Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің басталуы (173-б): Күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады



бет29/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150

Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің басталуы (173-б): Күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады.

Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің аяқталуы

Немен есептеледі

Қашан бітеді

Жылдармен

Мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді.

Апталармен

Мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді.

Айлармен

Мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.

Жарты жылмен

Жыл тоқсандарымен (тоқсан үш айға тең, оны есептеу жылдың басынан жүргізіледі)

Жарты аймен

15 күн өткеннен кейін өтеді

  • Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады. (175-б) Мысалы, 1- қаңтарға келетін мерзімнің соңғы кезі 3-ші қаңтарда орын алады деп саналады.

  • Егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат 24 00 дейін орындалуы мүмкін. (176-б) Мысалы, қарызды осы күннің кез-келген сәтінде төлеу борышқордың өз міндеттерін келісілген мерзімде орындалғандығын білдіреді және міндеттемені тоқтатады. Жоғарыда белгіленгенережеден өзгешілік мекемелерде немесе ұйымдарда жасалатын әрекеттер үшін белгіленген. Мұндай жағдайда әрекет жасау мерзімін соңғы күні бұл ұйымдарда жұмыстың не тиісті операцияларды жүргізуді (мысалы, нотариат депозитіне ақшаларды қабылдау, нотариалды контораның жұмыс күнінің кешкі 6-да бітуіне қарамастан, күндізгі 12-ге дейін жүргізілетіндігі белгіленуі мүмкін) тоқтату сәтінде бітеді.

  • Мерзімнің соңғы күнінде сағат 24-ке дейін почтаға, телеграфқа немесе өзге байланыс мекемесіне тапсырған жазбаша мәлімдемелер (мыс, жеткізілген тауарлар сапасының лайықсыздығы туралы шағымдар) мен хабарламалар (мыс, мердігердің өткізілген жұмыстарды өткізуге дайындығы туралы ) мерзімінде жасалған болып есептеледі. (176-б. 2-т.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет