Азаматтық құқық жүйесіне тоқтайтын болсақ, азаматтық құқық, өзге құқық салалары сияқты, жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Олардың әр қайсысының өз зерттеу нысанасы, өз нормалары мен институттары бар. Сонымен бірге жүйенің екі бөлімі де бір бірімен тығыз байланысты және арақатынаста болады. Тәжірибеде құқықты қате қолданудың себебінің бірі болып, әр бөлімнің нормаларын бір бірінен бөлек, жүйесіз қолдану: мысалы, ерекше бөлімнің нормаларын жалпы бөлімнің ережелеріне байланыссыз қолдану танылады. ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар. Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халқаралық жеке құқық.
Азаматтық құқық саласына қарағанда, азаматтық құқық ғылымы оның дамуын зерттейді, азаматтық заңдарды талдайды, жалпы ғылыми әдістерге, салыстырмалы құқықтану әдістеріне және арнайы әдістерге сүйене отырып әр түрлі ғасырлар, әр түрлі мемлекеттер, әр түрлі құқық жүйелері заңдарын салыстырып бағалайды. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының дамуына, оның нормаларының, институттарының қалыптасуына және дамуына, континенттік құқық жүйесінің негізі болып танылатын рим құқығы нормаларының рецепциясы әсер еткен және сонымен бірге соңғы жылдары ағылшын–саксон құқық жүйесінің нормалары да әсер етеді. Соның нәтижесінде, Қазақстанда акционерлік қоғам, мүлікті сенімгерлікпен басқару институттары еңгізілген.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері — Оларға ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық құқық кодексі,нормативтік құқықтық актілер,Азаматтық құқық пәні,бағалы қағаздар жатады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздерінде заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байлансты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер: 1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілерден; 2) заңдарға сәйкес азаматтық –құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан; 3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен; 4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде; 5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интетеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде, 6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан; 7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан; 8) заңдар азаматық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Сонымен, азаматтық құқық дерекнамалары (қайнар көздері, бастамалары) – ол азаматтық құқық нормаларынан тұратын нормативтік құқытық актілер жиынтығы болып танылады. Азаматтық құқытың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Онда барлық меншік түрлерінің теңдігі, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы, т.б. бекітілген. Аса маңызды заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексы болады. Ол 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда өз күшіне енген Жалпы бөлімнен және 1999 жылы 1 шілдеде қабылданып өз күшіне енген Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық зањдардың құрамы қылмыстық, әкімшілік, жер құқығы және өзге де заңдар құрамына қарағанда өте кең болады. Мысалы, азаматтық құқық қайнар көздеріне мүліктік қатынастарды реттейтін көптеген заңдар мен заңға тәуелді актілер кіреді. Азаматтық құқық дерекнамалары ретінде халықаралық шарттар рөлін де атап өту қажет.
Бұл мәселені зерттеуде 1998 жылғы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңын қосымша қолдану қажет болады. Және де «Мемлекет және құқық теориясы» пәнін оқу кезінде алған білімдерге сүйене отырып азаматтық құқықтық актілерінің уақытта, кеңістікте және қатысушыларына қарай қолданылу мәселесін меңгере білген жөн. Сот тәжірибесі болып азаматтық құқық қайнар көзі ретінде: тек ғана Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары қолданылуы мүмкін.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Азаматтық құқық пәні және әдістері.
Азаматтық құқық қағидалары (принциптері) және жүйесі.