«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет124/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151
Банк салымы шарты. Банк салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.

Бұл шарт банктермен салымшыларды несиелеуді қамтамасыз етеді. Банктер кәсіпкерлік кызмет субъектілері ретінде банктік салым шартын орындаумен байланысты қауіптерді толығымен көтереді, олар салым сомасына оны ақша капиталы ретінде пайдаланғаны үшін есептелетін сыйақыны төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тұрғындардың заңды тұлғалардың бос ақшаларын пайдаланудың тиімділік дәрежесін арттырады, олар өз кезегінде елеулі қауіпсіз тұрақты табыс алу мүмкіндігіне ие болады.



Банктік салым шарты салымшының (банк клиентінің) атына рәсімделетін салымшының салым жасағанын куәландыратын (салым құжатын) құжатты шарт бекіткеннен кейін берумен рәсімделеді. Салым кұжаттары болып депозиттік сертификат немесе салымшының кітапшасы (жинақтаушы кітапшасы) табылады. Салымшының талап етуі бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгілі бір үшінші тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін. Салымшы - азаматтың ол қайтыс болған жағдайда салым берілуі тиіс адамдарды көрсетуге құқығы бар.

Аталған нұсқаудың 14-тармағына сәйкес салымның мәнді жағдайлары болып мыналар табылады: 1) шарт пәні; 2) банктің қызмет көрсету жағдайы және оған ақы төлеу тәртібі. Шартта тараптармен келісілген (қосымша жағдайлар) басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Онда сондай-ақ, заңнамамен белгіленетін қосымша талаптар да болуға тиіс. Салымдар және соған сәйкес, банктік салым шарттары бірнеше түрге бөлінеді. Бөлу белгілі болып салымдарды қайтару жағдайы табылады. Сонымен салымның мынадай үш түрі бар: талап етілмелі салым; мерзімді салым; шартты салым.

Талап етілмелі салым салымшының бірінші талап етуі бойынша немесе ішінара қайтарылуға жататындығымен сипатталады. Мерзімді салым белгілі бір мерзімге, әдетте, бір жылға дейін салынады. Шартты салым шартпен көзделген белгілі бір жағдайлардың туындауына дейін салынады. Ол сол бір немесе өзге кездейсоқ жағдайларда ақша қаражатын іздеп табуға мүмкіндік беретіндігімен ыңғайласты. Өйткені бірқатар жағдайларда олар банктік салым шартында туындайтын шарттар түрінде қамтылатын болып табылады. Заңдық табиғаты жағынан шартты салымның өзі шартты мәміле болып табылады.

Шарт мерзімі. Банк салымы шарты салым сомасы банкке келіп түскен күннен бастап жасалған болып саналады. Мерзімді салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін ақшаны іс жүзінде салу сәтіне ұштасатын уақыт кезеңінің басталуы құрайды. Бұл мерзім ақша салынған күннен кейінгі келесі күннен бастап жүреді. Шартты салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін аяқталуы сөзсіз болуға тиіс.

Банк салымы шартының элементтері болып объект, тараптар, мазмұны табылады. Оның объектісі (пәні) ақша (ұлттық және шетелдік валюта) болып табылады. Банк салымы шартының субъектілік құрамы бір жағынан әрқашан банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым шығатындығымен сипатталады. Екінші (салымшы) жақтан шартқа және заңды тұлғалар да қатыса алады. Заңнамада тікелей көрсету немесе шектеу болмаса да, салымшылар болып басымды түрде коммерциялық емес заңды тұлғалар болады. Өйткені дәл соларда ақша қаражаттарын пайдалану-басымды шығыс сипаты көрінеді. Яғни олардың ақша қаражат - тұрақты коммерциялық айналымда емес, керісінше салыстырмалы тыныштык жағдайында болады. сондықтан банк салымы шарты оларға қысқа уақыт аралығында белгілі бір қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Банк салымы шарты біржақты шарт болып табылғандыктан ол бойынша міндеттер банкке жүктеледі. Нормалары осы жағдайда да қосымша маңызға ие болатын банктік қызмет көрсету және заем туралы жалпы ережелерге сәйкес банк өз міндеттемелерін қажет болған жағдайда ақшаларды қайтаруды, сөзсіз қамтамасыз ете алатындай орындауға міндетті. Сонымен қатар клиент банк салымы шартымен алдын ала келісілген шектерде ақшаға билік ету мүмкіндігінен айырылуға тиіс емес.

Клиент салымдарды қолма-қол ақшамен де және қолма-қол ақшасыз аударулар жолымен де енгізуге құқылы. Талап етілмелі салым кезінде салымдар (қосымша жарналар) клиентпен кез келген сомада және кез келген кезеңде енгізілуі мүмкін. Осыған орай банкке салымдар бойынша қосымша жарналар қабылдау міндеті жүктеледі. Мерзімді салымдар, сондай-ақ шартты салымдар кезінде, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшы ақшаны бір жолғы жарна түрінде енгізеді.

Банк үшінші тұлғалардан салымшының атына түскен ақшаны қабылдауға міндетті, бірақ олар оның бірыңғайландырылған дербес коды туралы қажетті деректерді көрсетуге тиіс.

Банк, сондай-ақ салымшыға банк сапымы шартымен анықталатын мөлшерде салым сомасына сыйақы төлеуге міндетті. Клиент талап етілмелі салымдар шарттары бойынша шарттық қатынастарды банк үшін тез және кенеттен тоқтату мүмкіндігі жоғары болғандықтан, әдетте, бұл шарттар бойынша сыйақы мөлшері мерзімді және шартты салымдарға қарағанда төмен.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, банктің салым бойынша сыйақының мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ. Сыйақы мөлшері талап етілмелі салымдар бойынша енгізілетін қосымша жарналар бойынша өзгеруі мүмкін. Осы ереже қолданылады. Егер мерзімді салым немесе шартты салым шарттарымен клиентке салымға қосымша жарналар енгізу құқығы берілсе, банк бұл жағдайларда сыйақы мөлшерін, ақша түскен күні банк қолданған сыйақыға сүйене отырып, жаңадан түскен қосымша жарналар бойынша есептейді.

Үшінші тұлғалардың пайдасына салымдар. ҚР АК 764-бабының мәнісінен туындайтыны - үшінші тұлғалардың пайдасына салым жасау банк салымы шартының өз алдына жеке түрін кұрайды. Оны бөлудің себебі тараптардың қандай да бір ерекше құқыктары мен міндеттерін белгілеуде емес, ал үшінші тұлғаның пайдасына салым жасау үшінші тұлғанын пайдасына жасалатын шарттың (ҚР АК 391-бап) белгісіне толық көлемде сай болмайтындығында, бірақ ҚР АК 764-бабының 4-тармағы аталған норманы, ҚР АК 764-бабының 4-тармағы аталған норманы, ҚР АК 764-бабының нормаларына қайшы келмейтін бөлігінде, үшінші тұлға пайдасына салым жасау қатынастарына қолдануға болатындығын ескертеді. Егер ол осы белгілерге сай болғанда оны үшінші жақтың пайдасына жасалатын әдеттегі шарт (салым) деп есептеуге болар еді. Үшінші тұлға пайдасына салым жасаудың ҚР азаматтық кодексінің аталған 391-бабына сәйкес бекітілетін үшінші жақтың пайдасына шарт жасаудан ерекшелігі атына салым енгізілген тұлға салымшыға, яғни шарт бойынша тарапқа айналатындығында. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын әдеттегі шартта шартты бастапқы бекіткен субъект шарттан шығып қалмайды, ал үшінші тұлға тек шарт бойынша борышқордан орындауды талап етуге қатысты құқығы бар, құқықтық қатынастардың субъектісіне айналады. Олардың тағы бір ерекшелігі - үшінші тұлға пайдасына жасалатын әдеттегі шарт бойынша ішінара несие берушінің пайдасына және ішінара үшінші тұлғаның пайдасына салым шарты бойынша несие беруші болып толық көлемде салымшы танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет