Жерэлипсоидының немесе шардың бетін жазықтықтакескіндеудіңматематикалық əдістерін картографиялықпроекция дейміз. Жердің градус торларын картадакескіндеуді картографиялық тор, ал меридиандар мен параллельдердің түйілісетін нүктесін тоғысу нүктесідейміз. Ол К əрпімен белгіленеді.
Картаны құру үшін алдымен жазықтықтакартографиялық торлар, содан кейін тордың ішінегеографиялық нысандарды шартта белгілермен белгілеполардың кескіндері түсіріледі. Градус торларын құруəртүрлі тəсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылуымүмкін.
Перспективті проекцияны қолданғанда,картографиялық тор шардың бетінен жазықтыққа немесебасқа қосалқы геометриялық жазықтықтарға (конус,цилиндр) перстективті тоғысу нүктелері арқылы жобаланып, содан кейін жазықтыққа бұрмаланусыз көшіріледі. Перспективті проекицямен құрылғанкарталарға солтүстік жəне оңтүстік жартышарлардың карталары мысал болады
Картографиялық проекцияларды қосалқыгеометриялық жазықтықтың түрлері мен бағдалау əдістеріне қарай жіктеу. Географиялық карталардықұруға қолданылатын проекциялар белгілеріне қарайқосалқы геометриялық жазықтықтың түрлеріне, қосалқы геометриялық жазықтықта бағдарлау əдістеріне жəнебұрмалану сипатына қарай жіктеледі.
Қазіргі кездегі өндірісте картографиялық торлар талдау жолымен құрылады. Бірақ жер элипсоидының шар тəрізді бетінен жазықтыққа көшуді көрсететін «конусты», «көпконусты», «цилиндрлі», «жалған цилиндрлі», «азимутты» сияқты қосалқы геометриялық жазықтықта кескіндеу əдістерін айқындайтын терминдер сақталады. Бұл терминдер жоғарыда аталған қосалқы геометриялық жазықтықты қолдану негізінде алынған картографиялық торды құру əдістерін түсіндіруге көмектеседі. Қазіргі кездежоғарыда аталған жіктеу белгілері қалыпты картографиялық тор ретінде қарастырылады.
Цилиндрлі проекциялар. Білігі мен диаметрлерісəйкес келетін жанасатын қалыпты цилиндрліпроекциямен құрған карталардың тоғысу нүктелері мен картографиялық тордың сызықтары шар тəрізді глобустың бетінен цилиндрдің бүйір қабырғасына жобаланады. Қосалқы геометриялық жазықтық ретінде жанасатын цилиндрді пайдалану экватордағы тоғысу нүктелері А, В, С, D жəне тағы басқаларды глобустан жəне картадан табады. Басқа тоғысу нүктелерін глобустан цилиндрдің бетіне көшіреді. Атап айтсақ, С нүктесімен бірге бірмеридианның бойында орналасқан Е жəне F нүктелерінжазықтыққа Е′ жəне F′ көшіреді.
Конустық проекциялар. Конустық проекциядакартографиялық торды тұрғызу үшін қалыпты жанасатын немесе қиып өтетін конустар қолданылады. Барлық қалыпты конусты проекциялардың меридиандарының сыртқы пішіні бір нүктеден таралатын сəуле тəрізді түзу, параллельдерінікі концентрлі доға сияқты болады.
Азимутты проекциялар. Глобустың градус торларын жанасатын жазықтықта жобалау арқылы құрылатын картографиялық торлардың барлығын азимутты проекциялар дейміз. Қалыпты азимутты картографиялықтор жазықтықты глобустың полю- сында, ал көлденең азимуттыны экваторда, көлбеу азимуттыны глобустың кез-келген бөлігінде жанастырып жобалау нəтижесіндеқұрылады