Сүт – адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенгенді үйренген секілді. Келе – келе біздің ата – бабаларымыз сүтті рәсуа етпей сақтау жағын да ойластырған, сондай – ақ құрамында майы, ақуызы, дәрумендері бар сүтті саууға тырысқан.Осы жағдайға байланысты сүт тағамдары дүниеге келсе керек.
Сөйтіп, сүтті ашытып – сусын, қайнатып – құрт, ірімшік, тағы басқа тағамдар дайындаған. Бұл баға жетпес тағамдар талай ғасырлардан бері өз мәнін жойған жоқ. Қазіргі таңда осы сүт өнімінен жасалған тағамдардың сапасын мемлекеттік стандартқа сәйкес бақылау жүзеге асырылуда.
Жобаның тұжырымдамасында ешкінің сүт өнімдерін нарыққа шығару мақсатында зауыт ашуды қарастырады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс алу болып табылады..
Өнімнің негізгі түрлері сүт өнімдері мен түбіті және еті болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның өнімдерін тұтынушылар - облыстың және Орал қаласының халқы болып табылады.
Өнімнің басымдылығын мыналар құрайды:
- жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану;
Ешкі қораға арналған орын-жайдың жалпы алаңы 672 шаршы метрді құрайды.
Бұл бизнес – жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігінің көрсеткіші ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде жобаның бастапқы өлшемдері өзгеруі мүмкін. Шығаруға жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың айырықша ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің сипаттамасы
Ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді.