Мұғалім оқушылармен амандасып, алдыңғы сабақта офлайн- байланыс арналарын егжей-тегжейлі талдағандарын естеріне салады. Бұл сабақта оныншы сыныпта толық зерттелген онлайн-арналар немесе Интернет-маркетинг талқыланатын болады. Оқушыларға маркетингтің осы түрі туралы не білетіндерін, отандық стартаптарды жылжытудың онлайнқұралдарын табысты қолданудың қандай мысалдары белгілі екенін еске түсіруді ұсыну қажет (егер оқушыларға тапсырма қиындау болса, мұғалім мысалдар келтіріп берсін, бірақ оқушылар мұғалім атаған компаниялар, мысалы, Chocotravel,
Колеса.кz, Яндекс.такси коммуникацияның қандай онлайн арналарын табысты қолданып отырғанын түсіндіріп берсін).
Оқушылар онлайнкоммуникацияның өз мысалдарын
келтіреді
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
1- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы:
Көкжиек-Горизонт,
2020., 60-67 бет
2-кезең. Теория-практикалық:
Сабақтың ортасы 25 минут
Бұдан әрі оқушылар «Интернет-маркетинг арнасын қалай таңдау қажет?» блогымен өз бетінше танысады. Сосын олардың клиенттері (әртүрлі клиенттер сегменттері)
қандай коммуникация арналарын пайдаланатынын болжайды. Эмпатия туралы тақырыпты еске түсіріп, клиенттің қай жерге жиі баратынын, оның жасы мен қызығушылықтарын ескере отырып, клиенттің қандай коммуника- ция арналарын пайдаланатынын елестетіп, өзін клиенттің орнына қоя білу ең маңызды екенін оқушылардың естеріне салу керек. Бизнесті онлайн жүргізу артықшылықтарын талқылай отырып, қосымша табыстарды мұғалім айтып береді.
Келіссөздер алдында тапсырыс беруші мен сатушы өкілдері Интернетте бір-бірі туралы ақпарат іздейтіндігін жиі естуге болады. Бұл үрдіс дами бермек. Кемел нарықтың B2B-сатып алушылары іс жүзінде офлайндағы минималды коммуника- циядан онлайн әрекеттестік моделіне көшті.
Forbes деректері бойынша, миллениалдар (1981 және 2000 ж.ж. аралығында туған ұрпақ) көбінесе мобильдік телефон қоңырауына қарағанда чаттарға мәтіндік хабарламаларды жіберуді көбірек қолданады — бұл тренд дами бермек.
Zenith маркетингтік агенттік деректері бойынша 2019 жылы адамдар теледидар алдындағы уақытқа қарағанда, Ин- тернетте көбірек уақыт өткізетін болады, онлайн өткізген уақыттың жиынтығы тек өсе түспек.
Мобильдік құрылғылардың трафигі десктоп трафигінің көлемімен теңелді, ал кейбір нишада одан асып та кетті — бұл тек қарқындап өсе түсетін өз алдына бөлек маңызды тренд. Ол көптеген компанияларға олардың сайттары мобильдік құрылғыларда дұрыс көрінуі, бір сөзбен айтқанда мобильді нұсқасының болуы туралы белгі береді.
Бұдан әрі веб-сайттарды алға жылжытуға арналған блокпен оқушыларды таныстырамыз. Сосын оқушылардан өз стартаптарын алға бастыру үшін осы арналардың қайсысын пайдалана алатынын мұғалім сұрайды. Неліктен? Бұл арналар олардың клиенттерінің мүдделерін қалай ескереді? Балалар «сарафандық радио» туралы не біледі. Олар өмірден қандай мысал келтіре алады? Бұл арналар
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өз командасымен 1-тапсырманы
орындайды
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2020. — 297 бет. Оқулық, тақта,
жазулар үшін үлгі
Оқулық, маркерлер
бизнестің қай саласы үшін өзектірек? Талқылаудан кейін әлеуметтік желілерде алға жылжу блогымен оқушылар танысады. Бұл блог балалар үшін ең түсінікті және таныс болуы мүмкін. Олар өз өнімін жылжытуда алған білімін қалай қолдана алады? Егер солай болса, маманды жалға ала ма, неге? Егер олай болмаса ше? Оқулық материалын мынадай ақпаратпен толықтыруға болады: Стартаптардың көпшілігінің алға бастыру үшін әлеуметтік желілерді қалай таңдай алатыны туралы ерекше стратегия жоқ. Ең көп таралған екі қателік: барлық қолжетімді әлеуметтік медианы қамтуға тырысу және белгілі бір желілерде бәсекелестері жоқ болғандықтан жұмыс істеу тілегі. Сіз қалай ойлайсыз, бұл неге қате болып саналады?
Е-mail маркетинг және мобильдік қосымша туралы блоктарды мұғалім оқып береді. Оқушылардың стартаптары үшін осы арналарды қалай қолдануға болады? Оқушылар pillowz.kz стартапы іске асырған онлайн арналар арқылы алға жылжыту үлгілерін өз беттерінше талқылайды. Сосын оқушылар осы стартаптың тағы да қандай офлайн арналарды пайдаланатынын естеріне түсіреді. Тапсырма оқушылардың онлайн коммуникация арнасы бар өз кестелерін құру үшін және клиентпен коммуникация жасау стратегиясын пысықтау үшін дайындық болып табылады. Оқушылар 1-тапсырманы командамен орындайды. Мұғалім барлық командалардың жауап беретіне сүйене отырып, әр команданың жауап беру уақытын есептеуі тиіс.
Әр команда жауап берген соң мұғалім сыныптың басқа оқушыларынан командаларға қоятын сұрақтарың бар ма деп сұрайды. Егер сұрақтар жоқ болса, мұғалім кейбір сәттерді түсіндіретін сұрақты өзі қоюы керек.