Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
Тақырып - 14. Зиян тигізуден туындайтын міндеттемелер.
Зиян тигізуден туындайтын міндеттемелерге жалпы сипаттама.
Билік органдарының актілерінен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
Кәмелетке толмағандардың және әрекет қабілеті жоқ тұлғалардың келтірген зияны үшін жауапкершілік.
Жоғары қауіп көзінен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
Тауарлардағы жұмыс нәтижелеріндегі және қызмет көрсетулердегі кемшіліктерден келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
1. Зиян тигізуден туындайтын міндеттемелер мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар сферасына таралады. Олар шарттан тыс болады және тек құқық бұзушылық емес, басқа да жағдайлардан туындауы мүмкін. Азаматтық заң келтірілген зиянның толық мөлшерде өтелуі туралы ереже бекіткен және зиянды өтеу тек зиян келтірушіге ғана емес, басқа тұлғаларға да жүктелуі мүмкін.
Заңды тұлғалар да жеке тұлғалар сияқты зиянды өтеу қатынасына кредитор және борышқор ретінде қатыса алады. Заңды тұлға жұмыскерінің қызмет бабындағы әрекеттері заңды тұлғаның әрекеттері деп танылады.
Зиян тигізу әрекеттері құқыққа қайшы болады. Құқыққа сәйкес әрекет арқылы зиян келтірілсе ол өтелуге жатпайды (АК 919 б.). Мәжбүрлі қажеттілік орын алғанда оны зиян келтіруші немесе соған мүдделі болған тұлға немесе екеуі бірігіп өтейді. Тек сот өз бастамасымен зиян өтеу мөлшерін төмендету немесе мүлдем өтемеу туралы шешім шығаруы мүмкін. Бірнеше тұлға бірігіп зиян келтірсе, АК 932 бабына сәйкес ортақтасқан жауапкершілік тартады. Сот жәбірленушінің талабы бойынша және соның мүддесі үшін оларға үлесті жауапкершілік белгілеуі мүмкін. Келтірілген зиянды толық өтеген тұлға басқа зиян тигізушілерден өз шығындарын регресстік тәртіппен талап ете алады. Олардың зиянды өтеу мөлшері кінәсіне сәйкес үлес мөлшерінде болады. Кінәні анықтау мүмкін болмаса үлестер тең болады.
Өз жауапкершілігін сақтандырған тұлға сақтандыру өтемі мен келтірілген зиянның арасындағы айырмашылық мөлшерінде жауап береді. Келтірілген зиян мүлікті бүлдіру немесе жою, табысты жоғалту, еңбек қабілетінің жойылуы немесе төмендеуі, асыраушысынан айырылу, емделу т.б. шығындар, физикалық және рухани күйзеліске түсу және т.б. сипатта болады.