Азаматтық құқықтың қайнар көздері — Оларға ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық құқық кодексі,нормативтік құқықтық актілер.
Заңды тұлға дегеніміз – ол жеке меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, немесе жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі бар, сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап қайтаратын, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарға және міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер болатын ұйым.
Азаматтық құқық объектісі дегеніміз - ол азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталатын (ықпал ететін) заттар.
Мәмілелер-азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері
Өкілдік - өкілдік берушінің атынан өкілдің сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмлесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттері
Сенімхат - бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.
Талап қою мерзімі – тұлға (адам) құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі
Ортақ үлесті меншік, яғни ортақ үлестік меншік құғындағы меншік иелерінің әрқайсысының үлестері анықталған ортақ меншік түрі.
Ортақ бірлескен меншік, яғни қатысушылардың үлестері белгіленбеген ортақ меншік.
Міндеттемелік құқық – бұл мүлікті берумен, жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты туындайтын міндеттемелік қатынастарды ретейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.
Шарт - бұл екі немесе одан да көп тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі
Жария оферта-шарттың барлық елеулі ережелерін қамтитын ,ұсыныс жасаушы тұлғаның кез келген хабар алушымен ұсыныста көрсетілген жағдайларада шарт жасасу еркі көрінетін ұсыныс.