2-тапсырма Дизайн-ойлау үдерісін жетілдіру үшін тағы қандай ережелер ұсынар едіңіз? Бүгінгі таңда Boeing, SAP, Procter&Gamble, McKinsey, 3M сияқты танымал компаниялар осы әдістер мен ережелерді басшылыққа алып келеді.
3-тапсырма «Бұл компанияларды білесіздер ме? Олар немен айналысады?» деген сұрақтарға жауап беріңіз? Дизайн-ойлау құралы клиентке бағдарланған тауарлар мен қызметтерді жасау үшін арналған, сондай-ақ бізде дайын шешім болмаған, ұқсас шешімдерді қолдану тәжірибе болмаған, біз үшін бізбен қабылданатын шешімдердің салдары белгісіз жағдайларда
пайдаланылады
Дизайн-ойлаудың толық циклының суретін жиі осылай бейнелейді:
Бұл келесіні білдіреді:
«Эмпатия» («Түсінік»). Біз шешім үшін белгілі проблеманы таңдаған кезде, біз аталған проблемамен байланысты болатын тарлық нәрсені табамыз. Яғни, ақапарттың массасын қамтуға және назар аудару аймағын барынша кеңейтуге тырысамыз. Кестеде жиі осы кезең кеңейтілген етіп бейнеленеді.
Сонымен бірге, өзіміз үшін белгілі ақпаратты шығарып, біз оны «Талдау және Синтез» («Фокус») бөлімінде дұрыс түсіндіруге тиіспіз және барлығын белгілі бір дәрежеге тарылтатындаймыз. Суретте біз кезеңнің қайтадан тарылатынын белгілейміз.
«Идеяларды тудыру» кезеңінде белгілі және нақты түрткілер негізінде біз бөлімде барлық бар әдістемелерді пайдалана отырып, идеялар массасын жасауға тырысамыз. Аталған кезең әрекет ету мүмкіндігін іздеуге бағытталған. Бірқатар идеяларды жасау жолымен біз суреттегідей біздің назарымыздың аясын кеңейтеміз.
«Прототиптеу» өзі үшін айтады. Үздік идеялар негізінде біз өнімнің немесе қызметтің қандай да болсын жылдам және жұмыстық макетін жалғыз мақсатпен жасаймыз — біздің гипотезаларымызды шындыққа сәйкестікке тексеру. Және де прототиптерді пысықтауға байланысты біздің міндетіміз үшін біз үздік өнімге немесе шешімге баратын жолда назар аударуымызды азайтамыз.
«Тестілеу» дұрыс дайындалған прототиптер негізінде дайындалады. Осы кезеңнің нәтижесі бізді оң қорытындыға немесе «нені» өзгерту қажет екенін және бұл үшін қандай кезеңде қайтып келу керектігін түсінуге әкеп соқтырады.
Жеке кезең болып «сторителлинг» ерекшеленеді — Осы кезең тәжірибені жинақтау мақсатында басқаларға ақпаратты тиімді және адекватты жеткізу үшін арналған. Қалай дұрыс айтып беру және дәл не туралы айту керек – аталған бөлімнен үйренеміз.
Әр кезеңде бірізділікпен қолданылатын құралдар бар. Ойлау дизайны теория ұсынып, тексеріп көру ұстанымы бойынша құрылған. Сондықтан бірінен бірі келген кезеңдердің арасында бірнеше итерация болуы мүмкін.
Итерация — белгілі бір мақсатқа жету үшін тұтас үдерістің немесе оның бөліктерінің қайталанып келуі.
Үдерістің (бөлшегінің) қайталануы — итерация.
Итерацияның нәтижесі басқа итерацияға негіз болады.