Байланысты: « аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-
10 тақырып. Сақтау
Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 768-б.1-т.).
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде кызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру кажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй-жайларының құрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.
Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай-ақ, сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру (атап өту) кезінде тағы бір рет сипатталатын (нактырақ) болады.
Сақтау бойынша міндеттеме басқа түрдегі шарттар мазмұнына кіретін жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл объективті де субъективті де факторлармен түсіндірілуі мүмкін. Осылайша сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары - олардың басқа шарттардың мазмұнына кіруіне негізделеді. Бұл жағдайларда да сақтау бойынша қатынастардың қалған үш құрылымын ажыратып алуға мүмкіндік беретін вариациялар мүмкін.
Екінші құрылым болып сақтау бойынша міндеттеменің бір асакүрделі шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусызәрекет ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады.
Сақтау күрделі емес, аралас шарттың да кұрамына ене алады. Сақтаудың аралас шарттың құрамына енуі екі құрылымды мүмкін етеді. Бірінші құрылым (яғни жалпы тізім бойынша үшінші) кезінде сақтау шарттағы тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның өзі қосымша болып табылады. Оны ашатын мысалдарға бірнешеуін келтіруге болады. Мәселен, сақтау бойынша қосымша мін-деттеме тараптардың келісімімен көлік экспедициясы, мердігерлік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.
Төртінші құрылым сақтау бойынша міндеттеменің басқа міндеттемелермен қатар орын алуын (басымды немесе кем дегенде теңдей тәртіпте) көздейтін болады. Сақтаушы өзіне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк беруші пайдасына қосымша мердігерлік жұмыстар атқару және т.б. міндеттерді қабылдауы мүмкін.
Сол бір немесе өзге құрылымды қолдану, сақтау бойынша қызмет көрсететін субъект пен оның несие берушісі қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге әрине ықпал етеді. Алайда, біздің ойымызша, сақтау жөніндегі жалпы, негізгі ережелердің де маңызын кемсітпеген жөн. Сақтау шартын (міндеттемесін) аралас шарттардан бөлектеген жөн. Бұл сақтау шартының өзі туралы толық пікір (әсер) алуға мүмкіндік береді.
Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалға алушының міндеттері тікелей мүлікті жалға алу шартынан туындайды (тек осы шарттың ерекшелігін құрайды). Жоғарыда мүлікті жалға алу шартын қарастыра отырып, біз мүлікті ұстау жө-ніндегі ауыртпалық сәйкесінше жалға алушыға өтуге тиіс екендігі туралы айтқанбыз. Егер де сақтау шарты туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мүлікті ұстау ауыртпалығын сақтаушыға жол берілмейді. Осы айтылған сөз аралас шарттардың соның ішінде жалға алу элементтері бар сақтау шартының бекітілуін жоққа шығармайды. Мұндай сәттерде, тиісінше жалға алу немесе сақтау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардың қандай қатынастарына қолданудыанықтау міндеті туындайды. Бұл жөнсіз мәселе емес. Мәселен, жалғаберуші мүлікті жалға бере отырып, затты пайдалану нәтижесінде оның мүмкін болатын тозуымен алдын-ала келіседі. Ал, жүк беруші болса затты бұрынғы күйінде, тозусыз қайта алуға жиынтық айырмашылық айқын көрінеді. Қандай нормалар басымды болып табылады, тараптар мүдделерінің балансы кайда? Бұл даулар бойынша істерді шеше алатын аяттар, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтық құкықтың өзге демамандары үшін күрделі сұрақтар болып табылады.
Сондықтан олардың мәнісіне, мазмұнына нормативтік реттелуі мен осыған байланысты, мүмкін болатын тәжірибелік айырмашылықтарға сүйене отырып біз сақтаумен заем сақтау мен қозғалмайтын мүлікті күзету шарттарын ажыратамыз.
Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады: 1) заттарды ломбардта сақтау; 2) құндылықтарды банкте сақтау; 3) көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау; 4) ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау; 5) қонақ үйде сақтау; 6) даулы заттарды сақтау - секвестр.
Кәсіпкерлік аясындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін арнайы көзделген және осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен міндеттеріндегі елеулі ерекшеліктерге байланысты жеке бөліп қарастырылатын сақтау шартының тағы бір түрі болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады.
Сақтау шарты реалды шарт. Бұл ҚР АК 768-бабының 2-тармағының мазмұнынан көрінеді. Онда сақтау шарты зат сақталуға берілген кезден бастап жасалған деп танылатындығы, тікелей көрсетілген.Аталған норма мағынасынан туындайтындай, бұл шарттың мәні тараптардың еркі бойынша консенсуалды шарт құрылымын қолдануға бейімделмеген. Өйткені алдын ала келісім бойынша жүк берушіні сақтаушымен мәжбүр ету мүмкіндігі ең алдымен егер бұл басқатұлғалардың мүдделеріне зиян (шарттық немесе шарттық емес) келтірмейтін болса өз мүлкіне билік ету мүмкіндігі болуға тиіс меншікиесі ретіндегі жүк беруші мүдделеріне зиян келтірер еді. Жүк беруші шарттан бас тарту кезінде бұл орын алмайды (орын алмауға тиіс) өйткені кәсіпкер болып табылмайтын сақтаушы сақтау бойынша қызмет көрсетуден жүйелі негізде пайда табуды жоспарламайды.
Сақтаушы рөлінде кәсіпкер тұрса басқаша болады. Онымен сақтаудың консенсуалды шарты бекітілуі мүмкін (ҚР АК 769-б.1-т). Бұл жағдайда заң шығарушы сақтаушының заңды мүдделерін ескереді.
Кәсіпкермен бекітілетін сақтау шартын консенсуалды сипат қана емес, сондай-ақ оның жариялылығы да ерекшелендіреді (ҚР АК 770-бап). Сақтау шарты жалпы ереже бойынша ақысыз шарт болып табылады, бұл оның келтірілген анықтамасынан айқын көрінеді. Заңнамадан, іскерлік айналым дағдыларынан шарттың ақылылығы байқалған жағдайларда тараптар өзара келісім бойынша ақысыз сақтауды шарттауы мүмкін. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібінде бекітілген сақтау шарты егер ақысыздық туралы арнайы ескертпе (тараптар келісімі) болмаса, ақылы деп танылады.
Сақтау шартын кейде бір жақты шарт деп атайды, өйткені реалды ақысыз сақтау шартын бекіткеннен кейін міндеттердің негізгі бөлігі сақтаушыға жүктеледі, ал жүк беруші негізінен құқылы субъект ретінде көрінеді. Бірақ мұндай сәттерде де сақтау шартының толықтай біржақты сипаты туралы айтуға болмайды. Ал егер сақтау шартының ақылылығы мен (немесе) консенсуалдығы туралы сөз қозғалса, онда сақтаудың біржақтылылығы туралы пікірлер орынсыз болары анық.