Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар



бет7/115
Дата11.04.2023
өлшемі384,8 Kb.
#81541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   115
Байланысты:
1 ОБ образовании на КАз

8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарттары "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия


Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.
Ескерту. 2-тарау 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі


  1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.

  3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тілде оқытатын тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптарды, топтарды құру басым бағыт болып табылады. РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Мемлекеттік тіл және орыс тілі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет