«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Банкілік қызмет көрсету шарттарының жекелеген түрлері



бет44/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

8 тақырып. Банкілік қызмет көрсету шарттарының жекелеген түрлері

Банктік қызмет көрсету шарты. КР Азаматтық кодексі банктік кызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді: 1) Банктік шот шарты; 2) ақша аудару шарты; 3) банк салымы шарты, ол негізінен несиелік катынастарды қамтамасыз ететін болғандыктан жоғарыда қарастырылып өткен; 4) заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері. Ал енді әрқайсысын жеке ашып қарайық.

Банктік шот шарты - кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің құрамына кіретін құқықтық катынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.

Қазақстан Республикасының "Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңында банктік шот банк пен клиент арасында салым (депозитті) қабылдау бойынша шарттық қатынастарды көрсететін тәсіл ретінде және банктің төменде көрсетілген операцияларды жүзеге асыруымен байланысты анықталады:

  • Клиентке тиесілі акшалардың болуы мен пайдалануын банктің қамтамасыз етуімен байланысты;

  • Клиент пайдасына ақшаны қабылдаумен байланысты;

  • Банктік шот шартымен немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің өкімін орындаумен байланысты;

  • Егер бұл банк салымы не банктік шот шартымен көзделмесе, клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен байланысты;

  • Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте
    қолма-қол ақшаны клиенттен кабылдауды және оған беруді жүзеге асырумен байланысты;

  • Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте,
    банктегі клиенттің ақша сомасы және жүргізілген операциялар туралы ақпаратты клиенттің талап етуі бойынша берумен байланысты;

  • Банктік шот немесе банк салымы шартымен анықталатын мөлшер мен тәртіпте сыйақыны төлеумен байланысты;

  • Клиентке шартта, заңнамада немесе банктік тәжірибеде қолданатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты. Банктік шоттар банк пен клиент банктік шот немесе банк салымы шартын бекіткен кезде ашылады.

Бянктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шот шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банктік шот шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Шарт элементтері. Шарт тараптары: банк және клиент - бұл кез келген заңды немесе жеке тұлға. Банк салымдарын енгізу кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігімен қамтылатын болғандықтан, банктік шот шарты бойынша шот иелері ретінде кәмелетке толмағандар да бола алады. Әрекет етуші заңнамада жеке және заңды тұлғалар шоттарының режимі арасында түпкілікті айырмашылық көрсетілмеген, тек осы шоттарды ашу тәртібінде ғана айырмашылық байқалады. Операцияларды жүргізу клиенттің құқық, әрекет қабілеттілігінің көлеміне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Шарт пәнін (ақша қаражаттарын) ақша (теңге немесе шетел валютасы) құрайды.

Шарт мазмұны. Бантік шот шарты бойынша банк тиісті шот ашуға тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары көзделеді. Жоғарыда аталған операциялар жүзеге асырыла алмайтын шоттар, сондай-ақ банктерде бухгалтерлік есептің бағыттарын шоттар, баланстық шоттың бөліктері болып табылатын дербес шоттар, (суббағыттар) соның ішінде ссудалық шоттар банктік болып табылмайды. Банктегі ақшасын өндіріп алуға жүгінгенде мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шотта-рынан ғана жүргізіледі (29 наурыз 2000 жылғы басылымдағы ҚР-ң Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңының 6-бабы).

Банктік шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға ақшаны есепке алу мақсаттары үшін, тараптардың келісімге келуі жағдайында, бір ізге түсірілген дербес код беріледі. Банк клиенттің шоттарындағы ақшаның есебін жүргізуге міндетті. Код беру мен ақша есебін жүргізудің тәртібі банк заңнамасымен аныкталады.

Банк шарт жағдайларына, заңнама талабына және іскерлік айналым дағдыларына сәйкес жоғарыда аталған операцияларды аткаруға міндетті.

Банк клиенттің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттің ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын беруді, егер заң актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған нормативтік құқықтық актілерде өзге мерзімдер көзделмесе, оның бірізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келіп түскен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргізуге міндетті.

Банктік шоттар бойынша көшірмелер беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банк клиенттерге олардың шоттары бойынша көшірмені электрондык тәсілмен де, егер ол шартта көзделсе, қолма-кол беру (жеткізу) бойынша қызмет көрсетуге құқылы.

Егер заңнамада немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттің ақшаны пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға және оның өз калауынша ақшаға билік ету құқығына заңнамада көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ. Клиент банктік шотты ашу үшін қажетті құжаттарды беруге міндетті. Оның тізімі Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғалары үшін, Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғалары үшін, шаруа қожалықтары үшін, резидент емес заңды және жеке тұлғалар үшін, филиалдар мен өкілдіктер үшін шот ашу кезінде, мемлекеттік мекемелер үшін әртүрлі болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер құқықтық дербес субъектілері болып табылмайды және соған байланысты, олар не банктік шот шартының тарабы, не олардың иесі бола алмайды. Сонымен бірге олардың өздері немесе олар үшін заңды тұлғалар ашқан шот филиалдың (өкілдіктің) қызметін қамтамасыз ету ушін арналады.

Клиент, егер заңнаманы немесе шартпен өзгеше көзделмесе, кез келегн уақытта банктік шот шартын бір жақты түрде бұзуға құқылы. Бұл жағдайда банктік шот жабылады, клиенттің ісінде шотты жабу негізі көрсетілуге тиіс. Банктік шотты оған қатысты орындалмаған талаптар болған кезде жабуға тыйым салынады. Бұған клиент-заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта құрылуына не заңды тұлға шотында 1 жылдан астам уақыт, ал жеке тұлға шотында 3 жылдан астам уақыт ақша болмауға байланысты шот жабу жағдайлары кірмейді. Банктік шот шартын бұзу клиенттің бір ізге түсірілген дербес кодын жою үшін негіз болып табылады. Егер банкте акша қалып қойса онда банк ол ақшаны клиентке беруге немесе оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына аударуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет