Аннуитеттік төлем — негізгі қарыз бойынша берешектің бір бөлігін және есептелген пайыздарды қамтитын несие бойынша төлем. Аннуитеттік төлем сомасы тұтас кредиттеу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады, яғни әр ай сайын бірдей сома төленеді. Бірақ бұл жағдайда сіз ең алдымен пайыздарды барынша төлейсіз және кредит беру кезеңінің соңында ғана кредит сомасының өзін төлей бастайсыз.
Аннуитеттік төлем мынадай формула бойынша
е септеледі:
мұндағы, i – айына несие бойынша пайыз
мөлшерлемесі, мысалы, егер несие жылдық 12% -бен берілсе, онда айына 12/12/100 = 0.01 немесе 1 пайыз болады;
n – айлармен есептелген несие мерзімі
Мысалы, егер сен 6 ай мерзімге жылдық 12% - бен 200 000 теңге сомасында несие алсаң, онда ай сайынғы аннуитеттік төлем:
болады. Ай сайынғы төлем 34 510 теңге. 6 айда қайтарылатын жалпы сома 34 510 × 6 ай = 207 060 теңгені құрайды. Несие бойынша пайыздар немесе артық төлем 7 060 теңгені құрайды.
Сараланған төлем — мөлшері әр ай сайын өткен айдан сәл аз бо- латын төлем (сараланады). Ол негізгі борыш пен пайыздарды өтеу сомасынан тұрады, бірақ оның негізгі борышының құрамдас бөлігі тұрақты, ал пайыздардың құрамдас бөлігі азаяды. Әдетте мұндай схема алғашқы төлемдері барынша үлкен және оны өтеуге көп күш салуға тура келетіндерге қолайсыз. Сараланған төлем мынадай формула бойынша есептеледі:
Сараланған төлем = –қарыздың негізгі сомасын өтеуге кететін сома; – төленетін пайыздардың сомасы.
, мұндағы, S – несие сомасы, N – айлармен есептелген несие мерзімі; , мұндағы, - несие бойынша берешек
қалдығы, i - жылдық пайыздық мөлшерлеме. Е нді 200 000 теңге несие сомасы жылдық 12%бен 6 ай мерзімге берілген сараланған төлем бойынша есептерді келтіреміз. Алдымен қарыздың негізгі сомасын өтеуге кететін соманы есептейміз: =
33 333,33 теңге. Әрі қарай, біз екінші сараланған
т өлемімізде несие бойынша пайыздарды өтеуге қанша қаражат кететінін есептейміз. Біз бірінші емес, екінші төлемді аламыз. Осылайша, біз несие бойынша берешек қалдығы қалай дұрыс есептелетінін ( ) көрнекі түрде көрсетеміз:
теңге
Сараланған несие бойынша екінші төлем:
33 333,33 + 1666,67 = 35 000 теңгені құрайды.
Алдыңғы есептеуге ұқсас, біздің несие бойынша барлық ай сайынғы сараланған төлемдерді есептеуге болады
1-кесте. Сараланған төлемдер бойынша несиені
өтеу кестесі