Сабақтың ортасы 25 минут
|
Бұл сабақта оқушылар онлайн-маркетингтік коммуникация туралы теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысады.
Өніміңіздің аудиториясын нақтылаңыз. Өніміңізді қандай тұтынушыларға интернет арқылы жарнамалағаныңыз дұрыс? Google AdWords-қа аудиторияңыздың өзіндік белгілерін — жынысын, жасын, орнын, мүддесін, отбасылық жағдайын — қоюыңыз керек болсын. Не себепті сол белгіні алғаныңызды дәйектеңіз.
Өніміңіздің баннер түріндегі жарнамасын орналастырғыңыз келетін 5-10 интернет-тақтаны атаңыз.
Өніміңіздің веб-сайттағы (SEO) іздестіру жүйесін жетілдіргіңіз келеді. Іздеуші «пайдалы» ретінде тануы үшін сайтта қандай 5-10 фраза болуы керек?
Сіздікіндей өнімдердің веб-сайттарында ондай сөз тіркестері қаншалықты жиі кездеседі? Эксперимент үшін браузерден сол сөз тіркестерін іздеп, табуыңызға болады. Енді сауал-тілегіңіз нақты болуы үшін алдыңғы тапсырманы негізге ала отырып, сөз тіркесін тарылтыңыз не кеңейтіңіз.
Өніміңізді шынайы жарнамалайтын қысқа мәтін жазыңыз (бірнеше абзац). Қаперіңізде болсын: мәтін қызық та танымдық сипатта болуы керек әрі оқырман өніміңізге өздігінен іш тартып тұратындай болуы керек.
Оқулықта берілген онлайн маркетингтің басты терминдерін оқып шығыңдар. Сонан соң ойын ойнаңдар. Бір оқушы сыныптың алдына шығып, өз сөзімен кез келген терминнің сипаттамасын айтып беруі керек, басқа оқушылар оның қай терминді айтып тұрғанын табулары керек.
|
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С.
Дүйсенханов,
А.М.Фазылжанова,
А. А. Сейтенова — Алматы: КөкжиекГоризонт, 2019. —
112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті тақта
|