Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі


Орындаушы пневматикалық қондырғылар



бет62/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Конспект лекций по МЖГ на каз

5.Орындаушы пневматикалық қондырғылар.

Пневможетектің орындаушы қондырғылары деп вакуум мен ауаның артық қысымын жұмыс күшіне түрлендірілуін қамтамасыз ететін механизмдерді айтады. Егер жұмыс органы пневмоқұрылғыға қатысты қозғалыс жасайтын болса ол пневмоқозғалтқыш болады, ал қозғалыс жоқ немесе ол пневмоқұрылғымен бірге жүретін болса, ол пневмоқысқыш деп аталады.


Пневмоқозғалтқыштар гидроқозғалтқыштар сияқты айналмалы немесе түспелі қозғалысты болып, сәйкесінше пневмомотор немесе пневмоқозғалтқыш деп аталады. Олардың құрылымы гидроқозғалтқыштарға ұқсас келеді.
1 корпуста 2 цилиндрлер мен 3 поршеньдер симметриялы орналасқан. Поршеннен келген күш 5 валға 4 шатун арқылы беріледі. Сығылған ауа 8 каналдар арқылы жұмысшы камераларға келеді. Каналдар кезекетесе кіріс Вп және үрлемелі Вх 6 үлестіруші золотникпен байланысқан. Золотник мотор валымен синхронды түрде айналады, ол 7 үлестіруші құрылғы корпусында орналасқан.
Радиалды-поршендік пневмомоторлар салыстырмалы түрде вал айналу жиілігі 1000-1500 айн/мин болатын жайжүргінді машиналарға жатады. Тез жүретіндері алтылық және пластиндық моторлар (2000...4000айн/мин), бірақ ең жылдам жүретіні (20000 айн/мин дейін) турбиналық пневмомоторлар болады, мұнда сығылған ауа ағынының кинетикалық энергиясы қолданылады.
Мұндай моторлар таулы өнідірістерде желдеткіштердің жұмыс дөңгелектерін жүргізу үшін қолданылады.

11.6сурет (а) көлемдік және (б) динамикалық қозғалысты пневмомотор сызбалары.


11.6 суретте 9 ступицадан, және пневмомотор қалақша бекітілген 10 қалақшасынан тұратын желдеткіш дөңгелегінің пневможетегінің сызбасы көрсетілген. 2 сопладан шығатын сығылған ауа ағыны 11 майысқан қалақшалар бойынша өз энергиясын беріп желдеткіш дөңгелегін одан үлкен жылдамдықпен айналдыруға әкеледі. Сипатталған құрылғы жоғары қысымды ауа ағынын төмен қысымды көпшығынды ағынға пневмотүрлендіргіш деп атауға болады.
Пневможетек қармайтын, қосатын,тежегіш механизмедрде кең таралған. Оларға салыстырмалы түрде шток жүрісінің аз жылдамдықты мембранды және сильфоны пневмоцилиндрдер жатады.Тегіс резеңке мембрана штокты өз диаметрінен 0,1....0,5 шамаға ығыстыруға мүмкіндік береді. Мембрананын гофрленген чулок ретінде жасайтын болсақ жұмыс жүрісі бірнеше мембрана диаметріне үлкейеді.Мұндай пневмоцилиндрлер сильфонды деп аталады.Ауаның келуі сыртқы және ішкі болуы мүмкін.Бірінші жағдайда гофрланған құбыр ұзындығы қысым әсерінен кішірейсе, екінші жағдайда гофрдың деформациясы әсерінен үлкейеді. Майысқыш элемент ретінде резеңке, резеңкематалы және синтетикалы материалдар, болат, латунь т.б қолданылады.
Беттік бұйымдарды ығыстыру үшін жиі вакуумды қармауға жататын насосты және насоссыз пневмприсоскалар қолданылады. Насоссыз қармау түрінде вакуум К жұмыс камерасында қармаудың өз элементтерінің иілгіш тарелка тәріздес деформациясы кезінде пайда болады. Бөлшекті көтеру кезіндегі вакуум шамасы оның салмағына тең және 55 кПа дан аспайды. Тегіс емес беке тартылыс үшін әдетте насос типтегі қармауды қолданады, мұнда ауа жұмыс камерасынан вакуумның 70...95 кПа тереңдігінен сорылып алынады.





Жиі эжекторлы типтегі қарапайым құрылғыларды қолданады(11.7 сурет,б) оларда сұйықтың ағынының кинетикалық энергиясы П сорғышы мен бөліктер арасында ораналасқан К камерасынан ауаны сорып алу үшін қолданылады. А кірісіне түсіп келетін сығылған ауа үлкен жылдамдықпен Б эжекторының сопласынан өтіп, В камерасында және Г каналында төмен қысым орнатады.

Цилиндрлік форма бөліктерін қысу үшін пневмоқармау ұолданылады, олар (11.7 сурет) в және г сызбалары бойынща орындалады. Ауаның жұмыс камерасына келгенінде К цилиндрлік қақпағы вал мойнын қармап оны қысу үшін жеткілікті күш тудырады. Г схемасында екіжақты пневмоқармау берілген, оның жқмыс элементтері біржақ гофралы сильфондар болып табылады. Сильфонның ішінде асқын қысым тудырғанда гофрланған жағы тегіс жағына қарағанда үлкен ұзындыққа созылады, ол қармаланған бөлікке қарай бекітілмеген құбыр жағын орналастыруға әкеледі.


Кейбір жағдайларда жұмыс органдарын 10.....20м немесе одан да үлкен қашықтыққа тіксызық немесе қисық траектория бойымен апару қажеттілігі туады. Қарапайым штокты пневмоцилиндрді қолдану 2м. ге дейінгі жұмыс жүрісіне дейін шектелген. Осы талаптарға сай штоксыз пневмоцилиндрлер 11.8 суретте көрсетілген.



11.8.сурет Келетін қозғалысты штоксыз пневможетектің сызбасы.


Қатты штоктың болмауы шығыңқы күйдегі цилиндр ұзындығын екі есе кішірейтуге мүмкіндік береді. а сызбасында күшті тұрақты магнит арқылы беретін ұзынжүрісті пневможетек берілген. Цилиндрдің абсолютті герметикалық гильзасы магнитсіз материалдан жасалған, ал оның ішкі қуыс поршень арқылы екі камераға бөлінген, бұл камераларға сығылған ауа келеді. Жұмыс орган бойынша байланысқан К поршені мен кареткасында магниттің қарама-қарсы полюстері S және N орналасқан, олардың өзара қатынасы гильзаның сыртқы бетінде бағыттағыштары бойынша сырғанайтын кареткаға қозғалыс күш берілуін қамтамасыз етеді. Каретка жүрісі У -ң шектік тіректерімен шектеледі.


К кареткасына бекітілген екі дөңгелекпен қапталған жұмсақ гильзалы пневмоцилиндрдің жүріс ұзындығы шексіз болады. (11.8 сурет ).Ондай пневмоцилиндрлер жекелеген жүктерді күрделі траектория бойынша аз жұмыс шарттарында жылжытуға пайдалы.
Иілгіш штокты пневмоцилиндр 11.8 сурет сызбасында көрсетілген. Осындай құрылымда күштік әсер поршеннен К кареткасына иілгіш элемент арқылы беріледі(әдетте жұмсақ пластмассамен қапталған болат арқан болады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет