15 тақырып. Жол-көлік оқиғаларының және көлік құралдарының сот сараптамасы Аталған сараптаманың объектілері күрделі және көп кешенді, сондықтан өз құрамына көлік құралдарын, жүргізушіні, жолаушыларды, жол-көлік оқиғасы және қозғалыс болған қоршаған ортаны қамтиды. Соңғысының өзі бірнеше бөліктерден тұрады, олар: жол беті, жол қабатының орналасуы, жаяу жүргінші.
Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) мен көлік құралдары сот сараптамасының пәні арнайы білімдерді қолданудың нәтижесінен ЖКО, оның менханизіміне, көлік құралының техникалық жағдайына, жолдың жағдайына т.с.с. жағдайларға қатысты анықталатын фактілі деректер.
Сараптама көбінесе азаматтық істерді қарау барысында жол-көлік құқық бұзушылығына қатысты тағайындалады. Сол сияқты қылмыстық істер бойынша кісі өлтіру, ұрлық жасау, тонау т.с.с. фактілер орын алған кезде тағайындалады.
Жол-көлік оқиғасының сот сараптамасы инженерлі-көліктік сараптаманың класына жатады. Олар өз алдына топтарға бөлінеді. Олар өзінің пәндеріне қатысты ерекшеленеді және әр бір түрінің өз зерттеу әдіснамалары бар. Олар:
көлік құралдарының техникалық күйін (жағдайын) анықтау (автотехникалық диагностика);
15.1. Көлік құралдарының техникалық күйінің сот сараптамасы Көлік құралдарына жатады: механикалық және тоқпен жүретін көліктер. Оларға: жеңіл көліктер, мотоцикл, моторолер, мопед, мотоколяска, троллейбус, трамвай, трактор өзге де қозғалатын механизімдер (өзен, мұхитта жүзетін көліктер, теміржол көліктерінен басқа).
Зерттеудің объектілері зауытта дайындалған механикалық көлік құралдарымен қатар қолдан жасалған көлік құралдары да т.с.с. жатады (жалпы түріне, құрылымына байланысты емес).
Көлік құралдарының техникалық күйін анықтауға қатысты сараптаманың міндеттері диагностикалық және ситуациялық мазмұндағы мән-жайларды анықтайды, олар:
көлік құралдарының техникалық күйін анықтайды (механизм, бөлшектерін) және оның техникалық нормалар мен қауіпсіз қозғалыстың, оның қолданылуының нормаларына сай келуін анықтайды;
көлік құралы сыңуының себебін анықтайды (механизм, бөлшектерін);