5. 10-СЫНЫП «КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГІНЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ НЕМЕСЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
_______________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)
кәсіпкерліктің пәні, мақсаттары және міндеттерімен танысады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:
Сабақтың басы 10 мин.
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білімді меңгеруге дайындайды;
Оқу үрдісінде мотивация беруге жағдай қалыптастырады.
«Жетістіктер ағашы» ойыны. Саламатсыздар ма оқушылар! Сіздердің жақсы көңіл күймен келгендеріңізге қуаныштымын! Балалар, мына жалғыз тұрған ағашқа көңіл аударсаңыздар (тақтада жапырақтарысыз ағаш бейнеленген). Әрқайсыңызда әр түрлі түстегі жапырақтар бар (парталарының үстінде). Сіздер осы жапырақтардың бірін алып, біздің жалғыз тұрған ағашты түрлі-түсті жапырақтармен толтырсаңыздар (әр оқушы өзіне ұнаған түстегі жапырақты таңдап, ағашқа бекітеді). Оқушылар жапырақтарды бекіткеннен кейін:
Жасыл түсті жапырақтарды таңдағандарыңызға, бүгінгі сабақ табысты болады деп күтеміз.
Кызыл түсті жапырақ таңдағандар – қарымқатынас орнатқысы келеді.
Сары түсті жапырақ таңдағандар – белсенділік танытады деп күтеміз.
Көк түсті жапырақ таңдағандар – табандылық танытады деп күтеміз.
Ағаш жапырақтармен жамылды, сіздердің арқаларыңызда ол әр түрлі түске боялды.
Ағаштың әдемі безендірілуі сіздердің күтулеріңіз және ұмтылыстарыңызға байланысты болды.
Осылайша, сабақтың жақсы өтуі және тапсырмалардың жақсы орындалуы да сіздерге байланысты болады.
Бүгінгі сабақта барысында сіздер табандылық,
Флипчарт немесе ватман (Жапырақтарысыз ағаш суретін салыңыз). Әр түрлі түстегі жапырақтар. Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 144 бет
белсенділік танытып, бір – біріңізбен жақсы қарымқатынаста болсаңыздар, сабақ табысты деңгейде өтеді деп үміттенемін!
Сабақ басында мұғалім оқушыларды оқыту процесінің аспектілерімен таныстырады. Оқушыларға atameken.co порталына қалай тіркелу керектігін;
тоқсанды ұйымдастыру: қандай бөлімдер мен тақырыптар оқытылатынын көрсету керек