Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары



бет14/115
Дата11.04.2023
өлшемі384,8 Kb.
#81541
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115

20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары


  1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан білікті жұмысшы кадрлар, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталған.

  2. Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді көздейді.

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:

  1. біліктілік (разряд, сынып, санат);

  2. күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі беріледі.

Оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктілігі беріледі.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары


  1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары "бакалавр" дәрежесін немесе "маман" біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған.

"Бакалавр" дәрежесі беріліп немесе "маман" біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.

  1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мiндеттi құрамдас бөлiктің және таңдау бойынша құрамдас бөлiктің пәндерін қамтиды. Білім алушының таңдауы бойынша құрамдас бөліктегі пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөліктің пәндерін мазмұндық жағынан толықтыруға тиіс.
Жоғары оқу орындары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын конкурстық негізде әзірлеуге және енгізуге құқылы.

  1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады және ол кемінде төрт жыл болуға тиіс.

  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары оқу орындары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

  3. Интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.

Интернатура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет