Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет53/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Кездейсоқ ережелер: -жай ережелерді өзгертеді немесе толықтырады; -заңды күшке оларды шарт мәтініне енгізген жағдайда ғана ие болады.
Шарттың нысаны мәміле нысаны туралы ережелерге (АК 151-155баптар) сәйкес анықталады.
2. Шарттардың жекелеген түрлері.
Құқықтық қатынастың пайда болу уақыты бойынша: 1)консенсуалды және 2)реалды ажыратылады.

Заңды бағытталуына байланысты: 1)негізгі шарт; 2)алдын-ала жасала-тын шарт, ол бойынша тараптар алдын-ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда болашақта негізгі шарт жасасуға міндеттенеді (390-бап).
Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасы бойынша:1)бір жақты (біржақты міндеттеуші); 2)екі жақты (екі жақты міндеттеуші) болып бөлінеді.

Шарт кімнің пайдасына жасалғандығына байланысты: 1)қатысушылардың пайдасына жасалған шарттар; 2)үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар(391-б.) болып бөлінеді.
Қарсы қанағаттандыру болуына байланысты (384 бап): 1)ақылы шарт; 2)ақысыз шарт болып бөлінеді.
Шартты жасау ерекшеліктері бойынша: 1)өзара келісілген шарт, 2) қосылу шарты (389-б) ажыратылады.

Оған жүгінген әркімге қатысты жүзеге асырылуы тиіс, коммерциялық ұйымның қызмет етуінің ерекшеліктері бойынша (387-б) жария шарт ажыратылады.
3. Шартты жасасу және шартты өзгерту және бұзу негіздері.
Тараптардың арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептелінеді. Шарт, тараптардың бірінің оферта (шарт жасауға ұсыныс) жіберуі және басқа тараптың оны акцептеуі(ұсынысты қабылдауы) арқылы жасалады. Оферта жібеоеген тарап акцепті алған сәттен бастап шарт жасалды деп есептелінеді (АК 397-бап)
Офертаға қойылатын талаптар(АК 395-бап). Оферта: 1)Бір немесе бірнеше нақты тұлғаларға бағытталуы қажет; 2)Жеткілікті дәрежеде айқын болуы қажет; 3)Ұсынысты жасаған тұлғаның адресатпен шартты жасау ниетін көрсетуі қажет; 4)Шарттың елеулі ережелерін қамтуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет