Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық



бет3/7
Дата18.12.2022
өлшемі131,66 Kb.
#57893
1   2   3   4   5   6   7
Көлемді-жоспарлау шешімдері
Қабылданған көлемдік-жоспарлау шешімдерінің негіздемесі:
II дәрежелі отқа төзімді ғимарат
Ғимарат тікбұрышты пішінде жасалған: ауыспалы қабатты ғимарат, жоспарлары 43.0х15.0 м. Үй – жайлардың таза еденінің деңгейі жер деңгейінен 0.650 м жоғары көтерілген. "1 -7" - 3,9 м осьтердегі ғимараттың биіктігі, "8-10" осьтеріндегі ғимараттың биіктігі – 11,5 м.
Ғимарат функционалды түрде өзара байланысты 3 үй-жай тобынан тұрады:
- қызметтік-жолаушылар ғимараты;
- командалық-диспетчерлік пункт (КДП);
- 40 орындық буфет.
Өрттен қорғау жүйелері үй-жайларының блогы КДП үй-жайларынан 1 типті өртке қарсы қалқамен бөлінген.
1-3, А-Г осьтерінде буфет орналасқан. Қырық орындыққа жобаланған буфет.
Жобаланатын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының құрамында:
- 40 орындық асхана;
- келушілердің гардеробы;
- келушілердің жуынатын бөлмесі;
- бар мен буфеттің қосалқы бөлмесі;
- жуу;
- персоналдың гардеробы;
- даяшылар бөлмесі;
- персоналдың жуынатын бөлмесі;
- қойма және жуу ыдыстары;
- жинау жабдықтары бөлмесі.
Келушілердің кіруі персоналдың кіруінен бөлек.
Ғимараттың орталық бөлігінде 3-6, А-Г осьтерінде жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар орналасады. Мұнда:
- операциялық зал;
- арнайы бақылау үй-жайы;
- арнайы бақылаудан өткен жолаушылардың ұшуын күту залы;
- қызметтік үй-жайлар;
- АҚҚ (авиациялық қауіпсіздік қызметтері) қызметтік үй-жайы;
- медициналық пункт;
- жуынатын бөлмелер;
- жинау жабдықтары бөлмесі.
Ғимараттың 6-9, А-Г осьтерінде КДП үй-жайлары орналасады:
- ілеспе құжаттарды ресімдеу жөніндегі кезекші;
- қызметтік үй-жайлар;
- пилоттардың демалыс бөлмесі;
- байланыс торабының қоймасы;
- электр қалқаны;
- жуынатын бөлме.
8-9, А-В осьтерінде орналасады:
- АТС (автоматты телефон станциялары) аппараттық байланысы, командалық-диспетчерлік пункт (КДП);
10-11, А/1 – А/2 осьтерінде баспалдақ торы орналасқан. Баспалдақтың жақтауын толтыру – витраждар:
2-ші қабаттағы үй-жайлардан және диспетчерлік бөлмеден жер деңгейіне дейін түсу үшін тікелей баспалдақ алаңына шығу жолдары бар.
Технологиялық талаптарға сәйкес командалық-диспетчерлік пункттің айналасында балкон және КДП төбесіне көтерілуге арналған металл баспалдақ бар.
Ғимараттың көлемдік-жоспарлау шешімдері адамдарды ғимаратқа іргелес аумаққа сыртқа эвакуациялау мүмкіндігін, өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының өрт ошағына т.б. екі баспалдақпен кіру мүмкіндігін қарастырады.
Эвакуациялық жолдарды (баспалдақ торларын, дәліздерді) әрлеу жануы қиын эмальмен орындалған.
Қоймалар мен басқа өрт қаупі бар үй-жайларда есіктер отқа төзімді етіп жасалады. Ғимаратта өрт кезінде желдетуді автоматты түрде өшіру қарастырылған, ғимарат өрт дабылымен жабдықталады. Эвакуация жолдарындағы есіктер ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет