Байланысты: « аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзініңақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Факторинг шарты екі жақты ақылы шарт. Факторинг шартының екі жақтылығы кейінірек қарастырылатын, тиісті құқықтар мен міндеттердің шарттың екі тарабында да туындайтынынан көрінеді, олар келтірілген анықтамада ашылған осы шарттың негізгі мазмұнымен қамтамасыз етілген. Факторинг шартының ақылылығы алдын ала келісілген соманы беруге жауап ретінде клиенттің факторға мүліктік құқықты беруінен көрінеді. Факторинг шарты реалды да, консенсуалды да сипатқа ие болуы мүмкін.
Факторинг шартының нысаны. Факторинг шарты жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Талап етуді беру нысанына қойылатын талаптар сақталуға тиіс (346-бап). Бұл талап етуді беру жүзеге асатын мәміле қандай жазбаша нысанда жасалғанына карай факторинг шартының нысаны тиісінше болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәміле бойынша талап етуді беру осы мәмілені тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркелуге тиіс. Бағалы ордерлік қағаз бойынша талап ету берілген кезде клиентпен индоссамент жүзеге асырылуға тиіс.
Факторинг шартының элементтері. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты аясында жүзеге асырылатын қызмет банкілік операциялар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметі туралы'" Заңының 30-бабына сәйкес факторингтік операция: тауарлар (кызмет көрсету, жұмыс) сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын төлемеу қаупінен бірге алу банктермен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады. Аталған заңи актінің 5-бабы бойынша факторингтік операцияларды ұлттық банктің лицензиясы негізінде банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге құқылы болатын заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады.
Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Факторинг шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 239-347-баптарымен көзделген талап етуді беру туралы жалпы ережелер қолданылады. Тараптарға тән құқықтар мен міндеттердің ерекшеліктері факторинг қатынастарын арнайы реттейтін нормалармен белгіленуі мүмкін. Осылайша, клиент бұл шартты оған тиесілі талап етуге қатысты борышкордың келісімінсіз бекітуге құқылы. Бұған қоса, ақшалай талапты салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанның өзінде де жарамды деп танылады.
Клиент қаржы агентіне жарамды талапты беруге міндетті. Бірақ ол жаңа несие беруші алдында борышқор үшін кепілдеме беруші және кепіл болушы болмаса, осы талапты борышқордың орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Егер клиент борышқормен бекітілген шарт бойынша өз міндеттемесін бұзса және егер шарт жағдайларына байланысты борышқор бұл соманы тікелей клиенттен өндіріп алуға құқылы болса, клиент факторға төленген ақша сомасын борышкорға қайтаруға міндетті.
Шартта фактор ақшалай талапты берудің орнына талапты жүзегеасырумен байланысты барлық ауыртпалыктарды өзіне қабылдайтын агенттік келісім элементтерінің болуы клиент үшін фактормен көрсетілетін қаржыландыру мөлшері берілетін ақшалай талап мөлшернен кем болуға тиіс деген оны ойына сүйенеді. Бұл фактор көрсеткен қызметтерді жанама түрде төлеу нысанына себепші болады. Бірақ фактордың осындай тектес қызметтерді көрсетумен байланысты мамандандырылған кәсіп-керлік кызметті жүзеге асыруы оған белгілі бір қауіптердің (тәуекелдің) жүктелетіндігін білдіреді.
Мәселен, ақшалай талапты беріп каржыландыру шарты бойынша клиент қаржыландыру одан осы талапты қаржы агентінің сатып алуы жолымен жүзеге асырылғанда, соңғысы борышқордан талапты орындау үшін алатын барлық сомаға құқықты иемденеді, бірақ клиент өзі алған сома қаржы агенті клиентіне төлеген сомадан аз болғаны үшін қаржы агенті алдында жауап бермейді.
Фактормен қызмет көрсетудің элементтері, оның міндеттемелері, клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізу және беру пәні болып табылатын ақшалай талаптарға қатысты (ақшалай талаптар бойынша есептер беру) құжаттарды көрсету, сондай-ақ клиентке осы талаптармен байланысты өзге де қаржылық қызметтерді көрсетуді қамтуы мүмкін екені айқын көрініс табады.
Талапты берудің нәтижесінде қаржы агентіне төленген соманы тікелей клиенттен талап етуге құқығы бар борышқор белгілі бір жағдайларда оларды қайтаруды қаржы агентінен талап ете алады. Бұл қаржыагенті клиент алдындағы талаптың берілуі бойынша оны қаржыландыруды жүзеге асырудағы міндеттерді орындамағаны не борышқордың алдындағы талаптың берілуіне байланысты каржыландыруға жататын міндеттемені клиенттің бұзғандығын біле тұра қаржы-жүргізгені дәлелденген жағдайларда мүмкін болады.