Классификациялық міндеттер қолжазбаны жазған адамның жынысын, жасын, қолжазбаның ортақ белгілерін анықтауға бағытталған. Аталған міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады:
зерттеліп жатқан қолжазба әйел не ер адаммен жазылған ба?
зерттеліп жатқан қолжазбаны жазған адамның жасы ?
қолжазба авторының білім деңгейі қандай ?
қолжазба авторының жазу-қимылының дағдылары ?
қолжазба оң не сол қолымен жазылды ма (қолы) ? т.с.с.
Теңдестіру (идентификациялық) міндеттері– белгілі-бір қолжазбаны орындаған адамның жазбаларының (сандық, әріптік) және оның жеке үзінділерінің жеке теңдестіруінің бар жоғын сол сияқты, жазбаларды олардың жеке үзінділері, қолтаңбаларды бір немесе бірнеше адам жазған жазбағандығын анықтайды.
Теңдестіру (идентификациялық) міндеттерінің шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:
зерттеліп отырған құжат Н., П., немесе басқа тұлғалармен жазылған ба (құжаттың атауы, нақты жазулар, олардың құжатта орналасу реті);
зерттеліп отырған құжатта Н., П., немесе басқа тұлғалармен сандық жазбалар жазылған ба (құжаттың атауы, нақты жазулар, олардың құжатта орналасу реті);
зерттеліп отырған құжатта Н., П., немесе басқа тұлғалармен қолтаңбалар қойылған ба (қай тармақта, графада қолтаңба жазылған);
бір немесе бірнеше тұлғалармен бірнеше құжаттарда немесе бір құжатта мәтіннің бір бөлігі олардың қолжазбалары (қолтаңбалар) орындалған ба (мысалы, кімнің атынан..., №.. бұйрықта көрсетілген т.с.с.).
Материалдарды рәсімдеуге дайындау: Сот-қолжазба сараптамасына жіберілетін материалдар:
зерттелетін объектілер: құжаттар – заттай дәлелдемелер (қолжазбалық мәтіндер, олардың үзінділері, қолтаңбалары, өзгеше жағдайларда жазылған сандық жазбалар, символдар);
салыстырмалы материалдар.
Сараптама тағайындаудың алдында тергеуші, сот құжаттарды нақты қарап шығуы керек. Қараудың нәтижесі зерттеудің нақты объектісін анықтауға (қолтаңба немесе қолжазба), қолжазбадағы (қолтаңба) жазбалардың ерекшеліктерін, белгілердің тұрақты деңгейін, қолжазбаның салыстырмалы үлгілерінің санын және сарапшы алдына қойылатын сұрақтардың дұрыстығын белгілеуге мүмкіндік береді. Жеке жағдайларда сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сараптаманың пәніне қатысты мән-жайлар болуы қажет (құжатты, үлгіні орындаған жағдай, құжатты орындаған адамның құжатты орындаған кездегі денсаулығы) т.с.с.
Сот-қолжазба сараптамасын тағайындағанда сот, тергеуші зерттеуге жататын тікелей объектіні көрсетуі керек: толық мәтін немесе олардың үзінділері, сандық жазбалар, қолтаңбалар, символдар. Егер, сараптама реквизиттері жоқ қолжазбаларға қатысты тағайындалса, оның басты және қорытынды сөздері және олардың мөлшері жазылады (беттің саны т.с.с.). Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыдағы қолжазбаның үзіндісін зерттеу кезінде оның мәтіндегі сөздік мазмұны мен орналасу орны көрсетіледі. Егер сараптамаға қаулыдағы (ұйғарым) қолтаңбаны зерттеу жатса, онда кімнің атынан құжат орындалғандығы, оның құжатта орналасу жері (жолы, графасы) көрсетіледі.
Егер, зерттеу объектісі қолтаңба болып табылса және бұл құжатты орындаған тұлғаны анықтау қажет болса, онда сарапшыға сұрақ қояр алдында онда аталған қолтаңба кімнің атынан жасалған, оның аты-жөні т.с.с. көрсетілуі керек.
Тергеуші, сот сараптаманы тағайындаған соң сарапшыға зерттелуге жататын объектіні (мәтін, қолжазба мен қолтаңбаның үзінділері) ұсынуы керек. Сараптамаға зерттелуге жататын құжаттардың түпнұсқасы берілуі керек. Аталған талаптар көшірмелер арқылы қолжазбалардың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер еткендігін анықтау үшін керек (кейбір кезде анықтау мүмкін емес).
Сот-қолжазба сараптамасына зерттелуге жататын материалдардан басқа салыстырмалы материалдар да ұсынылады. Сот-қолжазба сараптамасының міндеттерін шешу үшін салыстырмалық үлгінің үш түрі ұсынылады: еркін, эксперименталды және шартты-ерікті үлгілер. Қолжазбаның ерікті үлгілері – субъектінің іске қатысты емес қолжазбаларын айтамыз. Ерікті үлгілерде субъектінің жазба-қозғалу дағдыларының қалыптасуына қатысты қолжазбаны әдейі өзгерту фактісі орын алуы мүмкін емес. Ерікті үлгілерге қызметтік жазбалар, өмірбаяны, арыз, жеке хаттар, дәріс т.с.с. жазбалар жатады.
Ерікті үлгілерге қойылатын талаптарға қолжазба сарптама жүргізіліп жатқан адамға қатысты болуы керек. Ол үшін сот немесе тергеуші жиналған құжаттарды оларды орындаған адамдарға ұсынудан бастайды. Нәтижелерін екі куәнің қатысуымен хаттамада тіркейді (ҚР ҚІЖК 223 б). Әрбір үлгі сол үлгіні орындаған адамның қолымен куәландырылады, мысалы: «Мәтін менімен орындалды. Қолтаңбасы...»
Егер қандай да бір мән-жайларға қатысты ерікті үлгі ретіндегі қолжазбаны (қолтаңба) орындаған субъектіге ұсыну мүмкін болмаса, олар сол субъект қызмет жасайтын немесе оның әріптестеріне, туыс-тумаларына ұсынылады және олардың аталған қолжазбамен танысқандығы туралы сараптаманы тағайындау туралы қаулыда бекітіледі.
Қолжазбаның үлгісі шынайлығы жағынан күдік тудыратын болса, оны сараптамаға ұсынудың қажеттілігі жоқ.
Сараптамаға ерікті салыстырмалы үлгілерді ұсыну үшін, оның зерттеліп отырған құжатпен сәйкес болуы ұсыныс ретінде қарастырылады. Тергеушілер, соттар және сарапшылар үшін сәйкес болу шеңбері Әдістемеде көрсетілген7, атап айтсақ: