Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет22/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім «кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек, мотивация және өзін-өзі тану дегеніміз не, болашақ кәсіпкер қандай мінез-құлық ерекшеліктерін дамытуы керек, неге ол теңгерім табуы керек, кәсіпкерлік құзіреттілік дегеніміз не және олар стратегиялық және операциялық бизнес-қызметті жүзеге асыруда қалай көмектеседі», - деген сұрақтарға талқылау жүргізеді.
1-тапсырма (оқулықтағы 26 бет)
Өз бойларыңда дамытқыңыз келетін кәсіпкерлік қасиет пен құзыреттілікті айтып беріңіз.

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019.
—112 бет.
Брейнсторминг







Тапсырмада оқушылар өз бойында бар кәсіпкерлік қасиеттер мен тәжірибелерді және қандай қасиеттер мен тәжірибелерді дамыту керек екенін қағаз бетіне түсіреді.
2-тапсырма (оқулықтағы 26 бет)
Өзіңізді кәсіпкермін деп елестетіңіз. Көрсетілген жеке тұлғалық сипат пен алынған машықтарға сүйене отырып, мынадай мәселелерді шешу жолдарын ұсыныңыз: Солтүстік Қазақстанда боран, жол қоз ғалысы шектелген. Сізге уақытында азық-түлікті супермаркетке жеткізу қажет.

  • Сіз жаңа өнім — картон қаптамадағы ешкі

сүтін шығардыңыз. Тұтынушы сол өнім туралы хабардар болуы үшін не істейсіз?

  • Кешке қарай жол кептелісінен қала жолдарын да ғы қозғалыс қатты қиындады.

Қалалық билікке кәсіпкер ретінде сіз қандай шешім ұсынар едіңіз ?

  • Қаланың басты көшелерінде балаларға

арналған кафе аштыңыз. Мұнда көлік қозғалысы көп болады, бірақ автокөлік тұрағында орын аз, күндіз мұнда қаланың іскерлік өмірі жанданады. Сіздің кафеңіз табысты болмай шықты. Мұндай сәтсіздіктен қандай сабақ аласыз?

  • Сіз өз бизнесіңізді — гүл сататын дүкен ашқыңыз келеді. Бірақ қалаңызда ондай гүл сататын дүкендер бар, демек, сіз үлкен бәсекеге тап боласыз. Дүкеніңіз табысты болу үшін қандай шара қолданасыз?

Тапсырма шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ нақты бизнес міндеттеріне өз қабілеттері мен қасиеттерін жобалау қабілетіне бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет