14.2. Талшықтық объектілердің сот сараптамасы Талшықтық объектілердің объектілері: бірлік талшықтар, талшықтардың жиынтығы, талшық көлемі, жіптің бірлік кесілімі (иірілген жіптер), жіптердің жиынтығы (иірілген жіптер), жіптер көлемі (иірілген жіптер), нақты киім заты, нақты киім жинағы, киім затының бөлшектері.
Талшықтық объектілер сот сараптамасының пәні заттай дәлелдемелерді сараптамалық зерттеу арқылы анықтайтын қылмыстық істің мән-жайлары, фактілі деректері құрайды. Аталған заттарға сәйкес сот сараптамасы кісі өлтіру, денеге зақым келтіру, зорлау, жол-көлік оқиғасына және өзге де фактілер бойынша тағайындалады.
Талшықтық объектілер сот сараптамасының міндеттері идентификациялық және идентификациялық емес (ситуациялық, классификациялық, диагностикалық) болып екі топқа бөлінеді.
Сот сараптамасының міндеттері келесі мән-жайларды анықтайды, олар:
талшық бөлшектерінің объект-тасушыда орналасу орны (локализация) және олардың тергеліп отырған жағдайға қатыстылығы;
талшық бөлшектерінің (текстильді талшық, жіптер, маталар, трикотаж және өзге де талшық объектілері) нақты топтық, тектік және жеке қатыстылығы;
талшық объектілердің және киімдегі кірленген іздері (микроіздер) бойынша киім жинағының өзара үйкелу (контакт) фактісін анықтау;
киім жинағының қылмыс қаруымен (пышақ т.с.с.) немесе көлік құралымен өзара үйкелу (контакт) фактісін анықтау (текстильді талшық микроіздерінің басқа микроіздермен үйкелуіне қатысты), мысалы, боялған металл бұйымдарының бөлшектері;
киім затының алғашқы күйі, өзге де субъектілердің жанып кеткен қалдықтар бойынша талшық объектілерінің алғашқы күйін анықтау;
бүтінді (нақты матаның бөлігі, киім заты) бөлшек (матаның бөлшегі, жібі бар түйме) бойынша анықтау, жеке заттар бойынша киімнің жинағын (белбеудің күртешесін белгілеу т.с.с.) анықтау;
материалдардың жиынтығы бойынша (талшық, бояғыштар) киімнің затын теңдестіру.
Аталған жағдайлардан басқа да міндеттер сараптаманың алдына қойылады: нақты және жалпы шығу тегі, дайындалу әдісі, текстиль материалдарына (киімдер) келтірілген зақымдардың себебі мен жағдайлары.
Осыған қатысты классификациялық міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар сот сараптамасының алдына қойылады, олар:
талшықтар сезіктінің немесе жәбірленушінің киімдерімен топтық қатыстылығы бар ма (заттар көрсетіледі) ?
бөтен бөлшектердің (объект-тасушысы көрсетіледі) қабаттары бар ма ? болса олардың орналасқан жері (локализациясы);
табылған талшықтардың бөлшектері матаның, трикотаждың қай түріне жатады ?
күлде (алынған орны көрсетіледі) жанып кеткен матаның (киім заттарының детальдары, өзге де талшық объектілері бар заттар) қалдықтары бар ма ?, болса олардың табиғаты мен қолдану мақсаты.