Сабақтың басы 10 минут
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, осы сабақта «Стартап-жобалардағы маркетинг» тақырыбын зерттеуді аяқтайтынын және стартап нарығы деген ұғымдармен танысатынын, қандай нарықтар болатынын, оларды қалай талдауға болатынын, нарықтың көлемі туралы ақпаратты қайдан алуға, нарық көлемін қалай болжамдауға, осы деректердің негізінде минималды өміршең өнімді қалай құруға болатынын үйренетінін түсіндіреді. Енді стартап нарығының көлемі қандай екенін есептеу керек. «Стартап нарығын қалай бағалайды» блогымен танысуды ұсыныңыз, нарық көлемін талдаудың бастапқы екі типін дайын зерттеулерден және Интернеттегі деректерден алуға болатынына оқушылардың назарын аудартуға болады. Балаларға Google AdWords, Яндекс, Wordstat немесе бәсекелестердің сайттарынан осындай деректерді іздеп көрулерін мұғалім ұсынады.
Нақты стартаптың нарық үлесін анықтау үшін (SOM), осы нарықта қанша табыс табуға болатынын және стартапты дамытуды жалғастырған мақсатқа сай болатынын анықтау үшін жекеменшік маркетингтік зерттеу жүргізу қажет екенін айтуға болады.
|
Оқушылар Google
AdWords,
Яндекс Wordstat сервистерінде немесе бәсекелестердің сайтында қажетті деректерді табуға тырысады.
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
1- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы:
Көкжиек-Горизонт,
2020., 49-53 бет
|