Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет55/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150
Тақырып – 13
ШАРТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ.


Сатып алу - сату шарты.

1.Сатып алу, сату шартының ұғымы.


2.Шарттың мазмұны.
3.Шарт тараптары, олардың жауапкершілігі.
4.Сатып алу, сату шартының түрлері.


1. Сатып алу- сату шартының ұғымы.
Сатып алу, сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді. Сатып алушы бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді.
Сатып алу, сату шарты – екі жақты, консенсуалды, ақылы шарттарға жатады.
Сатып алу, сату шарты бұл – мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді,олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Сатып алу сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шарты сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Сатып алу сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу - сату шартының түр-түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Ғ. А. Жайлиннің айтуы бойынша болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу – сату шартына ерекше бөлімде 25-ші тарауда мазмұнданған жалпы нормалары тарайды.
Сатып алу – сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шаттық, талаптарға сәйкес анықталады. Оған ҚР АК 152 –ші бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданылады.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттармен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бол алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Сатып алу-сату шартының н,ысаны оның бағасына, суъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған ҚР АК 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады:
Біріншіден, бұл - сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл – адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас.
Ең соңында, сатып алу-сату шарты бұл – азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан – құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін екітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет