Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет43/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың ортасы 25 минут

Бизнес-кейстерді талқылау кезінде сіздің міндетіңіз — оны талқылау және өзара ісқимыл жасау үшін 5 адамнан тұратын шағын топтар форматында ұйымдастыру. Кейс проблемаларының шешімдері ерекше, және қарапайым емес болмауын өтініңіз.
Барлық мәселе бизнесті жүргізу барысында өндіріс ресурстары факторларға, яғни кәсіпкер өз ісінде нақты пайдаланатын нәрсеге айналуында жатыр. Бәрімізге бұрыннан белгілі жер, еңбек және капитал секілді өндіріс факторларымен қатар, кәсіпкерлік қабілеттер (яғни, қалған өзге өндіріс факторларын мейлінше тиімді пайдалана білу қабілеті), ғылым (шынайы өмірдегі әрекеттер жөніндегі объективті білімдерді әзірлеу және жүйелеу) және ақпарат (түрлі механизмдер, құралжабдықтар, менеджмент және маркетинг модельдері туралы әртүрлі білімдерді жүйелеу) сияқты жаңа факторлар іске тартылады.
Бүгін әңгіме тиегіне айналатын канадалыамерикалық кәсіпкер Илон Маск Оңтүстік Африкада дүниеге келген. Ғылыми қабілеті аса жоғары болғанымен, Илонның мықты кәсіпкер болу мүмкіндігі шамалы еді. 17 жасында Илон жалғыз өзі Канадаға қоныс аударып, онда тұрмыс-тіршілік қаракеті үшін жер қазушы болып жұмыс істейді. Канадада, сосын АҚШ университетіне оқуға түседі де, ғылыммен белсенді түрде айналысуға ден қояды. Әкелері Илонның қажырлылығын аңғарып, ағалы-інілі Илон мен
Кимбаланың мүмкіндіктері мен әлеуеттеріне көзі жеткен соң, кәсіптерін ары қарай дамыту үшін оларға $28 000 береді.
Осылайша, олардың бірінші стартап Zip2 – жаңалықтар басылымдарына контентті Интернетте орналастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі пайда болды.
1- тапсырма
Zip2 іске қосқан кезде Илон Масктің қолында қандай ресурстар болғандығын ойлап көріңіз. Ол ресурстарды өндіріс факторларына қалай өзгерте алды?
Илон Маскта Zip2-ні іске қосу кезінде қаржылық ресурстар болды — бұл ұлының идеясына сенген әкесі берген капитал еді. Сонымен қатар, ол өзінің және ағасының еңбек және ақпараттық ресурстарына ие болды. Олар, сайып келгенде, кіріс әкеліп қана қоймай, тұтас индустрия туралы түсінікті өзгерткен оның жобасының табыстылығына алып келді. Илонға мүлдем жаңа өнім ойлап табудың, өз күшімен оны жасаудың, пікірлестер командасын жігерлендіріп, пайдаланушыларды бұған дейін болмаған нәрселерді пайдалануға сендірудің, нарықтың негізгі ойыншылары — The New York Times және Pulitzer Publishing-нің өнімін пайдалануға тартудың сәті түсті. Мұның барлығы оқушылардың жеке еңбек және ақпараттық ресурстары (білімі, шеберлігі мен

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта







дағдылары) болған жағдайда олардың өте көп нәрсеге, соның ішінде қажетті қаржыны тартуға
қол жеткізе алатынына сендіруі тиіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет