Сабақтың басы 10
минут
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, олардың нарық сегменттерін білетіндігін хабарлайды. Енді олар әрбір сегментке қандай өнім және қандай баға ұсынатынын анықтаулары керек Мұғалім келесі мысалды келтіре алады: "Сізде сиыр фермасы бар делік. Сіздің сатып алушыларға ұсынатын негізгі өніміңіз — бұл сүт. Бірақ сіз сиыр терісін, мысалы, былғары өндіретін зауыттарға сата аласыз. Бұл басқа өнім, басқа тұтынушы және баға белгілеудің басқа тәсілі болады. Мүмкін сіз фотостудияларға фермада фотосессиялар өткізуді ұсынатын шығарсыз. Бұл үшінші өнім, пайдаланушының үшінші түрі және жаңа баға әдісі болады.
Яғни, сіз өзіңізден сұрауыңыз керек:
Клиент не үшін төлеуге дайын? Сүт, тері немесе фото аймақ үшін бе?
Ол не үшін төлейді?
Сіз сүтті контейнерге құйып, оны дүкендерге жеткізесіз делік. Егер сіз сүтті жергілікті дүкендер желісіне немесе жергілікті тұтынушыларға литрмен сатсаңыз, оны орамасын өзіңіз жасасаңыз ше? Немесе компанияларға сүт сату керек пе, содан кейін олар одан ірімшік, сүзбе және т. б. жасайды?
Ол қалай төлейді?
Қазір сатып алушы бір пакет сүтке ақша төлейді делік. Егер ол оны орамасыз литрмен сатып алса, онда сізде ораманың шығындары болмайды және оның құны арзан болады. Егер сізден күніне 10 литрге дейін сүт сатып алса, оны бір бағамен сата аласыз және егер сізден 100 литр сатып алса көтерме бағасын төмендетесіз және т. б.
Ол қалай төлегісі келеді?
Мүмкін көрші дүкендерге күн сайын сүт беру шартымен ай сайынғы төлемді төлеу ыңғайлы болар? Сонда клиент өз сүтін сатып алуға кепілдік алатынына сенімді болады және сіз
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1.Клиент не үшін төлеуге әзір?
2.Ол осыған дейін не үшін төледі?
3.Ол қалай төлейді?
4.Оның қалай төлегісі келеді?
5.Табыс арнасының жалпы табысқа қатынасы қандай? Қай арна көбірек табыс әкелетінін оқушылар қарау керек.
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
1- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы:
Көкжиек-
Горизонт, 2020.,
76-81 бет
|