Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
Шарттың пәні – ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері болады.
Шарт нысаны – нотариалды. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс (НОТЗ 39-бап).
Неке шартының елеулі ережесі болып болашақ уақытта, әдетте ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режиміне түсетін, ерлі-зайыптылардың еңболмаса бір мүліктік құқығын немесе бір мүліктік міндетін өзгертуі саналады. Міне осы белгі неке шартын ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімнен ажыратуға мүмкіндік береді. Бөлу туралы келісім әрқашан өткен шаққа бағытталады. Неке шарты болса болашаққа қолдануға арналған – неке кезінде, сондай-ақ оны бұзу кезіне арналған ең болмаса бір ережені белгілеуі қажет.
Неке шартының мерзімі оның елеулі жағдайлары қатарына жатады. Неке шарты мерзімі көзделмей жасалуы мүмкін, бұл ретте ол неке тоқтатылғанға дейін әрекет етеді. Ал егер неке шарты неке бұзылған жағдайға жасалса, онда ол неке бұзылуы мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне еніп, шарпен көзделген міндеттерді тараптар толығымен орындағанға дейін әрекет етеді. Бірақ неке шартының тараптары оның мерзімін белгілі бір мерзіммен шектеулері мүмкін (НОТЗ 40-б. 2-т.). Бұл мерзім өткеннен кейін ерлі–зайыптылар арасында туындайтын құқықтар мен міндеттер ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимінің ықпалына түседі.
Тараптар, сондай-ақ неке шертымен көзделген құқықтар мен міндеттерді белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына байланысты етіп қоюы мүмкін (НОТЗ 40-б. 2-т.) . Некенің бұзылу жағдайына неке шартының әрекет етуі, неке тіркелгенге дейін жасалған неке шарттары – бұл кейінге қалдыратын жағдайлармен жасалған мәмілелер болады. Ал, егер, мысалы, неке шартымен көзделген қандай да бір құқықтардың жойылуы некенің бұзылуымен байланыстырылса – ол күшін жойатын жағдаймен жасалған шарт болады (АК 150-бап).
4. Неке шартының мазмұнын ерлі-зайыптылардың ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттеріне шарттық-құқықтық режимнің әрекетін тарату, нәтижесінде олар өзгереді. Өзгертілген құқықтар мен міндеттер ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарды жаңадан рәсімдейді және олардың неке кезінде немесе (және) оны бұзған жағдайда бағыттаушы ретінде қызмет етеді.
Айталық, неке шарты заңда белгіленген ортақ бірлескен меншік режимін өзгертуі, ерлі зайыптылардың барлық мүлкіне не оның жекелеген түрлеріне не ерлі –зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектенген меншік режимін белгілеуі мүмкін (НОТЗ 40-б. 1-т.). Егер ерлі-зайыптылар қандай да бір режимді жекелеген заттарға белгілегілері келсе, олар мұны ерекше атап өтулері керек. Олай болмаса келісілген режим ерлі –зайыптылардың барлық мүлкіне таралады.
Ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне бірлескен меншік режимі некеге тұрғанға дейінгі ерлі-зайыптыларға тиесілі кез-келген мүлік ерлі -–айыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығына біріктірілетіндігін білдіреді. Бұл ретте ерлі-зайыптылардың дербес мүлкінің болуы жойылады. Ерлі-зайыптылар бұл режимді қабылдау кезінде олардың дербес жеке меншік құқығы ортақ бірлескен меншік құқығына айналады.
Ортақ бірлескен меншік режимі бір немесе бірнеше заттарға қатысты белгіленуі мүмкін. Егер неке шартында мұндай режим ерлі-зайыптылардың әр қайсысына тиесілі заттарға қатысты белгіленсе , онда қалған мүлікке қатысты заңды режим әрекет етеді.
Үлесті меншік режимі, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкі олардың үлесті меншікгіне ауысатындығын білдіреді. Ол барлық бірлескен меншікке де бөлектенген меншікке де белгіленуі мүмкін. Бұл ретте ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесінің мөлшерін нақты анықтау тиімді. Бірақ, егер бұл мөлшер келісілмесе, үлес ерлі-зайыптылардың әрқайсысының ортақ мүлікке салған салымдары және еңбек шығындары ескеріліп анықталады.
Ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне қатысты бөлектенген меншік режимі олардың арасында ешқандай ортақ меншік болмайтындығын білдіреді. Барлық мүлік бөөлек болады, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы мүлікті жеке өзі үшін ғана алады. Бөлек меншік режимі бір немесе бірнеше заттарға қатысты белгіленуі мүмкін. Өзге қалған мүлікке заңды режим әрекет етеді.
Бірлескен, үлесті және бөлектенген меншік режимдерінің сабақтасуы да мүмкін. Мысалы ерлі-зайыптылар, ортақ үйдіолардың ортақ бірлескен меншігіне өтетіндігі, ал неке кезінде өзге кез келген жылжымайтын мүлік үлесті меншікке түсетіндігі, ал кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар және дивиденттер оны алған жұбайдың бөлек меншігі деп танылатындығы жөнінде келісулері мүмкін.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін(НОТЗ 40-бап). Қолда бар мүліктің режимін неке шартының көмегінсіз ақ өзгертуге болады. Ерлі-зайыптылар тиісті келісімнің көмегімен бірлескен меншікті бөлектенген меншікке айналдыра алады. Бірақ бірлескен меншікті үлестіге не үлестіні бірлескенге ауыстыру неке шартынсыз болмайды. Болашақ мүліктің тағдырын, әдетте тек неке шарты анықтай алады.
Өз мүліктеріне қатысты қагдай да бір құқықтық режимді белгілеумен қатар ерлі-зайыптылар неке шартында мыналарды анықтай алады (НОТЗ 40-бап):