Қолданатын құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану, құқық негіздері, өнер, экономика, экология, сызу, биология.
Оқытудың іс-әрекет түрлері:
Бағдарлама география, тарих, экономика, саясаттану мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.
Оқушылар Еуразия елдері туралы деректерді, мәліметтерді талдап, зерделейді.
Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:
елдің географиялық жағдайына баға беру;
талдау-салыстыру;
сипаттау;
пікір-талас;
картамен жұмыс
толықтыру әдістерін меңгереді.
Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.
Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), кесте, диаграммалар құрайды.
Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.
Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.
Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар: Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:
бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;
елдердің мемлекеттік құрылысы мен басқару формаларын;
табиғаты мен геосаяси жағдайын;
жеке елдер мен аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;
аймақтардың шаруашылық дамуы мен елдердің шаруашылық құрылымын;
Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:
елдің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;
карта, құжаттар, әдебиеттер және ақпаратпен жеке жұмыс істеуді білу;
қазіргі саяси жағдайға баға беру;
елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;
әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез келген елге елтану бағытында сипаттама құрастыру;
белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;
ғылыми жобалар жазу;
«Елтану» (Еуразия елдері бойынша)
Бағдарламаның тақырыптық жоспары.
№
Сабақ тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
Өткізу түрі
Білімділік нәтижесі
1
«Елтану» география курсына кіріспе
1
Лекция-баяндау
Хабарлама дайындау
2
География ғылымының әдістері
1
Лекция – баяндау
Хабарлама дайындау
3
Дүниежүзі елдерінің жіктелуі. Дүниежүзі елдерінің жіктемелік кестесін құру: а) басқару түріне, ә) мемелекеттік құрылымына қарай, в) жер шарындағы «отты нүктелерді» кескін картаға белгілеу.
1
Лекция – баяндау
Хабарлама дайындау
4
Әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша дүние жүзі елдерінің жіктелуі.
1
Семинар сабақ
Хабарлама дайындау
5
Дүниежүзін аудандастыру. Дүние жүзінің тарихи – географиялық аймақтары.