Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет11/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   432
Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім кәсіпкерліктің мемлекет үшін маңыздылығын ескере отырып, қолдау көрсетудің қандай құралдары бар екенін түсіндіру қажет (салық мөлшерлемелерін төмендетуден бастап, кәсіпкерлік туралы заңдарды келісетін үкіметтік емес ұйымдарды құруға дейін).
Экономикадағы кәсіпкерліктің маңыздылығын көрсету кезінде көптеген елдердің үкіметтері кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа кәсіпкерлерге көмектесуге ұмтылатындығын көрсетіңіз.
Содан кейін экономиканың негізгі мәселелеріне тоқталу керек: не, қалай және кім үшін өндірілуі керек — және бұл ұтымды ойлау мен мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігін анықтайтын ресурстардың шектеулі екенін түсіндіру.
Оқушыларға экономика туралы "Экономика қалай жұмыс істейді?» бейнеролигін көрсетіңіз.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1620&v=C
4gtnN8CB2o
Экономиканы макро - және микроэкономикаға бөлуге көшкенде, мұғалім макроэкономика тұтастай алғанда экономикалық жүйенің және оның ірі секторларының қызметін зерттейтінін түсіндіреді, зерттеу объектілерін сипаттай отырып, кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде зерттеген макроэкономикадан микроэкономикаға ауысыңыз, онда біз кәсіпкерді белгілі бір сипаттамалары, яғни құзыреттері бар жеке индивидуум ретінде қарастырамыз.
Қазақстандағы кәсіпкерлік тарихы бойынша теориялық материалды баяндау кезінде Қазақстандағы кәсіпкерлік тарихы бизнес-ой дамуының көптеген қызықты мысалдарын көрсететініне оқушылардың назарын аударады. Мысалы, Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұн, Махмұд әл-Қашқари шығармаларындағы Қазақстанның іскер адамдары туралы көне түркі тіліндегі алғашқы жазбаша мәліметтер Ұлы дала аумағы арқылы Жібек жолы өтіп, нарықтық қатынастар дамыған ерте орта ғасырларға жатады.
Отандық кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды кезеңді жаңа өндірістер құрылып, жабдықтар жаңғыртылып, білікті жұмыс күшінің саны артып, жұмыссыздықтың азаюына және бюджеттің толықтырылуына алып келген ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) жылдары деп санауға болады.
Жаттығулармен жұмыс.
1 тапсырма
Микро және макроэкономикаға қандай мысалдар жататынын анықтаңыз.
а) 2018 жылғы маусымда Қазақстандағы жұмыссыздық
деңгейі 4,8% - ды құрады.
б) өткен жылы компаниядан 8 адам жұмыстан
шығарылды.
в) Павлодар облысында картоптың шығымдылығы картоп бағасының бір килограмм үшін 120 теңгеге дейін өсуіне әкелді.
г) тұтыну тауарларының бағасы бір жыл ішінде 15,9% - ға өсті.

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019.
—112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
Компьютер, интерактивті тақта немесе проектор,
колонкалар
https://www.youtube.com/ watch?time_continue=1620
&v=C4gtnN8CB2o







д) АҚШ доллары бағамының теңгеге қатысты өзгеруі жаңа автомобильдерді сату 40,4% - ға қысқаруына алып келді.
e) Apple бірден iPhone-ның үш ұрпағының - iPhone 6s, iPhone SE және iPhone7 құнының төмендегенін жариялады.
Жауаптар: а) макро; б) микро; в) микро; г) макро; д) макро; е) микро.
Оқушыларды мүмкіндігінше көп дәлелдер келтіруге шақырыңыз. Балалардың ақпаратты ойлауы және сәйкестендіруі маңызды. Макроэкономика біртұтас немесе орташа деректерді қолдана отырып, жалпы қатынастарды зерттейді. Оны "Жаппай экономика" деп сипаттауға болады. Микроэкономика белгілі бір уақыт аралығында тұтынушылардың нақты топтарын, жеке
тұлғаларды, өнімнің қасиеттерін зерттейді






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет