Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
10-11-СЫНЫПТАР ҮШІН «КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР Нұр-Сұлтан-2021 ж. УДК ББК 10-11-сыныптар үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқытушыларына арналған әдістемелік ұсынымдар / Н.Е.Жұлдызбаев, Е.С.Дүйсенханов, Б.Б.Мырзақұлов, А.С. Успаева–«Атамекен» ҰКП – Нұр-Сұлтан, 2021 ж. – 415 б. Жалпы білім беретін мектеп оқытушыларына арналған әдістемелік ұсынымдар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасын зерделеуге, сабақтарды жоспарлау және ресурстарды пайдалану әдістері мен нысандарын қолдана білуге бағытталған. Әдістемелік ұсынымдар 10-11 сыныптың «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктерін, сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын, оқу процесінде геймификация әдісін қолдану ерекшеліктерін, қашықтан оқыту кезінде онлайнқұралдарды қолдану ұсынымдарын, «Есептелінді/есептелінген жоқ» қою бойынша әдістемелік ұсынымдарын қамтиды және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқытушыларына арналған.
1. 10-11 СЫНЫПТЫҢ «КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ
БОЙЫНША ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Соңғы жылдары әлемдегі экономикалық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде мектеп түлектері арасында кәсіпкерлікке тиімді және қолжетімді білім алу мәселесі ерекше қызығушылық тудыруда. Жаңартылған білім берудің оқыту технологиялары «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің білім беру бағдарламасына енгізілген.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай бүгінгі таңда жастардың кәсіпкерлігін дамыту басты міндет болып табылады. Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыру және білім берудің барлық деңгейлерінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу қажеттігін атап өтті. Кәсіпкерлік жаңа инновациялардың арқасында өндіріс мүмкіндіктерін жоғары деңгейге көтереді. [10]
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің бағдарламасы нарық сарапшылары мен жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, «Атамекен»ҰКП сарапшыларын тарта отырып әзірленді. Бұл оқу процесіне нақты қазақстандық бизнесмендердің тәжірибесі негізінде кәсіпкерлік қызметтің барлық қажетті аспектілерін және пәнді оқытудың үздік халықаралық практикасын енгізуге мүмкіндік берді. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқушыларға кәсіпкерлік ортаға енуге және іс жүзінде қандай да бір тауарды немесе қызметті өндіру, команданы ұйымдастыру, өз өнімін ілгерілету, тұтынушылар мен серіктестерді анықтау, бизнеске салық салу, қала және ауыл жағдайында бизнесті кеңейту бойынша өз жобасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. [11]
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 10-11 сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты (қысқартылған оқу жүктемесімен ҮОЖ ҚР БжҒМ №125 бұйрығы бойынша инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні) немесе аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты (жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ ҚР БжҒМ №415 бұйрығы бойынша вариативті компоненттің «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы ішінде) құрайды. [21,22]
Пәнді оқытудың мақсаты кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру; өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптасыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту міндеттері:
оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;
оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;
оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;
бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;
бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;
зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
оқытудың интерактивті және топтық ойын әдістемесі мен технологиясына, оқу үдерісіне оқушыларды белсенді араластыру жолдарына сүйене отырып оқу процесін құру;
Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер мен жаппай кәсіпкерліктің (өмір сүру стилі ретіндегі кәсіпкерлік) даму үрдістері тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру;
оқушының өмірлік саналы ұстанымдарын және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;
практикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған тренингтік форматты қолдану, сонымен бірге үдерісті ойындар (ағылш. gamification) пайдалану арқылы алғашқы тәжірибені қалыптастыру.
синергетикалық әсер алу мақсатымен пәнді өңіраралық деңгейде меңгертудегі өзара әрекеттестік аясында ақпарат алмасу үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы бойынша мектеп оқушыларының арнайы ресурсында ғаламтор-қауымдастық құру. Осы online порталы арқылы электрондық кітапхана базасы мен жұмыс материалдарының базасын, вебинар және қонақ алаңдарын, олимпиада, байқау және т.б. іс-шаралар алаңдарын құру, стартаптар мен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас алаңдарын қалыптастыру;
пәнді практикалық және әдіснамалық тұрғыдан барынша тиімді толықтыру мен қамтамасыз етуге септігін тигізетін инфрақұрылым жасау:
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік білім беру ассоциациясына мүше
Қазақстанның кәсіпкерлік ЖОО-ы;
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
«Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры;
білім беру процесін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы дағдыларды дамытуға бағытталған үдерісті автоматты симуляциялайтын арнайы онлайн және офлайн ойындар арқылы қолдау.
клиентке бағытталуды дамыту үшін ойлау-дизайны қағидаларын қолдану.
Оқу материалының мазмұны оқу процесін геймификациялау (ойын техникасы), жобалық оқыту және кейстік жұмыс қағидаттарына негізделген.
Халықаралық бағдарламалардың тәжірибелеріне қарағанда бұл бағдарлама интерактивті болып шықты және геймификация қағидалары мен бизнес-кейстерді зерделеуге негізделген: 40% – теория, 15% – бизнестен нақты мысалдар, 45% – ойын түріндегі тәжірибелік тапсырмалар енгізілген. Неліктен геймификация алынды? Себебі, кәсіпкерлік – бұл әрекет, тәжірибе арқылы оқып, түсіну. Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға бейімделген.
Кейстік (жағдаяттық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
«Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік». XXI ғасырдың қажетті дағдысы болып табылатын, ерекше ой тәсілі ретінде кәсіпкерлік туралы түсінік. Кәсіпкерлік ой дамуының тәсілдері. Экономикадағы және заманауи әлем дамуындағы кәсіпкерлер маңызы. Кәсіпкерлік призмасы арқылы оқушылардың өз көзқарасы мен мақсаттарын салыстыру. Кәсіпкер мен бизнесмен арасындағы айырмашылықты түсіну. Жас кәсіпкерлердің рөлін түсіну мен олардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру. Нақты кәсіпкерлердің мысалдары мен тарихы. Қазақстан экономикасына тарихи экскурс. Экономика не зерттейтінін түсіну, микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылық. Экономикалық түсініктермен, өндіріс үрдісінің ресурстары мен факторлары, нарықтың қызмет ету механизмі, сұраныс пен ұсыныс заңымен, нарықтық тепе-теңдікпен және терминологиялармен танысу. Кәсіпкерлік идеялар көздері (нарық мұқтаждықтары, хобби және т.с.с.).
Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Теориялық білімді бекіту үшін офлайн-ойын, ойын дебрифингі; 3. Бизнес-кейстермен жұмыс жасау – өткен материалдар бойынша Қазақстан мен әлемнің нақты кәсіпкерлерінің сәттіліктері, сәтсіздіктері, қиындықтары мен шешімдерін көрсету.
«Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік». Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері мен кәсіпкерлік қызмет түрлері. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін, стартап және инновацияларды түсінеді. Баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік түсінігі. Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні. «Көк мұхит» және «қызыл мұхит» стратегияларымен танысу.
Әрекеттегі қазақстандық және әлемдік компаниялардың бизнес-кейстерінің мысалдары. Оқушылар арасында бақталастық сезімін құру мен бәсекелестік қағидаларын ұғыну.
Виртуалды кәсіпорынды құру үшін алынған білімдерді, топтық жұмыс-ойындар аясында, тәжірибеде қолдану. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Ойын түрінде топтарда тәжірибелік жұмыс жасау.
«Әрекеттегі маркетинг». Нарықта отандық өндірушілердің нақты өнімдерін жылжыту бағдарламаларын құру призмалары тұрғысынан маркетингті оқыту. Топтарға бөлу, FMCG нарығында жұмыс жасайтын Қазақстанның нақты компаниясын таңдау. Әр команданың міндеті – облыс нарығында ұсынылған нақты өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасау (мақсатты аудиторияны, ұранын, неймингін, коммуникацияның офлайн- және онлайн-каналдарын анықтау, жарнамалық өнімнің сыртқы түрін жасау мен әлеуметтік желілерде позициялау).
Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасауда алынған білімді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.
«Ойлау дизайны». Ойлау дизайны әдістемесінің кезеңдерін қолдана отырып практикалық тапсырмалар арқылы клиенттерге бағытталған шешімдерді құру. «Эмпатия» кезеңінің аясында оқушылар мәселелік жайттарға тереңірек енеді. Адам (пайдаланушы), оның физикалық және эмоционалдық қажеттіліктері, жүріс-тұрысы, ойлары зерттеудің маңызды обьектісі болып табылады. Топтық жұмыс аясында олар сұрақтар қояды, тыңдайды және бақылайды. Келесі «Талдау және синтез» кезеңінде оқушылар жиналған ақпаратты талдайды, жүйелейді және түсіндіреді – барлық тыңдалынған және көрген ақпаратты нақты, маңызды мәселеге айналдырады. Осы кезеңде оқушылар аналитикалық ойлау дағдыларымен танысады, маңыздысын ажыратуға, ойлап табылған нәрселерді құрастыру және нақты міндеттерге айналдыруға үйренеді. «Идеяларды ойлап табу» кезеңінде оқушылар команданың басқа қатысушыларының идеяларымен өзінің идеяларын ойлап табу мен дамыту үшін оң әсер ету тәсілдерін меңгере отырып ми шабуылының қағидаларымен танысады. «Прототип жасау» және «Тестілеу» кезеңдерінде таңдалынған идеяларды болашақта іске асыруда кері байланысты алу үшін қолданылады.
Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Адамға бағытталған инновациялық шешімдерді жобалауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.
Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқыту PBL (Project Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Бұл термин «Жобалық оқыту» деген мағынаны білдіреді. PBL әдістемесі әр оқушының оқу процесіне белсенді қатысуын анықтайды. Бұл ретте мұғалім барлық процесті үйлестіреді, бірақ оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер қабылдау үшін еркіндік береді, сонымен қатар оқушылар әр түрлі мәселелер бойынша сарапшылардың рөліне еніп, өздерін сынап көреді.
Әдістеменің негізгі ұғымы – «Жоба». Оқушылар пәнді оқытудың 11-сыныбының
бірінші және екінші тоқсанында осындай «Жобаны» дамытуы тиіс. Алдымен олар өз командасына мамандарды тартуға тырысатын стартаптың негізін қалаушысы рөлінде өзін елестету керек. Содан кейін олар басшылар, маркетологтар, зерттеушілер сияқты өз стартаптарымен жұмыс істейтін болады. Оларға өз клиентін зерттеуге, өз өнімінің прототипін жасауға, серіктестерді табуға және т.б. көптеген әрекеттер жасауына тура келеді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
« Стартап акселератор (1)». 10 сыныпта алынған білім мен дағдылар негізінде жеке өзіндік бизнес-идеямен жұмыс жасау. Жеке бизнес-модельді құру туралы түінікті қалыптастыру, өзгерістерді басқару дағдылары. Бизнес-модель жүйесін құру призмасы тұрғысынан жеке бизнесті құру мен жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың жеке бизнес-идеяларын қорғауы (жаздық демалысқа үй тапсырмасы), идеялардың келісілген бағалауы мен 2-5 адамнан тұратын командалар құру (хакатон форматында қызығушылық танытқан тараптар (мектептер, аймақтық жоғары оқу орындары, жергілікті компаниялар) тарапынан мәселелерді құруға да мүмкін болады). Заманауи стартап-акселераторлар мысалымен негізгі құрал – канва бизнес-моделімен (Canvas) танысу. Бизнес-жоспар құрылымын түсіну. Өз өнімнің/қызмет көрсетудің құндылық ұсынысын, қолданушылар сегментін, коммуникациялар арналарын, пайдаланушылармен қатынас пен табыстар түсімдерін анықтау. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;
«Стартап акселератор (2)». Оқушылардың өзіндік жеке жобаларын жасаудың қорытынды кезеңі. Маңызды құндылықтарды құруға қажетті ресурстармен (материалды, физикалық, адами, зияткерлік) танысу. Әр ресурстарды талдау: оқушылардың жеке жобаларына қажетті ресурстарды таңдау, ресурстар құнын анықтау, олардың орналасуын анықтау. Маңызды құндылықтарды құру үшін ресурстарды басқару. Бизнес-концептіні құру (бизнес-модельдер, нарық мәселелері, команданың сипаты, мақсаттар). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;
«Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы». Жеке қаржылық сауаттылықпен танысу, жеке қаржы ресурстарын басқара білу мен өзін-өзі алға жылжыту бағдарламасын жасақтау. Өзіндік презентация, өз-өзін сату, түйіндеме құру мен кәсіби байланыстар орнату бойынша тәжірибелік білім;
«Даму стратегиясы». Кәсіпкердің стратегиялық ойлау қабілетін дамыту. Бизнескейстер мен теориялар арқылы ішкі нарықта және халықаралық нарықтарда да бизнестің дамуының моделін таныстыру. Бизнесті қолдау институттарының рөлін бөліп қарастыру.
Мақсат қою құралдары арқылы жеке дербес өмірлік стратегия мен мансапты (1-20 жыл) құру.
Бағдарлама үш жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде мұғалімдерге арналған бірқатар оқулықтар мен нұсқаулықтар жазылды, пән мұғалімдерін қайта даярлау үшін тренингтер өткізілді, мұғалімдерден, ата-аналардан және мектеп оқушыларынан кері байланыс жиналды, екі тілде тегін курстар мен оқу материалдар жинағы бар интернет-ресурс құрылды.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша сабақтарға қонақ дәрістерін өткізу үшін жергілікті кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлерін, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының қызметкерлерін қатыстыруға болады.
Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін сабақ кестесіне жұппен қою ұсынылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі.
Формативті бағалау нәтижелері электронды/қағаз журналда балл түрінде қойылады. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 10-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төмен деңгей, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей критерийлеріне сәйкес келеді. Орта есеппен 7-10 балл жинаған оқушыға тоқсан соңында автоматты түрде «есептелді» қойылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі кеңес білім алушылардың жұмысын басқару және оларға пәнді өз бетінше оқып-үйренуге көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады. Қашықтан оқыту технологиялары оқытудың түрлі әдістер мен қосымшалар арқылы арқылы жүзеге асырылады Zoom.us, WhatsApp, Google classroom, Bilimland (online-mektep.org) және т.б. Zoom.us платформасында топтық тапсырмаларды беру кезінде сессиялық залдарға бөлу арқылы өткізу ұсынылады.
Тоқсан соңында мен оқу жылының соңында «есептелді» («есептелген жоқ») қойылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әр түрлі мамандық дипломы бар мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен» ҚР ҰКПның ұйымдастырған арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қатысты сертификаты бар болуы тиіс.[2]