ оны талқылаудан тергеуші мен сотты сарапшының қорытындысын алған соң босатады. Сарапшының кәсіби құзыреттілігін бағалау тек олардың анкеталық деректерін танысумен шектелмейді, сол сияқты сараптамамен анықталған мән-жайларды тереңірек зерттеумен, сарапшының зерттеу кезінде қолданылған әдістерін, алынған нәтижелердің негізділігін де анықтаумен айналысады.
Сараптаманы тағайындау негіздері.
Аталған элемент тергеушімен және сотпен сараптаманы тағайындау үшін негіздерді бағалауды қарастырады, олар шартты түрде заңды және фактілі түрлерге бөлінеді. Сараптаманы тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) сараптама тағайындаудың процессуалды негізі болып табылады. Аталған құжаттың мазмұны қорытындыда өз көрінісін табу керек, атап айтсақ сараптаманы тағайындаған тұлға, сараптамаға қойылған сұрақтар мен материалдар т.с.с.
Сараптама тағайындаудың фактілі негізі сот пен тергеу алдында туындайтын және арнайы білімнің қолдануы мен сарапшыға қойылатын сұрақтар болып табылады.
Сарапшыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы хабарлау, сол сияқты осы мәліметтер туралы хабар алғандығын сарапшы өзінің қолымен куәландырады. Аталған компонент тергеушімен және сотпен тексеріледі, өйткені сарапшы қорытындысының негізгі құрылымына жатады.
Сарапшыға қойылатын сұрақтар.
Аталған компонентпен тергеуші және соттың танысуы арқылы сарапшы қорытындыда барлық сұрақтарды көрсетті ме, ол сұрақтарды дұрыс түсінді ме, оларға жауап берді ме, қорытындыда құқықтық мазмұндағы сұрақтарға сарапшы жауап беруі туралы жағдайлар бар ма деген сұрақтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен жүргізілген талдауында сараптаманың алдына мәселелерді қойған кезде, сұрақтарды қоюдың нысандары дұрыс сақталмағаны туралы мысалдар өте көп6.
Сараптама жүргізілген кезде кім қатысты және ол қандай түсіндірме берді.
Аталған шартты бағалау ең алдымен сараптамаға шақырылған тұлғаның қатысуы, онымен берілетін жауаптардың және оны сарапшының түсіну негізділігін бағалауда жатыр.
Сонымен, тергеуші, сот сарапшы қорытындысының процессуалды-ұйымдастырушылық элементін бағалаудың маңызы өте зор, ол сот-сараптамалық қызметтің заңдылық қағидасын жүзеге асыруды тексеруін қамтиды.
Сарапшының қорытындысын бағалаған кезде, сол сияқты сараптама жүргізу процесінің жан-жақтылығын, толықтылығын және объективтілігін бағалауда орын алады.
Мұндай бағалау сот және тергеушімен сараптамалық зерттеудің фактілі және әдістемелік жағын талдау кезінде орын алады және өз құрамына келесі сұрақтарды енгізеді:

  • сарапшымен қандай сұрақтар шешілді;

  • қылмыстық істің қандай материалдарын сарапшы қолданды;

  • қандай объектілер зерттелген;

  • қандай зерттеулер жүргізілді және қандай білімдердің негізінде;

  • қойылған сұрақтар негізді ме;

  • барлық немесе ішінара сұрақтарға жауап беруден бас тарту негізді ме;

  • қолданылған әдістер негізді ме және олардың сапасы қаншалықты.

Аталған әрбір міндет сараптамалық зерттеудің сатысын көздейді, сондықтан ол сарапшы қорытындысының құрылымында бекітілуі тиіс, ол өз алдына кіріспе, зерттеу және қорытынды бөлімдерінен тұрады.
Мәселен, қорытындының кіріспесінде сот пен тергеушіге сараптамаға жіберілген материалдардың толықтығы мен шынайлығына назар аудару керек. Материалдардың шынайлығы ол материалдардың ақиқаттылығын, объектілердің алынуы мен бекітілуі заң талаптарына сәйкес келуін, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілердің дұрыс алынуын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет