Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


D) Өндірістік кооператив +



бет146/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

D) Өндірістік кооператив +
Е) мекеме


Тест сұрақтары.
Азаматтық құқық (ерекше бөлім)

1. Сатып алу-сату шарты қандай болып табылады?


1) консенсуалды
2) реалды
3) заңда көрсетілмеген
4) аралас
5) нақты

2. ”Тұтынушылар құқығын қорғау туралы” ҚР Заңы қандай келісім-шартқа тарайды


1) бөлшек сатып алу-сату
2) тауар жеткізілімі
3) контрактация
4) мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алу
5) құрылыс мердігерлік шарты

3. Сатып алу-сату шартының негізгі белгісі қайсы?


1) меншік құқығының сатып алушыға ауысуы
2) мүліктің ақысын төлеу
3) сатып алушыға сәйкес сападағы затты беру
4) мүлікті пайдалану құқығын беру
5) мүлікті иелену құқығын беру

4. Егер сатып алу-сату шартындығы зат өзі орналасқан жерде берілуі тиіс болса, сатушының затты беру міндетінің орындалу уақыты қайсысы?


1) затты сатып алушыға беру уақыты
2) затты сатып алушы көрсеткен тұлғаға беру уақыты
3) затты жеткізіп беру уақыты
4) заттың ақысын төлеу уақыты
5) заңда көрсетілмеген

5. Сатып алу-сатуға байланысты аралас нормалар бағалы қағаздарды сатып алу-сату кезінде қолданылады ма?


1) заң актілерінде арнайы ережелер белгіленбесе қолданылады
2) барлық жағдайда қолданылады
3) қолданылмайды
4) тараптардың еркіне байланысты
5) заңда көрсетілмеген

6. Тауарды жеткізіп беру арқылы жасалатын сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыда меншік құқығы пайда болатын уақытты көрсетіңіз.


1) затты жеткізіп беру уақыты
2) шартқа қол қою уақыты
3) затқа деген кепілдік талонын рәсімдеу уақыты
4) затты таңдау уақыты
5) төлемақы беру уақыты

7. Сатып алу-сату шарты бойынша затқа деген кепілдік мерзімі қай уақытта басталады?


1) басқаша көрсетілмесе тауардың сатып алушыға берілу уақыты
2) тауарға деген құжаттарды рәсімдеу уақыты
3) басқаша көзделмесе шарт жасалған уақыт
4) тауардағы кемшілік табылған уақыт
5) тауар бағасын төлеу уақыты

8. Сатып алу-сату шарты бойынша сапа кепілдігі не нәрсеге тарайды?


1) заттың өзіне және құрамдас бөліктеріне
2) тек заттың өзіне құрамдас бөліктерінсіз
3) заттың өзіне керек-жарақтарынсыз
4) заттың өзінің материалынан жасалған керек-жарақтарына
5) тек құрамдас бөліктеріне

9. Бөлшек саудада қайсысы жария оферта болып табылмайды.


1) сату орнында тауарды жасаушылар туралы ақпараттар беру
2) жарнама және каталогта көрсетілген шарттың елеулі жағдайлары
3) тауарды витринаға қою
4) тауар үлгісін сату орнына қою
5) сатылатын тауар туралы ақпаратты (каталог, сурет) сату орнына қою

10. Тауар жеткізілімі шартының ерекшелігі неде?


1) шарт жасау және орындау уақыттарының сәйкес келмеуі мүмкін
2) сатып алушы ретінде шартқа мемлекеттік тапсырысшы қатысады
3) шартқа қатыспайтын, бірақ құқықтар мен міндеттер иеленетін үшінші тұлға болады
4) шарт ортақ құжат емес квитанция, коносамент арқылы жасалады
5) тауардың сипаты туралы құжаттама және смета шартқа қосымша тіркеледі.

11. Тауар жеткізілімін сатып алу-сатудан қандай белгі ерекшелейді?


1) әлі шығарылмаған тауарға байланысты шарт жасау мүмкіндігі
2) тауарға деген меншік құқығын беру
3) сатушының тауар сапасына жауапты болуы
4) жеткізіп беру уақытын белгілеу
5) тауардың комплектілігі туралы ережелердің болуы

12. Контрактация шартына қандай ережелер қолданылады?


1) тауар жеткізілімі шарты жөніндегі ережелер
2) сатып алу-сату шарты туралы ережелер
3) жалдау шарты туралы ережелер
4) мердігерлік шарт туралы ережелер
5) бөлшек сатып алу-сату туралы ережелер

13. Контрактация шартының пәні (заты) не?


1) өңделмеген ауыл шаруышылық өнімдері
2) ауыл шаруашылығы өнімдерін беруге байланысты міндеттер
3) өңделген ауыл шаруашылық өнімдері
4) өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін беруге байланысты міндеттер
5) мемлекет қажеттілігіне берілетін ауыл шаруашылық өнімдері

14. Тауар жеткізілімі шарты бойынша тауарды мерзімінен бұрын жеткізіп беруге болады ма?


1) шартта көрсетілсе болады
2) егер тауар мерзімінен бұрын өндірілсе болады
3) сатып алушы келіспесе де болады
4) болмайды
5) бұл заңда көрсетілмеген

15. Тауар жеткізілімі шартында тауарды тасымалдайтын көлік түрі көрсетілмесе оны кім анықтайды?


1) сатушы анықтайды
2) сатып алушы анықтайды
3) шарт жарамсыз болады
4) көлік түрі Үкімет қаулыларына сәйкес анықталады
5) заңда көзделмеген

16. Тауар жеткізілімі шартында мерзім анықталмаса:


1) шарт 1 жылға жасалды деп есептеледі
2) шарт 2 жылға жасалды деп есептеледі
3) шарт 5 жылға жасалды деп есептеледі
4) шарт 3 жылға жасалды деп есептеледі
5) шарт жарамсыз болады

17. Тауар жеткізілімі шартындағы тауарды жауапкершілікпен сақтау дегеніміз не?


1) сатып алушы өзі қабылдаудан бас тартқан тауарды сақтауға алуы
2) сатып алушы тауарды қабылдағанға дейін сатушының сақтауы
3) көлік ұйымының тауарды қабылдауы мен сатып алушыға беруі арасындағы кезең
4) тауарды өндіру мен сатып алушыға беру арасындағы кезең
5) 3-ші тұлғалардың тауарды арнайы төлемақы үшін сақтауы

18. Тауар жеткізілімі шартындағы тауарды таңдау дегеніміз не?


1) сатып алушының тауарды орналасқан жерде алуы
2) жеткізілген ассортимент ішінен сатып алушының таңдауы
3) сатып алушының тауар ыдысын сатушыға қайтару міндеті
4) жеткізілген тауарды қабылдауға байланысты сатып алушының барлық әрекеттерді жасауы
5) тауар жетіспеушілігін келесі жолы толықтыру

19. Ассортимент дұрыс болмаған жағдайда туындайтын салдарға қайсысы жатпайды?


1) барлық тауарды қабылдауға міндетті болу
2) ассортимент туралы шарт ережелеріне сәйкес тауарды ғана қабылдау
3) барлық тауардан бас тарту
4) барлық тауарды қабылдау
5) тауардың ауыстырылуын талап ету

20. Сатып алу-cату шартының елеулі жағдайларын көрсетіңіз


1) тауардың атауы және мөлшері
2) тауарды жеткізіп беру тәртібі
3) тауардың сапасы
4) тауардың ассортименті
5) тауардың бағасы мен берілу мерзімі

21. Тауар жеткізілімі шартының елеулі жағдайына қайсысы жатады?


1) шарттың әрекет ету және тауарды жеткізу мерзімдері, сапа және мөлшер
2) тауар ассортименті, шарт мерзімі, бағасы, төлем жасау тәртібі
3) баға, мөлшер, сапа, ыдыс және мерзім
4) мөлшер, ассортимент, баға және сапа
5) жылдық өзгерістерді есептеу тәртібі

22. Энергиямен жабдықтау қандай шарт?


1) жария
2) алдын-ала жасалатын
3) үшінші тұлғалардың пайдасына жасалатын
4) біржақты
5) міндетті

23. Тауар жеткізілімі шартының нысаны қандай?


1) жазбаша бір құжат жасау және заңда көрсетілген барлық қосымша құжаттарды тіркеу арқылы
2) жай жазбаша
3) фирмалық бланктерде міндетті нотариалдық куәландыру арқылы
4) әділет органдарында тіркеу арқылы
5) жазбаша, міндетті нотариалдық куәландыру арқылы

24. Құқық объектісі ретіндегі кәсіпорынға не жатпайды?


1) жұмысшылардың міндеттері
2) жер учаскесі
3) борыштар
4) шикізат, өнім
5) үйлер мен ғимараттар

25. Мемлекеттік сатып алу шартында кім тапсырысшы болады?


1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар
2) кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар
3) республикалық қоғамдық ұйымдар
4) халықаралық ұйымдар
5) заңды тұлғалар

26. Мемлекеттік сатып алу шартында жеке тұлға жеткізіп беруші бола алады ма?


1) иә
2) жоқ, ол тек кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлға болуы қажет
3) жоқ, өйткені шарт мемлекеттің мүддесі үшін жасалады
4) мемлекеттік органдар рұқсатымен болады
5) заңда көрсетілмеген

27. Мемлекеттік сатып алу қандай әдіспен жүзеге асырылады?


1) тауар жеткізілімі шартын жасау арқылы
2) ортақ құжат жасау арқылы
3) әртүрлі көздерден белгілі бір мөлшерде сатып алу арқылы
4) ортақ құжат жасап, әділет органдарында тіркеу арқылы
5) бір жерден сатып алу арқылы

28. Мемлекеттік сатып алуды конкурс арқылы жасау кезінде қатысушылардың саны қанша болуы қажет?


1) кемінде 2
2) кемінде 3
3) кемінде 4
4) кемінде 5
5) кемінде 1

29. Егер тауар жеткізілімі шартында оны бөлшектеп жеткізу, және төлем жасау тәртібі анықталмаса төлемақы қай уақытта беріледі?


1) төлемақы комплектіге жататын өнімнің соңғы бөлігін алған кезде беріледі
2) заңда көрсетілмеген
3) төлемақы тауар пайдаланылған соң беріледі
4) төлемақы комплектіге жататын өнімнің алғашқы бөлігін алған кезде беріледі
5) төлемақы жеткізіп беру алдында беріледі

30. Тауар жеткізілімі шарты бойынша тез бұзылатын заттарды қабылдау қандай мерзімде жүзеге асырылады?


1) 24 сағаттан кешіктірмей
2) 12 сағаттан кешіктіпмей
3) 2 тәуліктен кешіктірмей
4) 3 тәуліктен кешіктірмей
5) 5 тәуліктен кешіктірмей

31. Айырбас шартындағы тараптардың негізгі міндеті қандай?


1) затты контрагенттің меншігіне беру
2) сәйкес сападағы затты беру
3) затты белгіленген мерзімде беру
4) затты белгіленген орында беру
5) затты көрсетілген тұлғаға беру

32. Төмендегілердің қайсысы тауар жеткізілімі шартын сатушының елеулі дәрежеде бұзуы деп танылады?


1) тауар жеткізіп беру мерзімін бірнеше рет кешіктіру
2) төлемақыны кешіктіру
3) тауарды таңдауды бірнеше рет жүзеге асырмау
4) тауарды жеткіліксіз жеткізіп беру
5) жоюға болатын кемшіліктері бар тауарды жеткізіп беру

33. Төмендегілердің қайсысы тауар жеткізілімі шартын сатып алушының елеулі дәрежеде бұзуы деп танылады?


1) тауарды таңдауды бірнеше рет жүзеге асырмау
2) тауар жеткізіп беру мерзімін бірнеше рет кешіктіру
3) төлемақыны кешіктіру
4) тауарды жеткіліксіз жеткізіп беру
5) жоюға болатын кемшіліктері бар тауарды жеткізіп беру

34. Кәсіпорынды сату шартының объектісі:


1) мүліктік кешен ретіндегі тұтас кәсіпорын
2) үй, ғимарат
3) жылжымайтын мүлік
4) жер учаскесі
5) мемлекеттік кәсіпорын

35. Кәсіпорынды сату шарты қай кезден бастап жасалды деп есептеледі?


1) мемлекеттік тіркелген кезден
2) нотариалды куәландырылған кезден
3) шартқа қол қойылған кезден
4) кәсіпорын сатып алушының иелігіне нақты берілген кезден
5) мүліктің құрамы туралы аудитордың қорытындысы берілген кезден

36. Кәсіпорынға деген меншік құқығы сатып алушыға қашан өтеді?


1) шарт мемлекеттік тіркелген кезден
2) шартқа қол қойылған кезден
3) шарт нотариалды куәландырылған кезден
4) кәсіпорын сатып алушының иелігіне нақты берілген кезден
5) мүліктің құрамы туралы аудитордың қорытындысы берілген кезден

37. Жылжымайтын мүлікке деген меншік құқығының тіркеу мерзімі қандай?


1) 10 күн
2) 15 күн
3) 30 күн
4) 25 күн
5) 5 күн

38. Жылжымайтын мүлікке деген тіркелген құқықтардың біртұтас мемлекеттік реестры қалай аталады?


1) құқықтық кадастр
2) тіркеу картасы
3) тіркеу кітабы
4) тіркеу ісі
5) тіркеу қағазы

39. Сатып алушы кәсіпорынға деген меншік құқығын алғанға дейін қандай құқықтарға ие болады?


1) өндірістік қажеттіліктер шегінде кәсіпорынға билік ету
2) ешқандай
3) сатушы берген құқықтар шегінде кәсіпорынға билік ету
4) кәсіпорынға билік етуге байланысты кез келген әрекеттер жасау
5) кәсіпорын мүлкін ұзақ мерзімге жалға беру

40. Кәсіпорынды сату шартының тараптары шарт туралы хабар алмаған кредиторлар алдында қандай жауапкершілік тартады?


1) ынтымақты
2) үлесті
3) сатушы субсидиялы жауапкершілік тартады
4) сатушы жауапкершілік тартпайды
5) сатып алушы қосымша жауапкершілік тартады

41. Жылжымайтын мүлікті сату шарты бойынша беру актісі – бұл:


1) шарттың ажырамас бөлігі
2) шартқа тіркелетін қосымша
3) шартты нақтылау
4) мүліктің кездейсоқ бүліну, жойылу қаупінің ауысу уақытын анықтауға керек құжат
5) шарттың жасалу уақытын анықтауға көмектесетін құжат

42. Жылжымайтын мүлікті сату шартында қайсысы мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс?


1) меншік құқығы
2) үшінші тұлғалардаң құқықтары
3) жалдау құқығы
4) шарттың тараптары
5) шарт жасалған уақыт

43. Кәсіпорынды сату туралы оның кредиторларына қай уақытта хабарлануы тиіс?


1) беру актісіне қол қойғанға дейін
2) шарт жасалған соң 1 ай ішінде
3) мүлік сатып алушыға нақты берілген соң
4) шарт мемлекеттік тіркелген соң
5) беру актісіне қол қойғаннан кейін

44. Тұрғын жайды сатып алуда меншік құқығы сатып алушыда қай кезде пайда болады?


1) шарт мемлекеттік тіркелген кезде
2) шартқа қол қойылған кезде
3) шарт нотариалды куәландырылған кезде
4) мүлік сатып алушыға нақты берілген кезде
5) сатып алушы тұрғын жайға орналасқан кезде

45. Кәсіпорынды сату шартында арнайы лицензияны талап ететін құқықтар сатып алушыға қалай беріледі?


1) берілмейді
2) кәсіпорын аукционда сатылса ғана беріледі
3) лицензияны қайта тіркеу арқылы беріледі
4) қарапайым әдіспен беріледі
5) кәсіпорын кредиторларының келісімімен беріледі

46. Кәсіпорын сатылған кезде оның жұмысшыларына деген құқықтар кімге ауысады?


1) сатып алушыға
2) сатушыға
3) мемлекетке
4) кәсіпорынның директорына
5) мемлекеттік органдарға

47. Кәсіпорынды сатып алушыға беру қандай құжат арқылы жүзеге асырылады?


1) беру актісі
2) сатып алу-сату шарты
3) инвентаризация актісі
4) бухгалтерлік баланс
5) қолхат

48. Мүлікті уақытша иелену мен пайдалану қандай шартпен жүзеге асырылады?


1) жалдау
2) мердігерлік
3) тапсырма
4) рента
5) сыйға тарту

49. Мүлік жалдау объектісінің міндетті белгісі қайсы?


1) тұтынылмайтын зат болу
2) тектік зат болу
3) азаматтық айналымнан алынған зат болу
4) бөлінбейтін зат болу
5) айналым қаблеті жоқ зат болу

50. Жалдау мерзімі аяқталған соң да жалдаушы затты пайдалануын жалғастыра берсе және жалға беруші затты талап етпесе:


1) шарт белгісіз мерзімге қайта жасалды деп есептеледі
2) шарт бастапқы мерзімге қайта жасалды деп есептеледі
3) шарт 1 жылға қайта жасалды деп есептеледі
4) шарт тоқтайды
5) заңда көрсетілмеген

51. Тұрғын үй емес ғимаратты жалдау шарты белгісіз мерзімге жасалған болса, одан бас тартудың тәртібі қандай?


1) кез келген уақытта 2-ші тарапты кемінде 3 ай бұрын ескертіп
2) кез келген уақытта 2-ші тарапты кемінде 5 ай бұрын ескертіп
3) жалдаушы төлем жасау тәртібін бұзған жағдайда ғана жалға беруші бас тарта алады
4) тек сот арқылы
5) басқаша көзделмесе кез келген уақытта 2-ші тарапты кемінде 2 ай бұрын ескертіп

52. Қондырғыны жалдау шарты белгісіз мерзімге жасалса, одан бас тартудың тәртібі қандай?


1) басқаша көзделмесе кез келген уақытта 2-ші тарапты кемінде 1 ай бұрын ескертіп
2) кез келген уақытта 2-ші тарапты кемінде 3 ай бұрын ескертіп
3) кез келген уақытта 2-ші тарапты кемінде 2 ай бұрын ескертіп
4) жалдаушы төлем жасау тәртібін бұзған жағдайда ғана жалға беруші бас тарта алады
5) тек сот арқылы

53. Мүлікті жалдау шартының жалпы белгісі қандай?


1) консенсуалды
2) біржақты міндеттеуші
3) реалды
4) ақысыз
5) абстрактілі

54. Жалға берушінің міндеттеріне қайсысы жатады?


1) түбегейлі жөндеу
2) жалдау ақысын төлеу
3) мүлікті дұрыс пайдалануды талап ету
4) мүлікті жекешелендіру
5) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

55. Субаренда кезінде қайсысына жол берілмейді?


1) субарендатордың жалға берушіге наразылық білдіре алуы
2) жалға беруші мен субарендатордың арасында құқықтық байланыс жоқ болуы
3) шартты бастапқы жалдау шартының мерзіміне жасау
4) жалдаушының өзінде бар құқықтарды ғана бере алуы
5) негізгі шарт тоқтағанда субаренданың да тоқтауы

56. Қайта жалдау дегеніміз:


1) жалдаушы өз құқықтарын басқа жалдаушыға жалға берушінің келісімімен беруі
2) жалдаушының мүлікті үшінші тұлғаға жалға беруі
3) жалға берушінің өз құқықтарын басқа тұлғаға төлемақысына беруі
4) жалға беруші тарапындағы тұлғалардың ауысуы
5) жалдаушының өз құқықтарын 3-ші тұлғаға жалға берушінің келісімінсіз беруі

57. Лизинг алушы өзі таңдаған мүліктегі кемшіліктер жөнінде талапты кімге қояды?


1) тікелей сатушыға
2) лизинг берушіге
3) лизинг беруші мен сатушыға
4) кемшіліктерді өзі жояды
5) лизинг берушіге талап қойған соң сатушыға

58. Лизинг мүлкінің кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі кімге қай кезде ауысады?


1) тауарды алған кезден бастап лизинг алушыға
2) тауарды таңдаған кезден бастап лизинг алушыға
3) сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап лизинг берушіге
4) меншік иесі ретінде лизинг берушіге
5) мүлікті өндірушіде

59. Қысқа мерзімді жалдау шарты қайсысы?


1) прокат
2) қаржы лизингі
3) концессия
4) ғимарат жалдау
5) көлік жалдау

60. Төмендегілердің қайсысы лизинг объектісі бола алмайды?


1) табиғат ресурстары
2) қондырғы
3) құрал жабдық
4) кәсіпорын
5) ғимарат

61. Концессия – бұл:


1) шетелдік субъектінің табиғат ресурстарын, кәсіпорындарды жалдауы туралы шарт
2) шетелдік әріптеспен ҚР-да бірлескен қызмет туралы шарт
3) шетелдік инвестор қатысатын, қондырғыны қысқа мерзімге жалдау
4) шетелдік субъектіге мүліктіү, жерді, табиғат ресурстарын жалға беруді көздейтін, белгілі бір қызметпен айналысу туралы шарт
5) мердігерлік шарттың бір түрі

62. Лизингтің қандай елеулі жағдайы оны жалдаудың басқа түрлерінен ерекшелейді?


1) сатушының аты
2) жалға алушының аты
3) жалға берушінің аты
4) жалға берілетін мүлікті анықтауға көмектесетін мәлімет
5) шарттың мерзімі

63. Тұрмыстық прокат шартының міндетті белгісін көрсетіңіз.


1) заты жылжитын мүлік
2) заты азаматтық айналымда шектелген
3) заты бөлінбейтін мүлік
4) күрделі зат
5) басты зат

64. Тұрмыстық прокат шартының ең ұзақ мерзімі қандай?


1) 1 жыл
2) 6 ай
3) 3 ай
4) 3 жыл
5) көрсетілмеген

65. Тұрмыстық прокат шартының жалдаудың басқа түрлерінен айырмашылығы.


1) субарендаға тыйым салынады
2) мүлікті кепілге салуға болады
3) консенсуалдық
4) жөндеу жұмыстарының барлығын жалдаушы жүзеге асырады
5) ұзақ мерзімділік

66. Тұрмыстық прокат – бұл:


1) жария шарт
2) реалды шарт
3) алдын-ала жасалатын шарт
4) біржақты шарт
5) абстрактілі шарт

67. Жалданған мүліктен түскен төл, өнім және кірістің тағдыры қандай?


1) жалдаушыға тиесілі
2) жалға берушіге тиесілі
3) жалдаушы мен жалға берушінің арасында тең бөлінеді
4) оларды алу процесіне жалға берушінің қаншалықты қатысқанына байланысты
5) меншік иесіне

68. Жалдау шарты бойынша мүліктің кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі кімде?


1) жалға берушіде
2) жалдаушыда
3) кепіл ұстаушыда
4) мүлікті сатып алушыда
5) сатушыда

69. Кәсіпорынды жалдау шартындағы жалдаушының кәсіпорын кредиторлары алдындағы міндеті.


1) борыштың ауысуы жөнінде кредиторларға хабарлау
2) міндеттеменің жалғасуын қамтамасыз ететін кепіл беру
3) міндеттеменің тоқтайтындығы жөнінде кредиторларға хабарлау
4) жалдау туралы хабардан кредиторларға келген шығынды өтеу
5) кредиторлар алдындағы міндеттерді мерзімінен бұрын орындау

70. 1 жылға дейінгі мерзімге жасалған кәсіпорынды жалдау шарты қай кезде күшіне енеді?


1) кәсіпорын жалдаушыға нақты берілген кезден
2) беру актісіне қол қойылған кезде
3) бөлу балансы жасалған кезде
4) аудиторлық тексеріс аяқталған кезде
5) мемлекеттік тіркелген кезде

71. Жалдаушы кәсіпорынды қайта жөндеуді (реконструкция) қалай жүзеге асырады?


1) жалға берушінің келісімінсіз
2) жалға берушінің жазбаша келісімімен
3) жалға берушінің жазбаша келісімімен және архитектуралық-құрылыс бақылау органдарының рұқсатымен
4) жалға берушінің келісімімен ғана

72. Кәсіпорынды жалдаушы жалға берушінің келісімінсіз.


1) кәсіпорынды субарендаға бере алады
2) кәсіпорынды кепілге сала алады
3) кәсіпорынды сата алады
4) кәсіпорынды рента шарты бойынша бере алады
5) кәсіпорынды концессияға бере алады

73. Көлік құралын экипажбен жалдауда экипаждың қызметін өтеуге байланысты шығындарды кім көтереді?


1) жалға беруші
2) жалдаушы
3) егер экипаж меншік иесімен еңбек қатынастарында болса жалдаушы
4) көлік құралын сақтандырған жағдайда жалдаушы
5) көлік құралының коммерциялық пайдаланылуына жауап беретін тарап

74. Экипажымен жалданған көліктен 3-ші тұлғаларға келген зиян үшін кім жауап береді?


1) экипаж құрамымен еңбек қатынастарында болса жалға беруші
2) жалға беруші, ал регресстік тәртіпте экипаж
3) зиян тигізушінің жұмыс берушісі ретінде жалға беруші
4) экипаж мүшелері
5) жалдаушы

75. Мердігерлік шартта жұмыс қалай орындалады?


1) мердігердің тәуекелімен
2) тапсырысшының тәуекелімен
3) материал иесінің тәуекелімен
4) 3-ші тұлғалардың тәуекелімен
5) сақтанушының тәуекелімен

76. Жұмыс нәтижесін өткізгенге дейін материалдардың кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі кімде?


1) материалды берген тарапта
2) мердігерде
3) тапсырысшыда
4) материалдарды иеленуші тарапта
5) 3-ші тұлғада

77. Мердігерлік шарт пәні бөлінбейтін болса бірлескен мердігерлердің жауапкершілігі қандай болады?


1) ынтымақты
2) субсидиарлы
3) үлесті
4) регрессті
5) тәуекелді

78. Бас мердігер субмердігерге қатысты кім болып табылады?


1) тапсырысшы
2) бірлескен мердігер
3) мердігер
4) негізгі мердігер
5) бірлескен борышқор

79. Мердігерлік шарттағы смета қай кезден бастап заңдық күшке ие болады?


1) сметаны тапсырысшы бекіткен кезден
2) жұмыс басталған кезден
3) баға толық анықталған кезден
4) сметаны мердігер жасаған кезден
5) шартқа қол қойылған кезден

80. Егер сметаның түрі қандай екені шартта көрсетілмесе.


1) нақты деп есептеледі
2) жобалы деп есептеледі
3) жағдайға сәйкес жобалы немесе нақты деп есептеледі
4) бекітілмеген деп есептеледі
5) күшіне енбеген деп есептеледі

81. Мердігердің экономиясы – бұл:


1) сметада көзделген сомадан аз шығын жұмсау
2) сметада көзделген сомадан көп шығын жұмсау
3) құрылыс материалдарының қымбаттауы
4) мердігердің кінәсынан шарттың орындалмауы
5) тапсырысшының кінәсынан шарттың орындалмауы

82. Тапсырысшының жұмыс бағасын өтеу міндетінің орындалуы қандай әдіспен қамтамасыз етіледі?


1) жұмыс нәтижесін ұстап қалу
2) жұмыс нәтижесін жою
3) жұмыс нәтижесін мемлекетке беру
4) шартты біржақты негізде бұзу
5) шартты орындаудан артылған материалдарды ұстап қалу

83. Тұрмыстық мердігерлік шартта кім тапсырысшы болады?


1) жеке тұлға
2) заңды тұлға
3) заңды және жеке тұлға
4) мемлекет
5) коммерциялық емес заңды тұлға

84. Тұрмыстық мердігерлік шарттың белгісін көрсетіңіз?


1) жария
2) ақысыз
3) біржақты
4) салыстырмалы
5) көпжақты

85. Заттағы жасырын кемшіліктер жөнінде мердігерге қандай мерзімде хабарлауға болады?


1) 1 жыл
2) 1 ай
3) 30 күн
4) жалпы талап ескіру мерзімі
5) 15 жыл

86. Құрылыс мердігерлік шартында аяқталмаған объектінің меншік иесі кім болады?


1) мердігер
2) материалдардың меншік иесі
3) сақтандырушы
4) жер учаскесінің меншік иесі
5) тапсырысшы

87. Құрылыс объектісінің дүлей күш салдарынан бұзылу салдары қандай


1) мердігер нақты орындаған жұмысының ақысы төленеді
2) мердігер жұмысының ақысы төленбейді
3) тапсырысшының шығындары өтеледі
4) мердігер жұмысының ақысы толық төленеді
5) мердігер қалпына келтіру жұмысын өз есебінен орындайды

88. Құрылыс мердігерлік шарты бойынша жұмыс бағасының кездейсоқ қымбаттау қаупі кімде


1) мердігерде
2) тапсырысшыда
3) материалдар иесінде
4) жер учаскесінің иесінде
5) үшінші тұлғада

89. Құрылыс мердігерлік шарты бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау кімнің міндеті


1) тапсырысшының
2) үшінші тұлғаның
3) тапсырысшы мен мердігердің
4) үшінші тұлғалардың
5) мердігердің

90. Мердігер жұмыс нәтижесінің сапасына қатысты талаптарды бұзса тапсырысшының қандай құқықтары бар


1) жұмыс нәтижесін лайықты мерзімде тегін жөндеуді мердігерден талап ету
2) құрылыс материалдарының бағасын төмендету
3) материалдарды қайтару
4) жұмыс нәтижесін мердігерге қайтару
5) заңда көрсетілмеген

91. Жүк тасымалдау шартының мазмұнын көрсетіңіз


1) 1 тарап өзіне тапсырылған жүкті қажетті орынға жеткізіп өкілетті тұлғаға ұсынуға ал 2-ші тарап соның ақысын келісімге сәйкес төлеуге міндеттенеді
2) тасымалдаушы жолаушы мен қол жүгін қажетті орынға жеткізуге міндеттенеді
3) 1 тарап 2-ші тараптың есебінен және төлемақысы үшін жүк тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге және соны ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жасауға міндеттенеді
4) 1 тарап 2-ші тарапқа төлемақысы үшін көлік құралдарын бір немес бірнеше рет жүк немесе жолаушы тасымалдау үшін беруге міндеттенеді
5) тасымалдаушы арнайы мерзімдерде жүкті қабылдауға, ал жүк жіберуші тасымалдауға беруге міндеттенеді

92. Жолаушы тасымалдау шартының мазмұны:


1) тасымалдаушы жолаушы мен қол жүгін қажетті орынға жеткізуге міндеттенеді
2) 1 тарап өзіне тапсырылған жүкті қажетті орынға жеткізіп өкілетті тұлғаға ұсынуға ал 2-ші тарап соның ақысын келісімге сәйкес төлеуге міндеттенеді
3) 1 тарап 2-ші тараптың есебінен және төлемақысы үшін жүк тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге және соны ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жасауға міндеттенеді
4) 1 тарап 2-ші тарапқа төлемақысы үшін көлік құралдарын бір немес бірнеше рет жүк немесе жолаушы тасымалдау үшін беруге міндеттенеді
5) тасымалдаушы арнайы мерзімдерде жүкті қабылдауға, ал жүк жіберуші тасымалдауға беруге міндеттенеді

93. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру шартының мазмұны:


1) тасымалдаушы арнайы мерзімдерде жүкті қабылдауға, ал жүк жіберуші тасымалдауға беруге міндеттенеді
2) тасымалдаушы жолаушы мен қол жүгін қажетті орынға жеткізуге міндеттенеді
3) 1 тарап өзіне тапсырылған жүкті қажетті орынға жеткізіп өкілетті тұлғаға ұсынуға ал 2-ші тарап соның ақысын келісімге сәйкес төлеуге міндеттенеді
4) 1 тарап 2-ші тараптың есебінен және төлемақысы үшін жүк тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге және соны ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жасауға міндеттенеді
5) 1 тарап 2-ші тарапқа төлемақысы үшін көлік құралдарын бір немесе бірнеше рет жүк немесе жолаушы тасымалдау үшін беруге міндеттенеді

94. ҚР заңдары бойынша тікелей аралас қатынас – бұл:


1) жүкті, жолаушыны, қол жүгін көліктің бірнеше түрімен бір көлік құжатымен тасымалдау
2) жүкті, жолаушыны, қол жүгін көліктің бір түрімен бір көлік құжатымен тасымалдау
3) жүкті, жолаушыны, қол жүгін көліктің бірнеше түрімен бірнеше көлік құжатымен тасымалдау
4) жүкті бір ғана көлік құжатымен тасымалдау
5) қол жүгін ғана теміржол көлігімен тасымалдау

95. Жүк тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап ескіру мерзімі қанша?


1) 1 жыл
2) 2 жыл
3) 3 жыл
4) 6 ай
5) белгіленбеген

96. Тікелей аралас тасымалдау бойынша жүктің жоғалуы, бүлінуі, жетіспеушілігі үшін тасымалдаушылардың жауапкершілігі қандай?


1) ынтымақты
2) субсидиялы
3) жауапкершілік орнамайды
4) тек жүк жіберушінің алдында субсидиялы
5) тек жүк қабылдаушының алдында ынтымақты

97. Жүк және жолаушы тасымалдауға байланысты даулар бойынша претензиялар қандай мерзімде берілуі тиіс?


1) 3 ай ішінде
2) 3 жыл ішінде
3) 1 ай ішінде
4) 6 ай ішінде
5) 1 жыл ішінде

98. Әуе тасымалдаулары бойынша кім лицензиар болып табылады?


1) Көлік және Байланыс Министрлігі
2) Әділет Министрлігі
3) Қаржы Министрлігі
4) Мемлекеттік Кіріс Министрлігі
5) Денсаулық Сақтау Министрлігі

99. Төлемақысы үшін бір немесе бірнеше көлік құралындағы орындардың барлығын немесе бір бөлігін бір немесе бірнеше рет жүк, жолаушы, қол жүгін, почтаны т.б. тасымалдауға немесе басқа мақсатта беру туралы шарт – бұл:


1) фрахт
2) лизинг
3) франчайзинг
4) факторинг
5) жалдау

100. ҚР-ғы тасымалдауларда жолаушының құқықтары қайсысы?


1) 7 жасқа дейінгі баланы орын алмай тегін алып жүру
2) 5 жасқа дейінгі баланы тегін алып жүру
3) 10 жасқа дейінгі баланы билет бағасының 60 пайызын төлеп алып жүру
4) орын алмай, 7 жасар 3 баланы билет бағасының 50 пайызын төлеп алып жүру
5) 14 жасқа дейінгі билет алмай тегін алып жүру

101. Жүк пен қол жүгінің тасымалдануына тасымалдаушы қай кезден бастап жауапты?


1) жүкті немесе қол жүгін тасымалдауға қабылдаған кезден
2) жүкті қабылдаушы алған кезден
3) жауапты емес
4) төлемақы берілген кезден
5) фрахт туралы шарт жасалған кезден

102. Құны жарияланған жүктің немесе қол жүгінің жоғалуы жағдайында тасымалдаушының жауапкершілік мөлшері қандай?


1) жарияланған құн мөлшерінде
2) жүктің нарықтық бағасы мөлшерінде
3) жүк бағасының белгілі бір пайызы мөлшерінде
4) алынбай қалған табыс мөлшерінде
5) жүк бағасының үштен екісі мөлшерінде

103. Жүк тасымалдаушы көлік құралдарын ұсынбағаны үшін жауапкершіліктен қай уақытта босатылады?


1) дүлей күш салдары болған жағдайда
2) жазғы немесе қысқы уақытқа ауысқанда
3) тасымалдаушы ауырып қалған жағдайда
4) талап арыз берілгенде
5) көлік құралына деген құжаттар жоғалғанда

104. Тауарға билік ету құқығын беретін, бағалы қағаз болып табылатын құжат қалай аталады?


1) коносамент
2) вексель
3) алтын акция
4) чек
5) аллонж

105. Жүк және қол жүгін тасымалдауда коносамент көліктің қай түрінде қолданылады?


1) теңіз кемесі
2) құбыр
3) автомобиль
4) космос
5) заңда көрсетілмеген

106. Көліктің орталық атқару органы:


1) Көлік және Байланыс Министрлігі
2) Әділет Министрлігі
3) Жол полициясының басқармасы
4) Көлік ұйымы
5) Мемлекеттік Кіріс Министрлігі

107. Міндеттілік дәрежесіне байланысты сақтандырудың түрлері:


1) ерікті және мінддетті
2) жеке және мүліктік
3) мәжбүрлі және сот шешімімен
4) қайта және бірлесіп сақтандыру
5) қос және көп реттік сақтандыру

108. Сақтандырудың объектісіне байланысты түрлері:


1) жеке және мүліктік
2) ерікті және мінддетті
3) мәжбүрлі және сот шешімімен
4) қайта және бірлесіп сақтандыру
5) қос және көп реттік сақтандыру

109. Азаматты өз өмірі мен денсаулығын сақтандыруға міндеттеуге болады ма?


1) заңда тікелей көрсетілсе болады
2) жоқ
3) шарт негізінде болады
4) жазбаша шарт болмаса болмайды
5) ауызша шарт болмаса болмайды

110. Сақтанушы міндетті сақтандыру шартын кіммен жасай алады?


1) осы шартты жасауға лицензиясы бар сақтандырушымен
2) жалпы сақтандыру шартын жасауға лицензиясы жоқ сақтандырушымен
3) сақтандырылған тұлғамен
4) пайда алушымен
5) қайта сқтандырушымен

111. Сақтандыру компаниясының жарғылық қорына қайсысы салым бола алады?


1) тек ақша
2) азаматтық айналымнан алынған кез келген мүлік
3) еңбекпен қатысу
4) бағалы қағаздар
5) мүліктік құқықтар

112. Төмендегілердің қайсысы жеке сақтандырудың объектісі бола алады?


1) еңбек қабілеті
2) автокөлік
3) жиhаз
4) мүлік
5) авторлық құқық объектісі

113. Кім сақтандырушы бола алады?


1) заңды тұлға
2) жеке тұлға
3) жеке және заңды тұлға
4) мемлекет
5) азамат

114. Сақтандырушы сақтандыру өтемін беруден қай уақытта босатылады?


1) сақтанушы сақтандыру жағдайының зиянды салдарын азайтуға бағытталған шараларды қасақана қолданбаса
2) сақтандыру өтемінің сомасы сақтандыру төлемдерінен асса
3) сақтанушы шартта пайда алушы мен сақтандырылған тұлғаны көрсетпесе
4) сақтандыру жағдайының зиянды салдарын азайтуға бағытталған сақтанушының әрекеттері тиімсіз болса
5) сақтанушы мен пайда алушы бір тұлға болса

115. Сақтандырылған тұлға – бұл:


1) сақтандыру шарты кімге қатысты жасалса сол тұлға
2) шарт бойынша сақтанушы болып табылатын тұлға
3) сақтандырушы
4) сақтанушы
5) шарт жасайтын тұлға

116. Қандай жағдайда сақтандыру шартын жасау үшін сақтандырылған тұлғаның келісімі қажет емес?


1) тұлғалардың белгісіз санын сақтандырған кезде
2) жеке сақтандыруда
3) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруда
4) мүліктік сақтандыруда
5) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыруда

117. Мүліктік сақтандыру шартында сақтандырылған тұлға қайтыс болса оның құқықтары мен міндеттері кімге ауысады?


1) сақтандырылған тұлғаның мұрагерлеріне
2) сақтанушыға
3) сақтандырушыға
4) пайда алушыға
5) мемлекетке

118. Пайда алушы дегеніміз:


1) сақтандыру жағдайы орнағанда сақтандыру өтемін алуға құқылы болатын тұлға
2) сақтандырылған тұлға
3) міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін алатын тұлға
4) шарттағы сақтандырушы
5) мұрагерлер

119. Сақтандыру жағдайы – бұл:


1) сақтандыру өтемін беруге себеп болатын оқиғалар
2) сақтандыру шартының жасалу жағдайлары
3) сақтандыру шартының күшіне енуіне себеп болатын оқиғалар
4) сақтандыру өтемі
5) сақтандыру төлемі

120. Сақтандыру жағдайының орнағанын дәлелдеу міндеті кімде?


1) сақтанушыда
2) сақтандырушыда
3) пайда алушыда
4) өкілетті мемлекеттік органдарда
5) шарттағы екі тарапта

121. Сақтандыру төлемі - бұл:


1) сақтандыру жарнасы
2) келген зиянды өтеу
3) сақтандырғаны үшін төлем
4) сақтандыру өтемі
5) сыйақы

122. Сақтандыру төлемдерін төлеу міндетін сақтандырушыға ауыстыруға болады ма?


1) жоқ
2) иә
3) ол пайда алушы болмаса ауыстыруға болмайды
4) шартта тікелей көрсетілсе болады
5) заңда тікелей көрсетілсе болады

123. Сақтандыру жарнасын төлеу міндетін пайда алушыға ауыстыруға болады ма?


1) жоқ
2) иә
3) ол сақтандырылған тұлға болса болмайды
4) шартта тікелей көрсетілсе болады
5) заңда тікелей көрсетілсе болады

124. Ерікті мүліктік сақтандыруда сақтандыру төлемінің мөлшері қалай белгіленеді?


1) тараптар келісімімен
2) заңмен
3) сақтанушы белгілейді
4) сақтандырушы белгілейді
5) пайда алушы белгілейді

125. Сақтандыру сомасы – бұл:


1) сақтандыру объектісі сақтандырылған сома
2) сақтандырушы төлеуі тиіс сома
3) сақтандыру жағдайы орнағанда төленетін сома
4) сақтанушы төлеуі тиіс сома
5) нақты шығын сомасы

126. Міндетті сақтандыру жағдайында сақтандыру өтемінің мөлшері қандай?


1) ол нақты шығын мөлшерінен аз болмауы тиіс
2) ол шығынның мөлшеріне тең
3) ол сақтандыру сомасынан кем болмауы тиіс
4) ол тек нақты шығын мөлшеріне тең
5) оны сақтандырушы белгілейді

127. Сақтандыру өтемі – бұл:


1) сақтандыру жағдайы орнағанда төленетін сома
2) объект сақтандырылған шарттың сомасы
3) сақтанушы төлеуі тиіс сома
4) шарттың бағасы
5) сақтанушы төлеп тұратын сома

128. Сақтандыру өтемінің мөлшері қандай?


1) нақты шығын көлемінде
2) шығын көлемінде
3) сақтандыру төлемі шегінде
4) сақтандыру сомасы шегінде
5) сақтандыру өтемі шегінде

129. Қос сақтандыру – бұл:


1) бір объектіні әр түрлі сақтандырушы жеке-жеке сақтандыруы
2) бірнеше сақтандырушы бірігіп бір объектіні сақтандыруы
3) бірнеше пайда алушыны бір шартпен сақтандыру
4) бір шартпен бірнеше объектіні сақтандыру
5) қайта сақтандыру

130. Қос сақтандыруда сақтандыру өтемінің сомасы қалай бөлінеді.


1) ол нақты шығыннан аспауы тиіс
2) ол сақтандыру жарнасынан аспайды
3) ол сақтандыру сомасынан кем болмайды
4) шарттардың біріндегі сақтандыру жарнасынан аспауы тиіс
5) ол сақтандыру төлемінен кем болмауы тиіс

131. Сақтандырудың қай түрінде пайда алушы болып табылатын бірнеше сақтандырылған тұлға бар?


1) топтық сақтандыру
2) қайта сақтандыру
3) қос сақтандыру
4) қосалқы сақтандыру
5) көп сақтандыру

132. Қайта сақтандыру – бұл:


1) сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша міндеттерін сақтандыруы
2) бірнеше объектіні бір шартпен сақтандыру
3) объектіні бірнеше шарт бойынша әртүрлі сақтандырушыда сақтандыру
4) бірнеше сақтандырушының бір шарт арқылы сақтандыруы
5) бірнеше пайда алушыны жеке-жеке шартпен сақтандыру

133. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамаудың салдары қандай?


1) шарт жарамсыз болады
2) шарт жарамсыз болады, егер пайда алушы кәмелетке толмаған болса
3) шарт жарамсыз болады, егер сақтанушы кәмелетке толмаған болса
4) шарт жарамды
5) шарт жарамсыз болмайды, бірақ тараптар сотта куәларға сүйене алмайды

134. Міндетті сақтандыру шарты қай кезде күшіне енеді?


1) сақтандыру жарнасы төленгенде
2) келісімге келген кезде
3) соңғы сақтандыру жарнасы төленгенде
4) сақтандыру жағдайы орнағанда
5) шартқа қол қойылғанда

135. Жалпы ереже бойынша сақтандыру шарты өз күшін қай кезде тоқтатады?


1) алғашқы сақтандыру өтемі берілген кезде
2) сақтандыру сомасы төленгенде
3) соңғы сақтандыру жарнасы төленгенде
4) сақтандыру жағдайы орнағанда
5) алғашқы сақтандыру төлемі берілген кезде

136. Суброгация дегеніміз:


1) сақтанушының шығын өтеуге деген құқықтарының сақтандырушыға ауысуы
2) сақтандырушының ауысуы
3) сақтанушының ауысуы
4) сақтандыру шартын қайта жасау
5) сақтандыру жағдайын өзгерту

137. Есеп-несие қатынастары міндеттеменің қандай түріне жатады?


1) ақшалай
2) мүлікті меншікке беру
3) жұмыс орындау
4) материалдық емес делдалдық қызмет көрсету
5) біржақты әрекеттен туындайтын міндеттеме

138. Қай шартта заем беруші заем алушыға тек ақша беруге міндеттенеді?


1) банк заемы
2) лизинг
3) ссуды
4) факторинг
5) комиссия

139. Банк заемы шартының жазбаша нысанын сақтамаудың салдары қандай?


1) шарт жарамсыз
2) ешқандай салдары жоқ
3) тараптар куәларға сүйену мүмкіндігін жоғалтады
4) тараптар жазбаша дәлелдер ұсыну мүмкіндігін жоғалтады
5) тараптар мұндай шарт жасау құқығын жоғалтады

140. Қай шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиент) тапсырмасымен арнайы төлемақы үшін банк қызметін көрсетуге міндеттенеді?


1) банк қызметін көрсету
2) заем
3) банк заемы
4) ссуда
5) франчайзинг

141. Төлеу және ақша аудару әдістері қай актіде көрсетілген?


1) ”Төлеу және ақша аудару туралы” ҚР Заңы
2) ҚР Азаматтық Кодексі
3) ”Банк және банк қызметі туралы” ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы
4) ”Валюталық реттеу туралы” ҚР Заңы
5) ”ҚР Ұлттық Банкі туралы” ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы

142. Ақша жіберушінің шотынан ақшаны оның келісімінсіз алу үшін қолданылатын төлем түрі:


1) инкассо нұсқау
2) төлем тапсырмасы
3) чек
4) төлем карточкасы
5) банк шотынан ақша алу

143. Ақша төлеу немесе аудару туралы нұсқау алатын банк – ол:


1) бенефициар банк
2) делдал банк
3) алушы банк
4) ҚР Ұлттық Банкі
5) мемлекетаралық банк

144. Клиенттің бюджет алдындағы қарызын өтеу мақсатында оның банкте сақтаулы ақшасы қай кезекте алынады?


1) 3-ші
2) 4-ші
3) 2-ші
4) 1-ші
5) 5-ші

145. Клиенттің алғашқы талап етуі бойынша банкте сақталатын ақша толықтай немесе ішнара қайтарылатын салым түрі:


1) талап етілмелі
2) мерзімді
3) шартты
4) қысқа мерзімді
5) ұзақ мерзімді

146. Банк шоты шартының жазбаша нысанын сақтамаудың салдары қандай?


1) шарт жарамсыз
2) ешқандай құқықтық салдары жоқ
3) тараптар куәларға сүйену мүмкіндігін жоғалтады
4) тараптар жазбаша дәлел ұсыну мүмкіндігін жоғалтады
5) тараптар осындай шарт жасау мүмкіндігін жоғалтады

147. Қай шарт бойынша банк клиенттің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар пайдасына ақша аударуға міндеттенеді?


1) ақша аудару
2) факторинг
3) несие шарты
4) банк заемы
5) банк ссудасы

148. Банк салымы шартының пәні:


1) ақша
2) жылжымайтын мүлік
3) жылжитын мүлік
4) мүліктік құқықтар
5) бағалы қағаздар

149. Банк салымы шарты бойынша не төленеді?


1) пайыздар (проценттер)
2) тұрақсыз төлем
3) қайта қаржыландыру төлемі
4) сыйақы
5) заңдық тұрақсыз төлем

150. Азаматтың салымындағы ақшаның қозғалысын қандай құжат куәландырады?


1) депозиттік сертификат
2) сақтау кітапшасы
3) облигация
4) коносамент
5) акция

151. Банк шоты шартының тараптары:


1) банк және клиент
2) сатушы және сатып алушы
3) банк және сатып алушы
4) банк және сатушы
5) тапсырысшы және орындаушы

152. Банк шоты шартында көрсетілген барлық операцияларды орындау үшін коммерциялық заңды тұлғаға қандай шот ашылады?


1) есептесу шоты
2) бюджеттік шот
3) ағымдағы шот
4) корреспонденттік
5) контокорренттік

153. Банктердің клиентке шот ашу тәртібі қай актіде көрсетілген?


1) Екінші деңгей банктерінде клиенттерге шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы Ұлттық Банктің Ережелері
2) ҚР Азаматтық Кодексі
3) ”Валюталық реттеу туралы” ҚР Заңы
4) ”ҚР-ғы банктер мен банк қызметі туралы” Президенттің заң күші бар Жарлығы
5) ”Төлеу және ақша аудару туралы” ҚР Заңы

154. Нақты ақшаны қолданбай, ақша аудару арқылы төлем жасау қай уақытта аяқталады?


1) ақша аудару аяқталғанда
2) пайдасына төлем жасалған тұлға оны алғанда
3) борышқор төлем жасағанда
4) жіберушінің шотынан ақша қаражаттары өшірілгенде
5) заңда көрсетілмеген

155. Сақтаушының сақтаудағы затты жоғалтқаны үшін қандай жауапкершілік белгіленген?


1) заттың толық құны мөлшерінде
2) жүк беруші белгілеген мөлшерде
3) алынбай қалған табыс мөлшерінде
4) өз еркіне байланысты
5) жауапкершілік белгіленбеген

156. ¤кілдік қандай шарт арқылы рәсімделеді?


1) тапсырма
2) комиссия
3) жалдау
4) мердігерлік шарт
5) факторинг

157. Тапсырма шартының негізгі белгісінің бірін көрсетіңіз


1) консенсуалды
2) реалды
3) реалды және консенсуалды
4) консервативті
5) біржақты

158. Кәсіпкерлер атынан тұрақты түрде дербес өкілдік ететін тұлға:


1) коммерциялық өкіл
2) кәсіпкер
3) мекеме
4) әрекет қабілеттігі бар тұлға
5) коммерциялық емес ұйым

159. Ерікті өкілдік қандай құжатпен негізделеді?


1) сенімхат
2) сот шешімі
3) жағдайға байланысты
4) әкімшілік акт
5) лицензия

160. Коммерциялық өкілдіктің жарамдылығы төмендегі шарттардың қайсысы арқылы дәлелденеді?


1) тапсырма
2) факторинг
3) сақтау
4) франчайзинг
5) комиссия

161. Коммерциялық өкілдің қарапайым сенім білдірілген тұлғадан айырмашылығы қандай?


1) мәміледегі 2 тараптың да өкілі қызметін бір мезгілде атқара алады
2) берілген мүлікті жалға бере алады
3) берілген мүлікті үшінші тұлғаға бере алады
4) заттарды сатуға құқылы
5) кез келген уақытта шарттан бас тарта алады

162. Сенім білдірушінінң міндетіне қайсысы жатпайды?


1) мәмілелер жасауға тікелей өзі қатысу
2) сенімхат беру
3) сенім білдірілген тұлғаның шартқа сәйкес жасаған әрекеттерін қабылдау
4) шартты орындауға қажет құралдармен қамтамасыз ету
5) сенім білдірілген тұлғаның шығындарын өтеу

163. Бір тарап екінші тараптың есебінен, бірақ өз атынан бір немесе біренеше мәміле жасауға міндеттенетін шарт:


1) комиссия
2) тапсырма
3) факторинг
4) франчайзинг
5) комиссия

164. Бағасы 2 рет төмендетілген затқа деген комиссионердің құқығы:


1) комитентпен бағаны төмендету жөнінде келісу
2) тауарды жалға беру
3) тауарды несиеге сату
4) тауар бағасын көтеру
5) тауарды басқа комиссионерге беру

165. Делькредере – бұл:


1) 3-ші тұлғаның шартты орындайтынына комиссионердің кепілдік беруі
2) орындау үшін жауапкершілік
3) орындау кепілдігі
4) тапсырма шарты
5) комиссионердің белгілі бір уақытта қызмет көрсету кепілдігі

166. Комиссия шарты бойынша мүліктің кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі кімде?


1) комиссионерде
2) комитентте
3) сатушыда
4) субкомиссионерде
5) ешкімде емес

167. Комиссионердің банкрот деп танылуының салдары қандай?


1) шарт тоқтайды
2) шарт жалғаса береді
3) комиссионердің құқықтары мирасқорларына ауысады
4) комиссионердің құқықтары қосалқы комиссионерге ауысады
5) заңда көрсетілмеген

168. Көрсетілген ұғымдардың қайсысы сақтау шартына қатысты?


1) секвестр
2) тапсырма
3) факторинг
4) кондоминиум
5) франчайзинг

169. Кәсіпқой емес сақтаушы мүліктің бүлінуі, жойылуы үшін жауапты ма?


1) кінәлі болса ғана жауапты
2) жауапты емес
3) барлық жағдайда жауапты
4) заңда көрсетілмеген
5) сот шешімімен анықталады

170. Сенім алушының міндетіне қайсысы жатпайды?


1) тапсырманы өз шығындары есебінен орындау
2) тапсырманы жеке өзі орындау
3) сенім білдірушінің талабы бойынша барлық өзгерісті хабарлап отыру
4) орындап болған соң қаражаттарды қайтару
5) мәміле нәтижесінде алынған затты сенім білдірушіге беру

171. Лизинг қандай шартқа жатады?


1) мүлікті жалдау
2) франчайзинг
3) тауар жеткізілімі
4) мүлікті тегін пайдалану
5) ақылы қызмет көрсету

172. Қандай жағдайда кәсіби сақтаушы мүліктің бүлінуі үшін жүк берушінің алдында жауапты болмайды?


1) мүліктің ерекшеліктері туралы ескертілмесе
2) егер төлемсіз қызмет көрсетілсе
3) шарттың мерзімі анықталмаған болса
4) мүлік ұрланса
5) мүлік сақтандырылмаса

173. Ломбардтан талап етілмеген зат қандай мерзім өткен соң сатылуы мүмкін?


1) 3 ай
2) 15 күн
3) 1 ай
4) 2 ай
5) 10 күн

174. Тауарларды сақтайтын және сақтау қызметін кәсіпкер ретінде жүзеге асырушы ұйым қалай аталады?


1) тауар қоймасы
2) ломбард
3) секвестр
4) банк
5) консорциум

175. Сақтау шарты бойынша варрант – бұл:


1) кепілдік куәлік
2) қойма куәлігі
3) жай қойма куәлігі
4) шарт түрі
5) сақтау шарты бойынша куәлардың түсіндірмесі

176. Қос қойма куәлігін ұстаушының қандай құқықтары бар?


1) қоймада сақтаулы тауарға толық билік ету
2) тауарға жартылай көлемде билік ету
3) мүлікті тек иелену
4) мүлікті тек пайдалану
5) қойма куәлігін басқа тұлғаға беру

177. Ломбардтың негізгі қызметі не?


1) несие беру
2) сақтандыру
3) жалдау
4) сақтау
5) сатып алу-сату

178. Факторинг шартының объектісі не?


1) ақшалай талап
2) жылжитын мүлік
3) жылжымайтын мүлік
4) жұмыс нәтижесі
5) қызмет көрсету

179. Жай серіктестік – бұл:


1) жеке тұлғалардың бірлескен қызмет туралы шарты
2) коммерциялық жеке тұлға
3) коммерциялық заңды тұлға
4) шаруашылық серіктестіктің бір түрі
5) коммерциялық емес заңды тұлға

180. Фра нчайзинг – бұл:


1) кешенді кәсіпкерлік лицензия
2) кепілдікпен қамтамасыз етілген несие беру
3) құқықтан бас тарту есебінен несиелеу
4) өнім дайындауға бір рет берілген несие
5) табиғат объектілерін уақытша пайдалануға беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет