Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі


«Тіл ұстарту- оқушыларды шығармашылыққа баулу»



бет6/8
Дата07.01.2022
өлшемі84,76 Kb.
#20365
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жанел

«Тіл ұстарту- оқушыларды шығармашылыққа баулу»

Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі ақпараттық технологияның даму кезеңінде өте қажет. Шығармашыл дегеніміз-оқушының белсенділігі мен дербес әрекетінің ең жоғары түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет- оқу- тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер - адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді. Ұстаз жас жеткіншектің жан – жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетті келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқушыларға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.[14]

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).

3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.

Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру — оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді. Бұл орайда оқушыларға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор.[15]

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:



  • оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;

  • сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

  • шығармашылық ой — өрісі артады;

  • кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

  • ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

  • мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;

  • оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

  • білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;

  • өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;

  • тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

  • оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;

  • дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;

  • дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;

  • бәсекелестік қабілеттері дамиды;

  • мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақтар түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер оқуға және әдістемелік журналдармен жұмыстар жасауға жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.[16]

Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады; пәндік теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.

Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет — оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау.

Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай етіп тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді.

Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні– оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту — білім саласының өзекті мәселесі.

«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мына жолдарды есте ұстанған жөн:

1. Сабақты халық педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту

Оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі — халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт — дәстүрді, әдет — ғұрыпты қастерлеп құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген абзал. Халық педагогикасының түрлерін сабақта пайдалану — оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді екені мәлім.

2. Өнермен байланыстыра оқыту

"Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі"

(Мұхтар Әуезов).

Көркемөнердің бір саласы болып келетін әдебиет пәнінің басты құралы — сөз өнері. Ендеше "Әдебиет пен өнерді" байланыстыра оқытуды жүйелі түрде сабақ барысында қолдану нәтижесі жоғары жетістіктерге жетелейді;

3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б)

Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят бола алатын тақырып таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті таңдалған уақытта оқушылардың этикалық — эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.

4. Сыныптан тыс шығармашылық жұмыстарды өткізу (Мысалы: "Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы, жыр мүшәйраларын өткізу, Абай, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс, Мұқағали оқулары, ақындар айтысы, т.б.)

Осы орайда оқыту үдерісін ұйымдастыру, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың әсерлігін арттыру — оқушы қабілетін анықтауға негізделген маңызды әрекеттер екені сөзсіз.

5. Ғылыми — зерттеу жұмысына баулу, бағыттау

Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады.

Шеберлік — сөздің орнын таба білу. Әрбір сабақ басталар алдында оқушыны қызықтырып әкететіндей кіріспе ойлап табу керек. Бейнелі сөздер, қызықты мәлімет, тартымды үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Біздің мақсатымыз — мұғалімді тыңдап қана отыратын, сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес, керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат даярлау.

Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс — әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары — оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.

Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу — мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс.

Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын А. Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын жүргізудегі басты міндет — шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой — түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс».[17]

Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер, диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту мақсатында жүргізіледі, яғни, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл — ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады.

Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.

Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.

Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол — оқушылардың шығармашылық еңбегі.

Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат — оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машықтандыру.

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі — мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен сөйлемдерді бір — бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мазмұндама жаздыру- оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы — қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар:

1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3.Шығармашылық іс- іс-әрекетке жағдай туғызу

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:



  • Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау

  • Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру

  • Шығарма, шағын әңгіме құру

  • Сөзжұмбақ құру, шешу

  • Қиялдау арқылы сурет салу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдікбілім кеңістігіне ұмтылу — мектеп оқушыларыныңдербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі меншығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талапетеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқыпжүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайындапайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұлміндеттердің жүзеге асуы оқушылардыңшығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлыұйымдастыруға тікелей байланысты.

Шығармашылық — танымдық іс-әрекет нәтижесіболып табылады. Осы жерде шығармашылықұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігіменерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім менбіліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы.

Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесіндешығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушыныңжеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері баррефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және соләрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түрінесәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталыпотыр.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындаушығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясыкезеңдерімен жүзеге асады.Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оныжоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік,қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқтыкөптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетінтиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет.Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінжетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасубелгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындаумүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ— танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пәнбойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсенеқатысуымен ерекшеленеді.

Екінші топ- ізденіске ұмтылады, бірақшығармашылық тапсырмаларды орындауға барлықуақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді.

танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерінтабуға құлшыныс білдіреді; тапсырмалардыорындауда мұғалім көмегін кажет етеді.

Үшінші топ— шығармашылық сипаттағытапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігітөмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмалардыұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оныорындауда көмекті қажетсінеді.

Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарынзерттеу — мәселені дамытып, жетілдіру тетігінанықтауға және мынадай тұжырымдар жасауғамүмкіндік береді:



  • оқушылардың шығармашылық дербестігіндамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруғаболады;

  • танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғарықарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйеменжүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

  • танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырубіліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуыоқушыларды шығармашылыққа баулиды;

Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындаумүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыстүрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.Танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттеріндамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық».

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.

Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.

Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.

Әдебиет — сөз өнері. Әдебиет — әсемдік әлемі. Адам жанына жалын шашатын да, сәби жүрегіне адамгершілік нұрын шашатын да — әдебиет. Әр оқушы — бір Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін — мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек. Ол үшін оқытудың түрлі тиімді тәсілдерін меңгеріп, оны күнделікті сабақта қолдана білуі тиіс.

Педагог К.Д. Ушинский былай деген: “Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек”. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Оқу арқылы өзінің ой–өрісін, шығармашылық қабілетін дамыта алатын жеке тұлға қалыптастыруымыз керек.

Тіл сабақтарында оқушы шығармашылығын дамыту үшін мұғалім өзінің шеберлігіне, өтілетін тақырыбының мазмұнына байланысты кітаппен жұмыс істеудің әртүрлі жолдарын тапсырмалар беру арқылы іске асырады.

Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой–пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да рөлі зор. Сабақ үрдісінде материалды салыстырып қарама–қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді.

Қазақ тілі сабағында шығармашылық жұмыстардың сан алуан түрі жүріп отырады. Шығарма, мазмұндаманы айтпағанның өзінде сурет салу, сөйлем талдау, теориялық ереже шығару, елек құрастыру жүріп отырады.

Оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Күнделікті сабақтың сапалы өтуіне ыңғайлы тәсіл іздеймін. Тіл сабақтарында тақырыпқа байланысты ұйқас ұсынамын, соны пайдаланып өлең шығарады т.с.с.

Сабақтың еркін, қызықты өтуіне диалог–ертегінің де пайдасы бар деп білемін. Мұнда мұғалім ертегіні бастайды, оқушы аяқтайды. Әрине, бұл ауызша тіл ұстарту сабақтарында өткізіледі. Бұл оқушының қиялына ерік береді. Бұл жерде оқушының тілін дамыту, танымдық белсенділігін көтеру, ой–қиялын ұшқырлау сияқты іс–әрекеттер жүреді.

Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Оқушы шығармашылығын дамытуда СТО бағдарламасының пайдасы өте зор. Оны тиімді пайдалана білген адам үлкен жетістікке қол жеткізеді.

Ал баланың сөздік қорының дамуы оның қоршаған ортадан алған әсерімен тығыз байланысты. Олай болса, баланың тілін дамытуда адамдардың еңбек процесін, табиғат құбылыстарын бақылату және белгілі бір объектілерде топсаяхатқа апаруда басты роль атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет