Оқытудың әдістері мен тәсілдері: осы пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқытудың негізгі әдістері: оқу дискуссиясы; іздеу жұмысы; зерттеу әдісі; нақты жағдайларды талдау; жеке тапсырмаларды орындау; әртүрлі мәліметтермен жұмыс, коммуникативтік технологиялар (оқытудың белсенді нысандары мен әдістеріне негізделген) болып табылады.
Оқытудан қалыптасатын нәтижелер:
ОН 1. Тірі организмдердің тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін білу мен түсінуді көрсетеді.
ОН 2. Білімді және түсінуді кәсіби деңгейде қолданады, дәлелдерді тұжырымдайды және биология мен педагогикадағы мәселелерді шешеді.
ОН 3. Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
ОН 4. Үш тілді білім беру жағдайында Педагогика және биология саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін пәнаралық байланыстарды пайдалана отырып, теориялық және практикалық білімді қолданады.
ОН 5. Биология және педагогика саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын жетілдіреді.
ОН 6. Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін біледі және оларды педагогикалық зерттеулерде, білім алушылардың жеке дамуын түзету үшін қолданады.
ОН 7. Биология, аралас ғылымдар және педагогика саласындағы фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолданады, оларды трансформациялау бойынша идеяларды ұсынады, оларды іске асыру бойынша ұжымдарды ұйымдастырады
ОН 8. Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсінеді.
ОН 9. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың бейімделу бағдарламалары мен жеке траекторияларын әзірлейді.
Пререквизиттер: мектеп биологияның оқу курсы
Достарыңызбен бөлісу: |