Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі тарихи орны мен маңызы



бет5/5
Дата18.10.2022
өлшемі24,94 Kb.
#43910
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-2-3-4-5 сұрақтар

Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі тарихи орны мен маңызы.

Әлемдік өркениетте ерекше орны бар Ұлы Жібек жолының тарихы сонау ерте заманнан басталады. Сонау ерте замандағы сақтар, үйсiндер және қаңлылар кезiнде сауда жолымен Қазақстанға Римнiң шынысы мен теңгелерi, айнасы мен жылтыр кесесi, Еуропаның қапсырмалары және Иранның тас мөрлерi келiп жеттi.


Б.з.б. II ғасырды тарих ғылымында Ұлы Жiбек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басы ретінде қабылдайды. Осы дәуірдің 138 жылы Қытайдан император У-дидiң Батыстың белгісіз елдерiне жiберген елшiлiк сапарға шықты да, бұл керуен бiрiншi болып аспан асты елінен Орталық Азияға тiке жол тартты. Соның нәтижесінде императорға сауда жасау үшін қолайлы жолдар бағыты айқын көрсетілді. Осы жолдар Ұлы Жібек жолының негізі болды. Қытай елшiсiнен кейiн бұл жолмен Батысқа қарай жiбек керуендерi жүрдi. Өз кезегiнде, бұл жолмен Римнен, Византиядан, Үндiстаннан, Ираннан, Араб халифатынан осы елдерде өндiрiлетiн тауарлар тасылды. Ұлы Жiбек жолының ең басты маңызы – елдердi, халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуы болды.
Жібек сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта қызметін атқарды, оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы мен мемлекеттік қарыздарды төледі. Жібек өзінің жеңіл, ықшамды, аса көп сұранысқа ие болуы мен қымбаттылығының арқасында сауданың және алыс жерлерге тасымалдаудың негізгі тауары қызметін атқарды. Басқа тауарлар да тарала бастады. Олардың саны өте көп едi. Жiбек жолы ежелгi мәдениет пен өнердi таратушы қызметiн де атқарды.
Ұлы Жібек жолы бойында айырбас сауда да дамыды. Ақша айналымының рөлi өсті. Әр жаңа билеушi жеңiстерімен ғана емес, ақша айналымын ретке келтiру өнерiмен де белгiлi болды.
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда ІХ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың басында өзінің ең биік деңгейіне жеткендігін айғақтайды [2]. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн ірі сауда орталықтары болып қалды. Оларға солтүстік-шығыс Жетісудың Қоялық, Екі-оғыз қалалары қосылды.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасады. Бұл қалалар Арал бойындағы құрғақ шөлейт аймақта өте жақсы сақталды. Олардың күн қаққан сары қабырғалары әлі күнге дейін биіктен көрінеді, ал төбелер астында үлкен көне қорымдар сақталған. Тараздың жанында Жамуқат қаласы болған. Оның қалдықтары Талас алқабында жатыр. Бұл орын қазір Қостөбе деп аталады. Жібек жолының бойында бірнеше жаңа қала пайда болып, ал бұрынғы қалалар дами түсті.
Ұлтаралық төзімділік, түрлі діндердің тату көршілігі, бөгде салт-дәстүрге құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты қасиеті болды. Жолаушылап келе жатқан кез келген саудагер бұл жерлерде өз халқының мәдениеті мен дәстүрін дамыта алды.
ІІ-V ғасырларда Жібек жолы шығыстан бастағанда Хуанхэ арқылы Қашқарияға, одан әрі Ферғанаға, ары қарай Самарқанд, Бұқара арқылы Сирияға өтті.
VI-ХІІI ғасырларда Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен жол қызу тіршілікке толы болды. Жолдың мұндай сипатқа ие болуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары орналасты, олар сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Екіншіден, VIІ ғасырда Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыстар салдарынан қауіпті болды. Үшіншіден, бай түрік ақсүйек қауымы теңіздің ар жағынан келген тауарларды көтерме бағамен сатып алушылар болды.
Жібек жолы жүзжылдықтар бойы көптеген өзгерістерге ұшырады: жолдың бір бөлігі ерекше маңызға ие болса, басқасы, керісінше, келмеске кетті, ал енді бір қалалар құлдырады. Мәселен, VI-VІІІ ғасырларда негізгі жол Иранды айналып өтті. Бұл Батыс Түрік қағанаты мен Византияның осы елге қарсы жасалған әскери-сауда одағына байланысты болатын. Құрлықтағы саяси жағдай дипломаттардың, көпестердің және басқа саяхаттаушы адамдардың жол бағыттарын таңдауынан айқындалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет