Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет1/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих


ІІ. БӨЛІМ. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ VІ-ХVІІ ғғ.

Ерте орта ғасыр
VІ-ІХ ғғ.

Дамыған орта ғасыр
Хғ-ХІІІ ғ.басы



Кейінгі орта ғасыр
ХІІІғ. І жартысы- ХVІІ ғ.

Түрік кезеңі

Моңғол билігі дәуірі
ХІІІғ. І жартысы-ХVғ.ортасы

Қазақ мемлекетінің құрылуы және даму кезеңі ХV-ХVІІғғ.

Түрік қағанаты
552-603 жж.

Қарахан мемлекеті
942-1212 жж.

Моңғол шапқыншылығы
ХІІІғ. басы

Керей хан 1458 (1465)-1472 жж.

Батыс Түрік қағанаты 603-704 жж.

Найман, керей, жалайыр
ХІІ-ХІІІ ғ.басы

Алтын Орда
ХІІІғ.ортасы -ХVғ. ортасы

Жәнібек хан 1472-1474 жж.

ІІ-ші Шығыс Түрік қағанаты682-744жж.

Қарақытай мемлекеті
1128-1212 жж.

Ақ Орда ХІV-ХVғ.басы

Бұрындық хан 1474-1511 жж.

Түргеш қағанаты
704-756 жж.

Қыпшақ хандығы
ХІ-ХІІІғ. басы

Моғолстан ХІVғ.орт-ХVІ ғ.басы

Қасым хан 1511-1518(23) жж.

Қарлұқ қағанаты
756-940 жж.

Ноғай Ордасы ХVғ.І жарт-ХVІ ғ.ортасы

Хақназар хан 1538-1580 жж.

Оғыз мемлекеті ІХғ.соңы-ХІғ.ортасы

Сібір хандығы
ХVғ.соңы- ХVІ ғ.соңы

Шығай хан 1580-1582 жж.

Қимақ қағанаты ІХғ.соңы-ХІғ.басы

Әбілқайыр хандығы
1428-1468 ж.ж.

Тәуекел хан 1582-1598 жж.




Есім хан 1598-1628 жж.

Жәңгір хан 1628/29-1652 жж.

Тәуке хан 1680-1715/18 жж.



ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (552-603жж.)

-Қытай деректері бойынша түріктер алғашында Қытай шекарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрген.
-Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті.
-Батыс Қытай билеушілері жақын қоныстанған түркілер жайлы деректер жинай бастайды.Бұл деректер түрiк тарихының ерте кезеңi туралы негiзгi білім көзiне айналды.



542 ж

-«Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде (қытайша тюцзюэ) кездеседі. Алғашында екі рудан-ашина мен ашидэден тұратын шағын тайпа болған.Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін «мықты, күшті» деген мағынада үстемдік етуші ашина әулетіне байланысты аталды.
-Іле өзенінен солтүстік-шығысқа қарайғы аймақта түріктердің алғашқы мемлекетін құрушы Нағыт Түріктен тараған Ашина әулеті танымал бола бастады. Қытайдың ежелгі жылнамасында: «.... Алтынтаудың күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» дейді. Бұл сөз халықтың аты болып қалды» -деп жазылған.
-Теле-түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» атауы қалыптасқан.
-Сүй патшалығы дәуіріндегі телелер жөнінде «Сүй кітабында» былай деп жазылған: «Телелердің ата-бабасы суннулардың тұқымы, үрім бұтағы өте көп. Балқаш көлінің шығысындағы тау аңғарларын мекендеп, өсіп-өніп келеді. Балқаш көлінің оңтүстігіндегі тайпа- барлығы жеті тайпа, бәрінің өз атауы және өз әскери күші бар. Олардың атаулары бөлек болғанымен, бәрінің ортақ атауы- Теле. Олар Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына қарайды».

545 ж

-Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Түрік қолбасшысы БумынғаҚытай елшісі келіп, бейбіт қатынас орнады. Осы кезден бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады.
-«...біреуді достық қатынас жасау үшін түрік сұлтаны Бумынға жібереді. Түріктерге 545 жылы келген елші қуанышпен қарсы алынады. «Ордадағылар: «бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді»деп бірін-бірі құттықтай бастайды». Осынау елеусіз фактінің өзі жужандар өктемдігі түріктерге ауыр тигені, бостандық жолындағы қашса құтылмайтын соғыстан олардың тайсалмайтыны айқын көрінеді».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет