Отандық өндіруші өнімінің жобасын жасау бойынша оқушыларға тұтынушылардың қызықтыратын сегментін әлеуметтік желіден табуға тырысып, өндірушінің сайтына сілтеме жасай отырып тұтынушыларға арналған өнімнің пайдасын көрсететін қандай да бір қызық факт туралы пост жазу ұсынылады (мысалы, салауатты өмір салтын ұстанушыларға арналған отандық өндірушінің «айран» ашымалы сүт өнімі туралы қызықты пост жазу). Немесе екінші нұсқа: «танымал болған» аккаунтта осы өнім туралы пікірлерге сауалнама жүргізіңіз, аталмыш өндірушінің бір немесе басқа өнімдері арасындағы таңдау, дилемма туралы кішкене пост жаздыру. Аяқталу формасы – өнім атауы мен өндірушісінің #хэштегі жазылған интернеттегі пост.
Көңіл-күй мен эмоционалды сезім рефлексиясы: «Жеделхат» стратегиясы. Сабақтан түсінген ең маңызды нәрсені партадағы көршісіне тілектерімен қысқаша жазыңыз және жіберіңіз.
Atameken Akademy білім беру онлайнплатформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады
№50 сабақ.Онлайн маркетингілік коммуникациялар
Бөлім:
3-бөлім. Әрекеттегі маркетинг
Педагогтің аты-жөні
Мерзімі:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Онлайн маркетингілік коммуникациялар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
10.3.8.1 сандық маркетингтің мәнін түсінеді;
10.3.8.2 сандық маркетинг арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады
Сабақтың мақсаты
Сандық маркетингтің мәнін түсіну;
Сандық маркетинг арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/ қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын құру.