Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері



бет33/115
Дата11.04.2023
өлшемі384,8 Kb.
#81541
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері


1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің: 1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

  1. ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

  2. білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

  3. өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялықмедициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

  4. балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

  1. балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

  2. балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

  3. білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

  4. балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

  5. білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ 50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі


  1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атақтары бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.

  2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.

Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет