Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Отбасы құқығының принциптері және отбасы құқығындағы мерзімдер



бет106/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

3.Отбасы құқығының принциптері және отбасы құқығындағы мерзімдер.
Отбасы құқығының принциптері НОТЗ 2-бабында баяндалған және отбасы қатынастарын реттеудiң маңызды ерекшелiктерiн бейнелейдi. Неке-отбасы заңдары:

  1. еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;

  2. ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;

  3. отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;

  4. отбасы iшiндегi мәселелердiң өзара келiсiммен шешу;

  5. балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

  6. отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру;

  7. отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтардың соттық қорғауда болуы;

  8. отбасының барлық мүелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптерiне негiзделедi.

Отбасы құқығындағы мерзімдер. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеудiң анықтылығы әр түрлi мерзiмдердi белгiлеумен қамтамасыз етiледi. Отбасы құқығындағы мерзiмдердi шартты түрде бiрнеше топқа бөлуге болады. Бiрiншi топқа құқықтың әрекет ету мерзiмдерi кiредi. Мысалы, бұрынғы әйелi ортақ бала туылған күннен бастап үш жылдың iшiнде бұрынғы жұбайынан алименттердi талап етуге құқылы. Екiншi топты рұқсат берушi, тыйым салушы және мiндеттеушi мерзiмдер құрайды.Мыс., неке АХАЖ органына арыз берiлген күн бiр ай өткеннен кейiн қиылады/13-б. 2-т./.Некенiң бұзылуын рәсiмдеу өтiнiш берген күннен бастап бiр ай iшiнде жүргiзiледi /187-б.2-т/.
Неке бұзылған, оны жарамсыз деп кезден бастап немесе бада анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап 270 күн iшiнде туған жағдайда бұрынғы жұбай баланың әкесi болып танылады /46-2т./.Егер атаналары баламен бiрге тұрмайтын және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша 6 айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, баланы асырап алуға олардың келiсiмi керек емес/83-3т|ша/. Некенi әйелдiң жүктiлiгi кезеңiнде және бала туғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде әйелдiң келiсiмiнсiз бұзуға болмайды/15-2т/.
НОТЗ сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күннен бастап үш күннiң iшiнде АХАЖ органдарына мынандай сот шешiмдерiнiң көшiрмелерiн жiберудi сотты мiндеттейдi:
- некенi жарамсыз деп тану туралы
- ата-аналарды ата-ана құқығынан айыру туралы
- баланы асырап алуды белгiлеу туралы
- баланы асырап алуды жою туралы.
Мерзiм нақты аймен, жылмен және т.б. анықталуы мүмкiн немесе уақыт кезеңiмен байланысты болуы мүмкiн. мыс. некеде болумен.
Отбасы қатынастарына қатысушылардың құқықтарын қорғау мерзiмдерiне талап қою мерзiмi жатады. АК 178-бабына сәйкес жалпы талап қою мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


1.Отбасы құқығының түсінігі, реттеу пәнi және әдiсi.
2.Отбасы қайнар көздері.
3.Отбасы құқығының принциптері және отбасы құқығындағы мерзімдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет