Тақырып – 16
Авторлық,сабақтас және онертабыс құқықтар
Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)
Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары
Сабақтас құқықтардың объектілері мен субъектілері
Сабақтас құқықтардың қолданылуы
Лицензиялық шарт және патенттік шарт
1. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.
2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
3. аталған белгiлерi бар және дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының бiр бөлiгi (оның атауын , кейіпкерлердің атауларын қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды.
Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар ;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлiк туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар ;
7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негіз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектілері болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады
Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары
1. Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:
1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);
3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы).
Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.
Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4) белгiсiз тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа жария ету құқығы).
2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.
3. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |