Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Келтіру принципіне негізделген жауапкершілік



бет52/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Келтіру принципіне негізделген жауапкершілік үшін міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамағандық үшін жауапкершіліктен борышкерді босатудың басты негізі жойқын күш болып табылады. Егер дүлей күш пен борышкердің міндеттемені орындамауы немесе дұрыс орындамауы арасында себептік байланыс болса ғана, дүлей күш, келтіру принципіне негізделген жауапкершіліктен босатудың негізі болып саналады.
Жалпы ереже бойынша, дүлей күш, АК-ның 359-бабының 2-тармағына сәйкес, міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамды кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда жауаптылықтан босатады.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Міндеттеме түсінігі және түрлері.


2. Міндеттемеге қатысушылар. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.
3.Міндеттемені орындаудың түсінігі және принциптері.
4.Міндеттемені орындау нысанасы және тәсілі.
5.Міндеттемені орындау мерзімі және орны.
6.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түсінігі, белгілері және түрлері.
7.Кепілпұл. Кепілдік және кепіл болушылық.
8.Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түсінігі және нысандары.
9.Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік шарттары.
10.Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершіліктен босату негіздері.


Тақырып - 12.
Шарттар туралы жалпы ережелер.

1. Шарттың ұғымы және мазмұны.


2. Шарттардың жекелеген түрлері.
3. Шартты жасасу, шартты өзгерту және бұзу негіздері.


1. Шарттың ұғымы және мазмұны.
Шарт - бұл екі немесе одан да көп тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі (АК 378-бап).
Шарттарды жасаудың негізгі принципі – шарт еркіндігі (380-б.)
Шарттың мазмұны ретінде сол бойынша тараптардың келісімге келген ережелері түсініледі. Шарттың мазмұны елеулі ережелерден, жай ережелерден және кездейсоқ ережелерден тұрады.
Шарт жасау үшін қажетті елеулі ережелер(393-бап) өзіне:-шарттың мәні туралы ережелерді; -заңдарда елеулі деп танылған ережелерді; -шарттардың сол түрі үшін қажетті ережелерді; -бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелерді қамтиды. Елеулі ереженің біреуі бойынша тараптар келісімінің болмауы кезінде шарт жасалмаған болып есептеледі.
Жай ережелер – бұл, егер тараптар өздерінің келісімдерімен өзгеше белгілімесе, диспозитивті нормалармен белгіленген ережелер, және олар шарт жасау сәтінде немесе өзге сәтте бірден әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет