Ойын барысы Әр командадан бір адам шығып, уақыт кезеңі жазылған кездейсоқ карточкаларды алсын.
Бәрінің назарын өзіңізге аудартып, бірінші кезеңнің ережесін айтыңыз. Үш минут бойы әр командадағы оқушылар гипотезалық уақыт машинасын пайдалана отырып, өздерімен бірге алып кететін осы шақтағы үш материал затты анықтаулары керек. Үш заттың бәрі оқушылардың мектеп сөмкесіне сыйып кетуі керек, сондай-ақ командаға, әсіресе өздері ауысатын кезеңде әр оқушыға пайдалы болуы қажет.
Үш минут өткеннен кейін әр командадан бір адам шығып, үш затты көрсетіп, дәл сол заттарды таңдау себебін түсіндіру керек.
Әр команданы 10 балдық жүйемен бағалауларын сұраңыз.
Бағалау аяқталғаннан кейін оқушыларға алғыс айтып, екінші кезеңнің басталғанын хабарлаңыз.
Бәрінің назарын өзіңізге аудартып, екінші кезеңнің ережесін айтыңыз. Үш минут бойы әр командадағы оқушылар гипотезалық уақыт машинасын пайдалана отырып, өздерімен бірге карточкада көрсетілген кезеңнен осы шаққа алып келетін үш материал затты анықтаулары керек. Үш заттың бәрі оқушылардың мектеп сөмкесіне сыйып кетуі керек, сондай-ақ командаға, әсіресе осы шақта әр оқушыға пайдалы болуы қажет.
Үш минут өткеннен кейін әр командадан бір адам шығып, үш затты көрсетіп, дәл сол заттарды таңдау себебін түсіндіру керек.
Әр команданы 10 балдық жүйемен бағалауларын сұраңыз.
Бағалау аяқталғаннан кейін оқушыларға алғыс айтып, екінші кезеңнің басталғанын хабарлаңыз.
Үшінші кезеңнің шартын айтпас бұрын оқушыларға «Көбелек әсері» туралы түсіндіре кетіңіз.
Көбелек әсері – жаратылыстану ғылымдарындағы кейбір хаос жүйелердің
қасиетін білдіретін термин; жүйеге аз ғана әсер етудің салдары үлкен әрі ешкім күтпегендей, әрі мүлдем басқа жерде болуы мүмкін әсерге алып келеді. Оқушылардың үш затқа байланысты әрекеттері гипотеза түрінде кеңістік-уақыт континуумын және дәл қазіргі шақты өзгертуі мүмкін.
Бәрінің назарын өзіңізге аудартып, үшінші кезеңнің ережесін айтыңыз. Үш минут бойы әр команданың оқушылары алдыңғы кезеңдегі басқа командалардың әрекеті уақыт ағысына қалай әсер ететінін, физикалық заттардың гипотезалық ауысуы Қазақстанның қалыптасуына қандай ықпал жасауы мүмкін екенін бағалау керек.
Үш минут өткеннен кейін әр командадан бір адам шығып, үшінші кезең бойынша жасаған пікірлерін ортаға салу керек.
Әр команданы 10 балдық жүйемен бағалауларын сұраңыз.
Бағалау аяқталғаннан кейін барлық командаға алғыс айтып, әр команданың өздерін қойған бағасын есепке алмастан, әр кезеңдегі жалпы балды қосып дауыс берудің қорытындысын шығарыңыз.