Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Ата-ана құқықтарын шектеу нәтижесінде



бет121/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Ата-ана құқықтарын шектеу нәтижесінде ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал 71-б. 2-т. 2-т/шасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айрылады.
¤зіне қатысты ата-аналары ата-аналық құқықтарынан шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде ата-аналардан асырауға қаражат алу, мұра алу құқығын сақтап қалады. Ата-аналық құқықтары шектелген ата-аналар балалары кәмелетке толғаннан кейін асырауға қаражат алуға, сондай-ақ өз балаларынан кейін мұрагерлікке құқығын жоғалтпайды.
Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамєоршы органның қамқоршылығына беріледі. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, кездесуіне қорғаншы немесе қамєқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен баламен кездесуге рұқсат етілуі мүмкін.
Егер ата-аналардың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы және шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады (НОТЗ 73-бап). Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.


9.Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды анықтау және орналастыру.
Балалар әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты ата-ана құқықтарынан айырылулары мүмкін. Атап айтқанда, ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайлар.
Ата-ана қамқорлығынан айырылу фактісі қамқоршы және қорғаншы органдармен жүргізіледі. Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады.
Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібі ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi N 1346 қаулысымен бекiтiлген:Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру-дың Ережесімен белгіленген.
Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Уақытша орналастыру баланы дереу тұрақты орналастыруға мүмкін болмаған кезде не ондай қажеттілік болмаған кезде жүзеге асырылады. Қамқоршы және қорғаншы органдар баланы уақытша орналастыруды екі жолмен жүзеге асырады: баланы өзге туысқандарына уақытша береді не балаларды балалар үйіне уақытша орналастырады.
Балаларды тұрақты орналастыру, балалар ата-ана қамқорлығынан мүлдем немесе ұзақ уақытқа айырылған ретте қажет болады. Бұл мән жайды қамқоршы және қорғаншы орган белгілейді және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрақты орналастыру нысандарының бірін таңдаулары қажет.
Баланы тұрақты орналастыру нысандарына: 1) бала асырап алу; 2) қамқорлыққа және қорғаншылыққа беру; 3) потранат шарты бойынша беру; 4) жетім балаларға немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге беру жатады (НОТЗ 102-бап).
10. Бала асырап алу.
Бала асырап алу - бұл заңмен белгіленген тәртіпте отбасыға бөтен балаларды қабылдау. Асырап алу нәтижесінде асырап алатын тұлға мен оның туысқандары және асырап алынатын бала арасында, тегі бойынша туысқандар арасында сияқты, құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Белгілі бір талаптарға сай келетін асырап алу ғана заңды күшке ие.Ондай талаптарға: 1) асырап алу шарттарының болуы; 2) асырап алу тәртібін сақтау жатады. Асырап алу тәртібі-бұл өкілетті органдар мен тұлғалар әрекеттерінің жиынтығы, яғни а) болашақ асырап алушылар мен қамқоршы және қорғаншы органдардың белгілі бір әрекеттер жасауы; б) асырап алуды белгілеу туралы соттың шешімі; в) асырап алуды мемлекеттік тіркеу.
Асырап алу шарттары. Асырап алу заңда көзделген тұлғалардың келісімімен ғана жүзегізіледі: асырап алатын тұлғалардың өздерінің; бала ата-аналарының не оларды ауыстырушы тұлғалардың; асырап алушының жұбайының, егер ол баланы асырап алмайтын болса және егер ол 10 жасқа толған болса, баланың өзінің келісімімен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет