«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Тақырып 17. Сот экономикалық сараптама



бет85/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Тақырып 17. Сот экономикалық сараптама
Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің 2002 жылғы 24 қазандағы № 158 бұйрығымен бектілген ҚР Әділет Министрлігінің Сот сараптама орталығында Сот сараптамасын және арнайы зерттеулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулығына сәйкес, сот-экономикалық сараптамалар келесі түрлерге жіктеледі:

  • сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеулер;

  • сот-сараптамалық шаруашылық операцияларды зерттеу;

  • сот-сараптамалық қаржы-несиелі зерттеулер;

  • сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеулер;

  • сот-сараптамалық экономика-құқықтық зерттеулер.

Барлық жоғарыда көрсетілген сараптамалардың түрлері қаржы-шаруашылық операцияның көпжақты объектілерін біріктіреді. Олар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлермен жүзеге асырылады, бірақ әр бір сараптама өзінің пәніне, міндеттері мен зерттеу объектілеріне ие. Бұл – шаруашылық қызметтің (бухгалтерлік есеп) немесе шаруашылық қызметтің несиені немесе бюджеттік құралдарды қолданудағы бекітетін формальды жағы.


17.1. Сот-бухгалтерлік сараптама
Зерттеу объектісі бухгалтерлік есеп шеңберіндегі субъектілердің шаруашылық қызметі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп туралы» ҚР Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, шаруашылық субъектілердің барлық қаржы-шаруашылық қызметі жазбаша немесе электронды түрде көрсетілуі қажет. Зерттеудің тікелей объектілері бухгалтерлік есептің құжаттары – алғашқы құжаттар, есептік регистрлер (ордер-журналы, ведомосттері) қаржы есебінің құжаттары жатады.
Сот-бухгалтерлік сараптаманың пәні – арнайы білім негіздерін қолдана отыып анықталатын деректер, олар кәсіпорындарда, фирмаларда т.с.с. шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік құжаттарында қалай орын алғандығын көрсетеді және қандай операциялар бойынша бухгалтерлік есеп бұрыс көрсетілгенін анықтайды.
Сот-бухгалтерлік сараптама экономикалық сараптамалардың ішінде ең кең таралған түрі болып табылады. Ол жиі қылмыстық сот өндірісінде экономикалық қылмыстарды тергеген кезде тағайындалады. Сол сияқты, экологиялық нормалар бұзылған сәтте әкімшілік сот өндірісінде де, азаматтық сот өндірістерінде де тағайындалады.
Аталған сараптаманың міндеттері үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа алғашқы құжаттағы деректердің есеп регистрлеріне, есептерге сәйкес келмеуіне қатысты жағдайларды анықтау жатады. Аталған міндетті шешу үшін сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • есеп регистріндегі жазбалар алғашқы құжаттарға сәйкес келе ме, егер жоқ болса, онда жол жіберілген ауытқу шығыс соммалардың жоғары (кем) болуында қалай көрсетілген ?

  • синтетикалық есептің деректері аналитикалық есептің, алғашқы құжаттың деректеріне сай ма, егер жоқ болса, қандай сомманы бұрмалайды ?

  • қорытынды көрсеткіштер өнімнің шығыс құжаттарындағы деректерге сәйкес пе, егер жоқ болса, жіберілген ауытқу көрсеткіші қандай ?

  • есепте жол берілген бұрмалау қандай шаруашылық қызметпен байланысты ?

  • алынған құжаттарға сәйкес жетпеген сомма қандай ?

  • мүліктік құндылықтардың кірісі туралы (немесе шығысы) алғашқы және есепке алу құжаттарында анықталған ауытқулар нақты қандау уақыттың ішінде орын алған т.с.с.

Сот-бухгалтерлік сараптаманың екінші тобының міндеттері тауар-материалдық құндылықтардың, бухгалтерлік есептегі ақшалай қаражаттардың қабылдау, сақтау және сатылуын анықтайды.
Аталған топ бойынша келесі сұрақтарды қоюға болады:

  • материалдарды есептен шығару құжаттармен дұрыс рәсімделді ме ?

  • белгілі кезеңдегі материалдардың түсуі бухгалтерлік есепте көрсетілген бе ?

  • регистердегі қандай жазбалар алғашқы құжаттармен бекітілген жоқ?

  • қандай кезеңде және қандай соммаға құндылықтар қажетті құжаттарсыз рәсімделген ? т.с.с.

Аталған сараптаманың үшінші тобының міндеттері бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін және құралдардың жеткіліксіз немесе артық болуына қатысты жағдайларды анықтайды.
Сарапшы алдына келесі сұрақтар қойылады:

  • нақты шаруашылық қызмет бойынша алғашқы, жиынтық құжаттар дұрыс рәсімделді ме ?

  • құндылықтарды қабылдау және тапсыру кезінде қандай есептің талаптары орындалған жоқ ?

  • шоттардың корреспонденциясы сақталды ма ?

  • аналитикалық есеп кезінде қандай ережелер сақталған жоқ ?

  • бухгалтерлік есепті жасау кезінде қандай бұрмалаушылықтар орын алды ?

  • калькуляция кезінде қандай ережелер сақталған жоқ ?

  • бухгалтерлік есепті жүргізу барысында оның әдістемесі сақталды ма ? т.с.с.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтар типтік сұрақтарға жатады. Белгілі жағдайға қатысты басқа да сұрақтар қойылуы мүмкін. Сараптаманы тағайындау кезінде барлық талаптар сақталуы қажет, оның ішінде сарапшыға қойылатын сұрақтар оның құзыреттілігінде болып және анық түрде қойылуы керек. Сарапшының алдына құқықтық мазмұнға ие сұрақтар қоюға тыйым салынады, мысалы, бухгалтерлік есептің қателіктерін кім жасады немесе лауазымды тұлғалардың нақты қайсысы материалды залалды өтейді т.с.с. мұндай сұрақтарды шешу тергеушінің (сот) құзырында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет